Презентация, доклад по теме Ызғарлы желтоқсан

Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен тарихын бар қайғы-қасіретімен, қуаныш-сүйінішімен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауы шарт. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Қазақ халқы өзінің қалыптасу жолында талай

Слайд 1


Слайд 2Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу –

тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен тарихын бар қайғы-қасіретімен, қуаныш-сүйінішімен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауы шарт. Себебі, ол – тұтас құбылыс. Қазақ халқы өзінің қалыптасу жолында талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. «Біз – қазақ, ежелден еркіндік аңсаған...» дегендейін, халыққа бірде қайғылы, шерлі мұң сыйлаған, бірде айбынды, азат,  рух берген тарихтағы әрбір оқиға, әрбір шайқас азаттыққа жасалған  бір қадам болып келді. Үш ғасыр бойы орыс империясының құрсауында болған қазаққа, әсіресе, соңың соңғы Кеңестер одағы кезіндегі  жетпіс жылы ауыр тиді.
Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Халық өзінің өткен

Слайд 3Қазақ халқы өзінің тілі мен дінінен, ділі мен ұлттық болмысынан, салт-дәстүрі

мен әдет-ғұрпынан алшақтап, мәңгүрттене бастады. Ел зиялылары мен жанашырларының жанайқайы қызыл империя саясатының құрсауында тұншықты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ғасырлар бойы қазақ халқының басынан өткен соқтықпалы соқпақтың ең соңғы және ірі  адымы болды. Жылдар бойы сыздаған жараның аузы жарылды. Оған Қазақстан Республикасының басшылығына Г.В.Колбиннің бар-жоғы 18 минутта жасырын әрі халықтың намысына тиетіндей жағдайда тағайындалуы түрткі болды. 
Кеңестік дәуірдің тоталитарлық-әміршілдік өктемдігіне қарсы бейбіт жағдайда наразылық білдірген қазақ жастары М.С.Горбачевтің «қоғамды демократиялық бағытта  қайта құру» саясатына сенгендіктен осындай қадамға барған еді. Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға, ұлт араздығын қоздыруға байланысты ұрандар айтылған жоқ. Жиналған жастар заңды да, қоғамдық тәртіпті де бұзбады. Олар тек Орталық партия комитеті пленумының асығыс қабылдаған шешімімен келіспейтінін білдірген.   Орталық cаяси-бейбіт шеруді өздеріне төнген қауіп санап, оларға қарсы күш қолданумен жауап берді. 

Қазақ халқы өзінің тілі мен дінінен, ділі мен ұлттық болмысынан, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан алшақтап, мәңгүрттене бастады. Ел

Слайд 5Алматыға орталықтың ішкі әскери бөлімдері келтіріліп, олар сойыл, саперлік күректермен, қызмет

иттерімен қаруланып, наразылықты қуып таратуға бел шеше кірісті. Наразылық білдірушілер мен қарулы күш арасында қақтығыстар туындап, түрлі оқиғалар орын алды. Жастар шеруін басып-шаншуға байланысты құқық қорғау бөлімдері заңдылықты өрескел бұзып, ұсталғандарды ұрып-соқты, тепкіледі, жиналғандарды автокөлікке тиеп, қала сыртына апарып тастады, су шашты, уақытша ұстау орындарындағыларды бірнеше күн аш ұстады. Орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан Желтоқсан оқиғасы экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланып, оған «қазақ ұлтшылдығы» деген айып тақты.
Алматыға орталықтың ішкі әскери бөлімдері келтіріліп, олар сойыл, саперлік күректермен, қызмет иттерімен қаруланып, наразылықты қуып таратуға бел

Слайд 7Орталық Комитеттің нұсқауларына сәйкес Қазақстан аумағында  Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау, қудалау

үрдістері  жаппай жүзеге асырылды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды, тергеу қысқа мерзімде үстірт әрі айқын айыптау бағытында жүзеге асырылды. Сол кезеңде республикада 707 адам әкімшілік қамауға алынып, 99 адам сотталған, 57 адам партия қатарынан шығарылып, 210 адам партиялық жазалауға іліккен, 758 жас комсомол қатарынан, 266 студент жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан шығарылып, 1164 жас комсомолдық жазаға тартылған. Желтоқсан оқиғасынан кейін қазақ жастарын  жоғары оқу орындарына қабылдау да қиындай түсті. Мәселен, 1985 жылы Қарағанды жоғары милиция мектебі абитуриенттерінің 61 пайызы қазақ болса, келесі жылы оның саны 27,5 пайызға дейін кеміген. 1987 жылы 90 мыңнан астам қазақ жастары өзге республикаларда жұмыс істеуге мәжбүр болған. 
Орталық Комитеттің нұсқауларына сәйкес Қазақстан аумағында  Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау, қудалау үрдістері  жаппай жүзеге асырылды. Олардың үстінен

Слайд 9Ақын М.Шаханов «Желтоқсан көтерілісі– ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Біздің халқымыздың

тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашу-ыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола отырып, азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі үш жүзден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы, егемендікке бастағаны – Желтоқсан көтерілісі». Желтоқсан оқиғасы – елді, бүкіл Кеңестер одағын елең еткізген айтулы оқиға, Қазақ тарихында мәңгі қалатын, өзіндік орны бар көтеріліс. Сондықтан елдің әрбір азаматы 16 желтоқсанның  қасіретті күн екенін жадында ұстап, әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың  ақталған күні екендігін сезінуі шарт. Ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткен күн ретінде атап өтіп, әрі Желтоқсан құрбандарына тағзым ете жүру де керек. Өйткені, қазақ халқының ары да, мақтанышы да – Желтоқсан. Ол қазақта Қайрат, Ләззат, Ербол секілді жігерлі, қайсар рухты талай жастың бар екенін дәлелдеді. Ызғарлы желтоқсан желі тоңдырса да, суық күнде өздеріне автомашинамен су атқыланса да Қазақ жастары өздерінің ұлттық, азаматтық рухына дақ түсірмеді. Олардың аңсаған арманы араға бес жыл салып жүзеге асты.  
Ақын М.Шаханов «Желтоқсан көтерілісі– ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Біздің халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының

Слайд 111984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді.

1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды.Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп

Слайд 15«ОН АЛТЫ ЖАСТА БОЛАТЫН»
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы
1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер

күшімен басылды. Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.
Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.

«ОН АЛТЫ ЖАСТА БОЛАТЫН»  Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер күшімен басылды. Бірақ, олар ойлағандай

Слайд 20Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ұлттық рухының биіктігіне бас ие отырып, олардың қанымен,

көз жасымен келген Тәуелсіздікті құрметтей білейік, ағайын! 

Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ұлттық рухының биіктігіне бас ие отырып, олардың қанымен, көз жасымен келген Тәуелсіздікті құрметтей білейік,

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть