Сабақтың тақырыбы:
Зат есім
Презентация по казахскому языку на тему Зат есім, предмет презентации: Разное. Этот материал в формате pptx (PowerPoint) содержит 31 слайдов, для просмотра воспользуйтесь проигрывателем. Презентацию на заданную тему можно скачать внизу страницы, поделившись ссылкой в социальных сетях! Презентации взяты из открытого доступа или загружены их авторами, администрация сайта не отвечает за достоверность информации в них, все права принадлежат авторам презентаций и могут быть удалены по их требованию.
Сабақтың мақсаты:
1.Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру.Ол қандай да бір заттың , ұғымның атауы екенін түсіндіру.
2. Оқушының ой-өрісін,сөздік қорын,
дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
3. Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті
сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер,
ойын түрлері,интерактивті тақта,
сөзжұмбақ,тірек сызба
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Құрал-жабдығын ретке келтіру, сабаққа
зейінін аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,үйге қандай тапсырма берілді?
(319-жаттығу).Оқушыларға жаттығуды
оқыту.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін
тексеру кезеңі.
1.Сөз таптары деген не?
2.Түбір сөз дегеніміз не?
3.Қосымша дегеніміз не?
4.Қосымша неше топқа бөлінеді?
5.Зат есім дегеніміз не?
6.Зат есім қандай
түрлерге бөлінеді?
Жаңа сабақ:
1.Қызығушылықты ояту
-Балалар,бүгін морфология еліндегі зат есім ауылына саяхатқа барамыз.Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып,олардың қалай айтылып,қай жерде жүретініне басшылық жасап,жол көрсетіп,ақыл айтып отыратын ақылгөй дана болыпты.Ауыл адамдары оны зат есімнің данасы деп атапты.Ауыл адамдарының бәрі сол данадан ақыл-кеңес сұрапты.
Сөзжұмбақты қыс айларының аттарын пайдаланып шеш.
“Қыс” тақырыбына шағын әңгіме құра.
323-жаттығу.Мәтінді оқып Не? Нелер? сұрағына жауап беретін зат есімдерді тап.
Алғашқы және соңғы сөйлемдерді көшіріп жаз.Мәтінге ат қой.
Құндыз-ғажап қызық аң.Ол жуан ағаштарды жығады.Өздеріне керемет үйшіктер жасайды.Құндыздың терісі аса бағалы.
324-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Зат есімдерді тап.
Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды,
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.
Бұрғы
Сүргі
Қайрақ
325-жаттығу.
Суреттегі заттардың атауын қатыстырып сөйлем құра.
326-жаттығу. Оқы,әр жұптағы сөздерге сұрақ қой.
ағаш-ағаштар
қыз-қыздар
перде-перделер
мұғалім-мұғалімдер
бүркіт-бүркіттер
сатушы-сатушылар
Өз бетінше жұмыс.
Берілген сөздерге -шы,-ші жұрнақтарын жалғап жаз.Жазған зат есімдердің жасалу жолына қарап,қандай зат есім деуге болады?
Мал,егін,би,күй,ән,жылқы,қой,оқу
Ьльл
Сызбаның орнына не? сұрағына жауап беретін сөзді қой.
Сабақты бекіту
-Балалар,зат есім туралы не білесіңдер? Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
Үйге тапсырмасы:
327-жаттығу.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть