Слайд 1Критериалды бағалау
бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала
барлық қатысушыларға белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата - анасына және заң өкілдеріне) нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген. Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Слайд 2Критерийлер
талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауда қабылданатын ережелер
немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал осы көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткені дәрежесін анықтау болып келеді
Слайд 3Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау
сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі
мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді;
Слайд 4Бағалау түрлері
Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараттарын алу бөлімін меңгергеннен
кейінгі қалыптасқан білім мен оқу дағдыларының деңгейлерін анықтау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп әкімшілігі және мұғалімдермен жүргізіледі;
Сырқы жиынтық бағалау – бұл жоғарғы мектеп (11-12-сынып), негізгі мектеп (10-сынып), бастауыш сынып (5-сынып) оқу сатысы аяқталған кезеңдегі қалыптасқан білім мен оқу дағдыларының деңгейлерін анықтау;
Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы;
Слайд 5Оқушының жетістігі туралы есеп
бұл ақпарат, белгілі мерзім ішінді оқушыда қандай
дағдылардың қалыптасқанын куәландырады және оны оқуда және практика жүзінде қалай қолдана алатыны жайлы анықтама береді;
Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны;
Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады
Слайд 6
Критериалды бағалаудың түрлері (ішкі және сыртқы):
Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады
(ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
Слайд 7Жиынтық бағалау
ЖБ (сыртқы және ішкі) оқушылардың белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан,
жарты жылдық, жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген білімдерінің кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.
ЖБ әртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады
Слайд 8
Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібі
ҚБ-ның түзету мүмкіндіктері
бар. ҚБ жиынтық жұмыстың бағасына әсер етпейді, бірақ жиынтық жұмысқа жіберілерде ескеріледі. ҚБ үшін өткізілетін жұмыстарды және үй тапсырмасын орындамаған жағдайда немесе сабақтан себепсіз көп қалып қойған жағдайда (1 тоқсанда 10 % -дан артық сағат қалатын болса) мұғалім оқушыны жиынтық жұмысқа жібермеуге құқылы. Оқушыны жиынтық жұмысқа жібермеу туралы алдын ала бір апта бұрын оқушының күнделігіне жазылып, жариялану керек.
Слайд 9Жиынтық бағалауды өткізудің тәртібі
Оқу жылының бірінші аптасының ішінде әдістемелік бірлестік жетекшілері
барлық параллел сыныптарға бір үлгідегі жиынтық жұмыстың мазмұны мен құрылымы (структурасы), бағалау өлшемдері, нақты үлгілері көрсетілген материалдар талдамасымен қамтамасыз ету керек.
Жиынтық жұмыстың кестесі Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, оқу жылының алғашқы аптасының ішінде оқушыларға хабарланады. Жиынтық жұмыс бөлініп өткізілетін жағдайда кестеде жұмыстың соңғы бөлімінің өткізілу уақыты көрсетіледі.
Слайд 10
Жиынтық жұмыстың бағасы Кіріктірілген білім беру бағдарламасының талабына сай өлшемдер бойынша
қойылады. Оқу табыстарын бағалау өлшемдері барлық мүдделі топтарға (мектептiң әкiмшiлiгi, ата-аналарға және басқа заңды өкiлдер және т.б.) қолжетімді болу үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (ары қарай – ДББҰ) сайтына ілінген.
Бір тоқсанда пән аптасына 2 немесе одан да көп сағаттан жүргізілген жағдайда барлық оқушы орындауға міндетті бір жиынтық жұмысы алынады. Жиынтық бағалауда бағалау өлшемдерінде көрсетілген ұпайлар пайдаланылады. Жиынтық жұмыс бірнеше бөліктерден тұра алады және оларды бірнеше сабақта орындауға болады. Жиынтық жұмыстың бағасы орындалған жұмыстың әрбір бөліктерінің нәтижелерін біріктіру арқылы қалыптасады.
Слайд 11Жиынтық жұмыс мүмкіндігінше барлық өлшемдерді қамти отырып құрастырылады. Жиынтық жұмыстың бағалау
өлшемдері, құрылымы (спицификациясы), форматы қамтылған материал оқушыларға әр тоқсанның басында берілу керек.
Жиынтық жұмыс бір параллелде бірдей жағдайда өткізіледі.
Жиынтық жұмысты қайта жазуға (көшіруге) болмайды.
Белгілі себептермен оқушы келмеген жағдайда орындалмаған жиынтық жұмыс оқушы сабаққа шыққаннан кейін бір апта ішінде орындалу керек. Бұндай жағдайда жиынтық жұмыстың қосымша нұсқалары пайдаланылады.
Слайд 12
Аптасына 2 немесе одан да көп сағаттары бар пәндер бойынша тоқсандық
және жылдық баға қоюдың тәртібі
1) Емтихан тапсыратын пәндер бойынша:
- бірінші, үшінші, төртінші тоқсаннан кейін жиынтық жұмыс өткізіліп, олардың бағасы тоқсанға қойылады.
- екінші тоқсаннан кейін жиынтық жұмыс өткізіліп, жиынтық жұмыстың нәтижесі модерация үдерісінен өтеді. Модерация үдерісінен кейін жиынтық жұмыстың бағасы көтеріліп немесе төмендеуі мүмкін. Модерацияны есепке алған жиынтық жұмыстың бағасы тоқсандық баға болып қойылады.
- жылдық баға модерацияны есепке алған 4 жиынтық жұмыстың өлшемдері бойынша орташа арифметикалық ұпаймен есептеліп қойылады.
- емтихандық жиынтық жұмыс өткізіледі. Бұл жұмыстың бағасы пән бойынша қорытынды баға болып есептеледі.
Слайд 13
Емтихан тапсырмайтын пәндер бойынша
- бірінші, үшінші, төртінші тоқсаннан кейін жиынтық жұмыс
өткізіліп, олардың бағасы тоқсанға қойылады
- екінші тоқсаннан кейін жиынтық жұмыс өткізіліп, жиынтық жұмыстың нәтижесі модерация үдерісінен өтеді. Модерация үдерісінен кейін жиынтық жұмыстың бағасы көтеріліп немесе төмендеуі мүмкін. Модерацияны есепке алған жиынтық жұмыстың бағасы тоқсандық баға болып қойылады.
- Жылдық қорытынды бойынша жиынтық жұмыс және модераця өткізіледі. Бұл жұмыстың бағасы пән бойынша жылдық баға болып есептеледі.
Слайд 14
Аптасына 1 сағаттан болатын пәндер үшін тоқсандық және жылдық бағаны
қою тәртібі
1) Емтихан тапсыратын пәндер:
- әр жыртыжылдықта 2 жиынтық жұмыс пен модерация өткізіледі. Жартыжылдықтың бағасы модерацияны есепке алған 2 жиынтық жұмыстың өлшемдері бойынша орташа арифметикалық ұпаймен есептеліп қойылады.
- жылдық баға модерацияны есепке алған 4 жиынтық жұмыстың өлшемдері бойынша орташа арифметикалық ұпаймен есептеліп қойылады
Слайд 15
Емтихан тапсырмайтын пәндер
- әр жыртыжылдықта 2 жиынтық жұмыс пен модерация
өткізіледі. Жартыжылдықтың бағасы модерацияны есепке алған 2 жиынтық жұмыстың өлшемдері бойынша орташа арифметикалық ұпаймен есептеліп қойылады.
- жылдық қорытынды бойынша жиынтық жұмыс және модераця өткізіледі. Бұл жұмыстың бағасы пән бойынша жылдық баға болып есептеледі.
Пән мұғалімдері сынып журналына баға қойғанда журналдың оң жақ бөлігіне жиынтық жұмыстың түрін жазып қою керек. Егер ондай жазба болмаған жағдайда баға қалыптастырушы баға болып есептеледі.
Слайд 16Оқушылардың жиынтық жұмысы алдын-ала мұғалімнің тексеруінен өтілген, өлшемдер бойынша ұпайлары мен
бағасы қарындашпен қойылған болуы керек.
Модерация пән бойынша бағалау Моделімен сәйкес өткізіледі (5-қосымша).
Модерацияға қатысушылар:
1) бағалау стандартын белгілеу үшін (өлшемдер бойынша ең жоғарғы және ең төменгі ұпайлар, бағалауы қиындық келтіретін жұмыс) жетістік деңгейлерін анықтайды және соған сәйкес жұмыстарды таңдап алады.
2) баға қоюды талқылайды, стандартты бекітеді және оқушының жұмысына алдын-ала бекітілген өлшемдерге сәйкес соңғы бағаны қояды;
Слайд 173) модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың бағасы қаламмен қойылады;
4) модерацияның қорытындылары
бойынша жиынтық баға жоғарыға немес төменге өзгеруге құқылы;
5) жиынтық жұмыстың бағасы модерация есебімен қойылады;
6) әрбір жиынтық жұмыс бойынша кездесуден кейін хаттамаға қол қойылады.
Слайд 18
Ұпайды мектеп бағасына айналдыру шкаласы
Ең жоғары ұпай саны - 24
5 ұпайлық
шкаладағы бағаның сипаты
5 ұпай – үздік
4 ұпай – жақсы
3 ұпай – қанағаттандырылған
2 ұпай – қанағатсыздандырылған
Слайд 21
Тілдік емес пәндер және оқу тілі бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау
Слайд 25
Екінші және шетел тілдері бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлері
Слайд 29
Музыка, денешынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша
оқушылардың оқу жетістіктері