Презентация, доклад по казахской литературе Шоқан Уәлиханов

Содержание

Сүйер ұлың болса, сен де сүй. Сүйінерге жарар ол. (А.Құнанбаев)АғартушыТарихшыГеографСаяхатшы - шығыстанушыҒалымЗерттеуші ӘдебиетшіЭтнографСуретшіДемократ

Слайд 1 Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов: өмірі мен

шығармашылығы

(1835 – 1865)

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов:      өмірі мен шығармашылығы (1835 – 1865)

Слайд 2Сүйер ұлың болса, сен де сүй. Сүйінерге жарар ол. (А.Құнанбаев)
Ағартушы
Тарихшы
Географ
Саяхатшы - шығыстанушы
Ғалым
Зерттеуші


Әдебиетші
Этнограф
Суретші
Демократ

Сүйер ұлың болса, сен де сүй. Сүйінерге жарар ол. (А.Құнанбаев)АғартушыТарихшыГеографСаяхатшы - шығыстанушыҒалымЗерттеуші ӘдебиетшіЭтнографСуретшіДемократ

Слайд 3 Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық,

ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.

Шоқан Уалиханов

Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі,шығыстанушы, тарихшы,

Слайд 4Өмірбаяны
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес

мекенінде) дүниеге келген. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысты.
Өмірбаяны Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Шоқанның балалық

Слайд 5Сібір кадет корпусы
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең

таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды.
Сібір кадет корпусы1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір

Слайд 6Шоқан - кадет
Кадет корпусы жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер

әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген.Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған.Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты. Ол Косоплецкий, Тонеевский сияқты оқытушыларының игі ықпалымен өзінің жоғары қабілеті мен дарындылығының арқасында орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді. Оның зерттеушілік қабілеті де осы корпуста оқып жүргенде біртіндеп қалыптасып, дами түсті.
Шоқан - кадетКадет корпусы жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті,

Слайд 7Шоқан -офицер
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір

жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Бұл қызметте ол бюрократтық аппараттың, Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури сияқты шенеуніктер мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді көріп, оларға қарсылығын білдіріп отырған. Шоқан кейінен бұл туралы достары Ф.Достоевский, А.Майков, В.Курочкин, К.Гутковскийге жазған хаттарында ашып айтады.
Шоқан -офицерКадет корпусын бітіргеннен кейін Дербес Сібір корпусының штабында қалдырылып, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың

Слайд 8Шоқан – саяхатшы
1855 жылы ол генерал-губернатор Гасфортпен бірге Жетісуға келіп қайтады.

Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады. 1856 жылы Ұлы жүздің приставы М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында Ыстықкөлге барады. Қираған көне қалалардың орнына, эпиграфиялар мен тас мүсіндерге назар аударады. Қырғыздардың бұғы, сарыбағыш, солты руларының арасында болып, қырғыз халқының шежіресін, өлең, жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішіңде «Манас» жырын жазып алады. Сол жылдың тамызында Қытаймен арадағы сауданы жолға қою мақсатымен Құлжаға Ресейдің өкілі болып баруға тиісті полковник Перемышельскийдің орнына Құлжаға барып, Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын шешуге атсалысады. Уәлихановтың Құлжа сапарынан кейін Ресей мен Қытай арасында «Тарбағатай келісімін» жасаудың негізі қаланып, Құлжа мен Шәуешекте орыс консулдығы ашылған. Құлжада 3 айдай болған Уәлиханов күзде Омбыға оралады.
1858-1859 жылдары Шоқанның, жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»— алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды.
Шоқан – саяхатшы1855 жылы ол генерал-губернатор Гасфортпен бірге Жетісуға келіп қайтады. Осы сапарда ол қазақ ауыз әдебиетінің

Слайд 9"Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен" деректі фильмі
Қазақ Ұлттық географиялық қоғамының "Шоқан

Уәлихановтың керуен жолы бойымен" атты деректі фильмі жарыққа шықты. Ғылыми-танымдық экспедиция Қазақстан мен Қырғызстан қалаларында болған. Деректі фильмнен қазақстандық зерттеушілердің болған жерлерін көруге болады. Оның ішінде Қарашаһар, Қорла, Кұшар, Ақсу, Артүш, Жаркент, Қағалық, Хотан, Нарын және Таш-Рабат бар. Ғалымдар көрермендерге қазақ ғалымының қауіпті саяхаттары туралы айтып, ол болған қалаларды салыстырады. Сонымен қатар, қауіпті өңірлердегі шетелдіктерге белгісіз болып келген құпияларды ашады.

Слайд 10Шоқан - зерттеуші
1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатында қырғыз

халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді. Бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазақ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атап көрсетті. Ш.Уәлихановтын, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкел саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы», тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды.
Шоқан - зерттеуші 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатында қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана,

Слайд 11Уәлихановтың ғылыми еңбектері
1856-1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының

күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндалған. Осы сапарларында Уәлиханов қырғыз тарихының мәселелеріне, әсіресе, қырғыздардың Енисей алабын, Памир, Алтай тауларын бір мезгілде қалайша мекендегеніне ой жіберген. Саян – Тянь-Шань аралығы қырғыздардың көші-қон мекені болғаны жайлы ғылыми мәселені қолға алған.

Уәлихановтың ғылыми еңбектері1856-1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен

Слайд 12Орыс география қоғамы
17-18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың

қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен, Алтынхан, Жоңғар заманының құжаттарын іздеумен өткізген. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды тұрғыны екенін тарихта тұңғыш рет анықтаған. Сол көне заманда қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты болғанын, Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань - бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрғанын дәлелдеген. Қырғыздар жөніндегі шығыс жазба деректерін де зерттеген. Алтай мен Тянь-Шань арасында 17 ғасырда Ойрат (Жоңғар) мемлекеті пайда болғанда ғана қырғыздардың Енисеймен байланысы тоқталғанын анықтаған. Бұл зерттеуінде Уәлиханов қырғыздың көне тарихы туралы еңбек жазған географ К.Риттердің, А.Гумбольдтың, шығысты зерттеуші Шотт пен Клапроттың пікірлерін сынға алған. Уәлихановтың тарих, география саласындағы еңбегінің даңқы Петербург ғалымдарына жетіп, 1857 жылы ақпанның 27-інде 20-дан жаңадан асқан Шоқан Орыс география қоғамына толық мүшелігіне сайланады.
Орыс география қоғамы17-18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен,

Слайд 13Қызмет жолы
Петербордағы ғалымдар, Бас штаб пен Сыртқы істер министрлігі Азия мәселесі

жөнінен Уәлихановты үлкен бедел тұтқан. Солардың ұсынысымен II Александр патша Уәлихановты Азия департаментіне қалдыру туралы 1860 жылы маусымның 15-інде бұйрыққа қол қойған. Петерборға келген Уәлиханов бірнеше мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия департаментінде, Орыс география қоғамында) қатар жұмыс істеп, Петербор университетінде лекция тыңдаған. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», т.б. дайындалған. Орыс географиясы қоғамы мүшелеріне Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Жетісу тақырыбы бойынша лекция оқыған.
Қызмет жолыПетербордағы ғалымдар, Бас штаб пен Сыртқы істер министрлігі Азия мәселесі жөнінен Уәлихановты үлкен бедел тұтқан. Солардың

Слайд 14Шоқан - ағартушы
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын

болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.  
         Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол.
         Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады.

Шоқан - ағартушыШоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие

Слайд 15Уәлиханов - суретші
Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы

еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Одан 150-ге тарта сурет қалған. Көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы 19 ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді басылымдарда жарияланған. Өзінің күнделіктерін, жолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі материалмен толықтырып отырған. Тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасаған.
Уәлиханов - суретші Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж

Слайд 16Ш.Уәлихановтың мұрасынан халық ауыз әдебиетінің бар­лық нұсқаларына байланыс­ты ойлы тұжырымдарды, тың

мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның «Бұқардың Абылайға айтқаны», «Абылай туралы жырлар», «Шора», «Орақ» жырлары, «ХVІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар», т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерт­теулер болып табылады. Ал атақты «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» сияқты шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған. 
Әлемдік әдебиет пен мә­дениеттен мол хабардар болған Шоқан қырғыз елінің «Манас» жырына айрықша көңіл бөледі. «Манасты» өркениетті елдерге тұңғыш таныстырушы, жырдың ең құнды бөлігін алғаш орыс тіліне тәржімалаушы Ш.Уәлиханов екенін мақтан етуге тиіспіз.

Шоқан - әдебиетші

Ш.Уәлихановтың мұрасынан халық ауыз әдебиетінің бар­лық нұсқаларына байланыс­ты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның «Бұқардың

Слайд 17 Қазақ көгіндегі «Аққан жұлдыз…»
1859 жылдың аяғында Ш. Уәлихановтың денсаулығы

нашарлап, ол Петербургтен еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады.
Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстын шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры  туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.
1958 жылы Уәлихановтың Алтынмелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылады. Кауфман қойғызған мәрмәр тас соның қабырғасына өріліп жымдастырылады.

Қазақ көгіндегі «Аққан жұлдыз…»1859 жылдың аяғында Ш. Уәлихановтың денсаулығы нашарлап, ол Петербургтен еліне қайтады. Шоқан

Слайд 18Шоқан есімі берілген …
Алматыда, Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескерткіштері бар.

Тарих және этнология институтына, Көкшетау мемлекеттік университетіне, Алматыдағы бір көше мен мектепке, Астанадағы үлкен көшеге, Ақмола облысының бір ауданына ғалым есімі берілген. Сүйегі жатқан Алтынемелде мемориалдық кешен орнатылған. Ғылым саласындағы жетістіктері үшін ғалымдарға Уәлиханов атындағы сыйлық белгіленген. Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл толуы 1985 жылы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті.
Шоқан есімі берілген … Алматыда, Көкшетауда, Семейде, Алтынемелде Шоқанның мүсіндік ескерткіштері бар. Тарих және этнология институтына, Көкшетау

Слайд 19Шоқантану
Шоқантанудың негізін академик Әлкей Марғұлан қалады.
Ақын, жазушы Сейсен Мұхтарұлының «Шоқан

және өнер» атты кітабы шоқантанудың арнасын кеңейтті.
Шоқантануға жаңа сүрлеу салған С.Мұхтарұлы. С.Мұхтарұлының «Шоқан және өнер» атты еңбегі шоқантану ғылымында еленуі тиіс деп білеміз.
ШоқантануШоқантанудың негізін академик Әлкей Марғұлан қалады. Ақын, жазушы Сейсен Мұхтарұлының «Шоқан және өнер» атты кітабы шоқантанудың арнасын

Слайд 20Шоқанның 180 жылдық мерейтойы
2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы,

этнолог, географ, фольклортанушы, суретші
Шоқан Уәлихановтың
180 жылдығы.
Шоқанның 180 жылдық мерейтойы2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші  Шоқан

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть