Оқулықпен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді.
Сурет бойынша
әңгімелеу.
Балалар сұрақ бойынша
жауап береді.
Дәйексөз:
Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді?
“Табиғаттағы барлық жылу –күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан”.
Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.
Керекті заттар: кубик
Ойын барысы: тәуліктің әртүрлі бөліктері жөнінен балалардың білімдерін бекіту мақсатымен мұғалім әңгіме жүргізеді. Балалар өздерінің таңертең, түсте, кешке не істейтіндерін естеріне түсіреді.
Мұғалім тәуліктің әртүрлі бөліктерін атай отырып, балаларға ойынды ұсынады. Мысалы: мұғалім бір балаға кубикті беріп «Таңертең» десе, кубик алған бала оянамыз, жуынамыз деп жауап береді. Содан кейін кубикті екінші балаға ұсынады. Ол бала жалғастырып шашымызды тараймыз, тісімізді тазалаймыз десе келесі бала жаттығу жасаймын, мектепке барамын деп жауап береді. Шатасқан бала ойыннан шығып, кубикті келесі ойыншыға береді. Осылайша күндіз, кешке, түнде не істейтіндерін айтып, ойынды жалғастыра береді. Шатаспай дұрыс айтқан балалар жеңіске жетеді.
«ШАТАСПА» ОЙЫНЫ
Қорыта айтқанда:
Жүректен жүрекке.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рахмет!
- Менің мейірімді жүрегіме рахмет!
- Менің жылы жүрегіме рахмет!
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!
- Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет! және т. б.
Шығармашылық жұмыс
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть