Слайд 1
Бағыты: Әдебиеттану, өнертану
Тақырыбы: Ұлттық рухтың ұраншысы
Орындаушы:Дінислам Нұрханым 10 “ә” сынып оқушысы
Жетекшісі:
2012 жыл
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектеп
Слайд 2Мақсаты: Ақиық ақын Мұхтар Шахановтың шығармаларын зерттей отырып, ақынның өлеңдерінің рухани
– тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
Құндылығы: Мұхтар Шаханов тек қазақ халқының ғана емес ,сонымен қатар, әлемнің мойындаған ақыны.Оның өлеңдері әлем бойынша 20 – дан астам тілдерге аударылып таратылғандығы.Мұхтар Шахановты Республикалық және шетелдік әдеби сарапшылардың жақсы баға беретіндігі.
Өзектілігі: Ақын өлеңдерінің қазіргі келелі мәселелерді қозғауы.Қазіргі жастардың жүректерінде ақын өлеңдерінің ұлттық рухты оятуы.
Ғылыми жаңалығы: Ақын өлеңдерінің әр-қайсысы өзіндік тәрбие беру мақсатында жазылуы.
Практикалық маңыздылығы:
Ақын өлеңдері әрбір жастың жүрегіндегі патриоттық сезімді оятады;
Ақын өлеңдерін насихаттау арқылы келелі мәселелермен күресуге жол ашылады (мысалы, қазақ тілі мәселесі).
Слайд 3
Мазмұны
І. Кіріспе
Ұлт мүддесін қорғаушы–Мұхтар Шаханов.
ІІ.Негізгі бөлім:
а) «Қайтсек екен, монитор көз,
компьютер бас жас талап...»
ә) «Шын сүюге қабілеті жетпеген
Әрбір адам мүсіркеуге лайық!»
б) «Шыншыл рух дарынынан құлқын озған заманда
Тамырсыздық үлкен қауіп тудырады қоғамға...»
ІІІ.Қорытынды
Жаңаша ойлау дүниесінің өрені.
ІV. Ұсыныстар.
V. Жетекшінің аннотациясы .
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 4
Кіріспе
«Ұлттық рухтың ұраншысы» атанған Мұхтар Шаханов соғыс өрті
өршіп тұрған 1942 жылы дүниеге келген.
Алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар", "Ай туып келеді", "Қырандар төбеге қонбайды", "Сенім патшалығы" атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жұртшылыққа кеңінен таныс.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры екені бәрімізге белгілі.
Мұхтар Шаханов өмірде аз белестерді бағындырған жоқ.Ақын ағамыз тек Республика көлемінде ғана емес, шетелдерде де бағаланып жатады.
Слайд 7
Ақын өлеңдерін еліміздің бетке тұтар зиялы қауым өкілдері мен шетелдік
зиялы қауым өкілдері жақсы бағалап келеді.Мысалы, Қазақстан Республикасының бетке тұтар адамдарының бірі Шыңғыс айтматов «Ол-жаңашыл ойлау дүниесінің өрені.Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ.» - деп жоғары бағалап өтсе,АҚШ-тағы білім және өнер академиясының президенті Майкл
Бахмутски «Шаханов бүгінгі әлемдік өркениет тағлымдарын пайымдауға өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты философ-ақын,»- деп өзінің ақын жайлы ойын білдірген.Сол сияқты «Нобель» силығының лауреаттары,шетелдік сарапшылардың пікірінше Мұхтар Шаханов тек қазақ қалқының ғана емес , бүкіл дүние жүзінің маңдайына біткен жұлдыз.Бұл жұлдыз бүкіл төрткүл дүниеге өз нұрын шашып тұр.
Мен өз ғылыми жобамда ақынның «Компьютербасты жартылар»,
«Шың басындағы оқиға» , «Тілсіздену анатомиясы » атты өлеңдерін рухани-тәрбиелік жағынан талдамақпын.Бұл өлеңдер қазіргі кезде үлкен жаһандық мәселеге айналып отырған рухани байлық пен ұлттық рухтың дамымай қалуы жайлы сөз етеді.Қазіргі жастардың ұлттық рухтарының төмендігі бұл өлеңдердің негізі. Бұл мәселе бойынша ақынның шет елдік сарапшылардан қолдау табуының көрінісі «Компьютербасты жартылар» өлеңінің алғаш рет 1997 жылы Ыстықкөл форумында оқылып, ЮНЕСКО-ның қолдауымен Германия,Жапония,Пәкістан, Түркия, Болгария, Ресей, Украина,Әзербайжан және басқа елдердің тілдерінде жарияланғаны деп ойлаймын.
Слайд 8
Менің пікірімше ақын ағамыздың «Компьютербасты жартылар» , «Шың басындағы оқиға»
, «Тілсіздену анатомиясы» атты өлеңдері қазіргі кездегі ұлттық рухтың аянышты жағдайын баяндайды.Мысалы, «Өркениеттің адасуы» романында көтерілген «Компьютер басты жартылар» осындай маңызды мәселелерге сын көзбен қарап,шұғыл түрде қарсы тосқауыл қоймасақ, үлкен ұтылысқа түсетінімізді ескертеді.Әлемдік ақпарат тасқынының, техникалық жедел дамудың , кәсіптік мамандардың тар шеңберде біржақты даярлануы себебін, әсіресе адами құндылықтардың ескерілмеуінен қоғамда «Компьютербасты жартылардың» күрт өсіп кетуі ғасырымыздағы кезек күттірмес үлкен мәселеге айналды.Рухсыз білімнің зияндығы , яғни, соңғы кездері әлемдік деңгейде белең алған ар-намыс, ұят, әділеттілік,қайырымдылық,инабаттылық, үлкенді силау сияқты қасиеттерге жеткілікті көңіл бөлінбеу адамзатты тұңғиыққа әкеп тірегендігі жөнін айқындап ашып көрсететін бұл өлең әрбір адам баласының санасын оятарлық дәрежеде жазылған деп ойлаймын.Мысалы осы өлеңдегі мына бір өлең жолдары ақынның рухсыздық жайлы ішкі толғанысы мен ойын айқындап тұрғандай сипатта.
«Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді , білдік пе?
«Әрбір қимыл-қарсы қимыл тудырады» тірлікте. –
деп халықтың көзін ашу шумақтарын жазғанын байқаймыз.Қазіргі кезде белең алып келе жатқан рухсыздық, ойсыздық әрекеттерді сынай жазған бұл жолдар бізге талай мәселені жүрекке жетіп , сайратып тұрғандай.Ақынның адамзат өміріне ,
болашағына алаңдаушылығы да бұл өлеңде айқын көрініс табады.Адамдардың рухани сусындайтын кітаптарды ұмытуға айналу алдында тұрғандығы жайлы мәселе де бұл өлеңде өз орынын таба білген.
Слайд 9
«Оян,Данте,Фердаусидің және Абайдың айбыны!
Бөгей алмау ғасырға сын бұл тасқынгөй қайғыны.
Қол
қусырып көнеміз бе,
Үнсіз жата береміз бе,
Робот-түйсік арқаланған,
Мейірімі тұл жарты адамдар
Жердің бетін түгел жаулап жеңгенше?..» -
деген өлең жолдарынан түйетініміз ақын баяғы ұлттық рухтың дүлдүлдеріннің бүгінгі кезде ұмытылу алдында тұрғандығын айтып,өмірге шағымданады.Адамдардың сезімі,ой-санасы роботтанып кете жаздап тұрғанда бұл шараға қарсы тұрмасақ соңы үлкен зардапқа апаратындығын баса айтып өткен.
«Компьютербасты жартылар» өлеңі қазіргі заман ағымындағы келелі мәселелердің бірін қозғайды.Шынында қазір қай жерге барсаң да компьютер баспаған жер қалмаған.Әсіресе, компьютерді тек керекті жағдайларға қолданудың орнына компьютермен жасөспірімдердің әртүрлі бұзақы ойындар ойнап, баяғы асқақтап тұрған ұлттық рух жайлы, ұят,ар-намыс жайлы ұмытуы ақын жүрегіне қатты батқан деп ойлаймын.Мына жыр жолдары соған айғақ секілді.
«Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізде жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңа өнеге боп жарқылдар –
Жарты ұстаздар,
жарты бастық,
жарты қыздар,
жарты ұлдар.»
Слайд 10
Бұл жол ақынның ішкі ойын білдіріп тұрғандай.Рухсыздықтың зардабын ақын өз
тілімен бізге белгілеп беріп отырған дай күй аласың.Менің ойымша, ақын бұл жолдар арқылы рухсыздық зардабын айта отырып,бізге онымен күресу керектігін айтып отырғандай.
Ақын бұл өлеңнің соңын мына шумақтармен аяқтайды:
«Дөңбекшиді көңіл-ғалам,
Бүгін жеңіл өлу маған,
Осы рухсыз жеңістердің ертеңіне сенгенше...»
деп қатты өкінішпен аяқтайды.Менің пікірімше, ақын ағамыз бұл соңғы шумақтарда айтқан «рухсыз жеңістер» дегеніміз адамның сезіміне бағытталмаған, адамның рухани жан дүниесін кедейлететін компьютер, интернет ,робот жайлы айтқысы келген.Шынында, бұл заттар қазіргі кезде әсіресе жас өскін ұрпақтың санасын улап жатқаны хақ.Бұл заттарға сенген әр адам рухани мүгедектікке шалдығуы әбден мүмкін екендігін мына өлең айқындап беріп отырғандай.
Ақын өлеңдері тек бір бағытта емес.Ол махаббат секілді нәзік әрі күшті сезімді де асқан шеберлікпен жеткізе білген.Мысалы, «Шың басындағы оқиға» атты өлеңінде осы махаббат хикаясы нақтырақ айтсақ махаббат сезімін түсіне алмаған жан жайлы баяндалады.Сүйе алмаудың өзі адамның рухының әлсіздігі екенін баса айтып кеткен бұл шығарманың басы былай басталады:
Слайд 11
«Бір-бірінен көз айырмай үздігіп,
Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт.» -
Деп басталған өлең ары қарай трагедиялық сипат алады.Оның алдында ең бірінші жігіт пен қыздың арасында белгілі бір диалог жүреді.Ғашықтар бір-бірінсіз өмір жоқтығын айтып, жан сырларын ақтарады.Бұл сезімге толы сәтті бір шу бұзады.Бұл қыздың артынан келген қуғыншылар еді.Жігерленіп қарсы шықпақ жігітті қыз тоқтатып қалады.Қыз жігітке бірге құздан ұшып өлу жайлы пікір айтады. Әрі қарай:
«Өміріме шуақ құйған өзің ең,
Өлімге де алдыменен сен баста!-
Деді ерні дір-дір етіп ақ маңдай,
Ақ маңдайы алауланып ақ таңдай.
Жігіт үнсіз бас изеді күлімдеп,
Тұңғиықтан шығар бір жол тапқандай.»
Бұл жол ғашықтардың берік махаббатын көрсету арқлы, рухтанудың махабат секілді ұлы сезіммен қосылып зор күшке айналғандығын көрсетіп отыр.Шексіз махаббат әркімге –ақ келе бермейтінін айтқан ақын бұл өлеңде жақсылық пен жамандықты қатар алады.Жігіт махаббат жолында құрбан болса да,қыз мұндай тәуекелге бара алмауы қыздың жігерсіздігі.Ал қыздың өз өмірі тәйттідей көрінгендегі ағасының сөзі былай баяндалады.
« - Әке, қызың күйе жақты даңқыңа,
Күйе жақты ата-баба салтына.
Сатқындықтан жиренішті не болмақ
Таудың қайсар ұлағатты халқына?!
Слайд 12
..........................................................
Қызыңды бөгеме,әке,жолынан,
Батаңды бер,
Сертін жықпай аттансын
Сүйгенінің соңынан...»
-деген бұл сөздер қыз ағасының
намысқойлық мінезін білдіріп тұр.Өлеңнің аяғы қызға ағасының айтқан сөзімен бітеді.Ағасы сексендегі шалға қызды беріп, елден жыраққа кет дейді. Өлең соңында қыз ағасының пәлсапалық ойымен аяқталады.Ақын өлең соңын асқан тапқырлықпен аяқтайды.Өлең соңындағы әрбір сөз адам баласының жүрегіне жетері анық.Осы кездегі аға сөзі:
«Қалың жұртты мен екіге бөлемін:
Сүйе алатындар деп,
Сүйе алмайтындар деп,
Сүйе алмайтынына ұялмайтындар деп.
Сәтсіз бітті пенделікпен күресің.
Сүйе алмаудың зор қасірет екенін
Пенделердің есіне сап жүресің.
Қарлы Кавказ артып саған зор айып,
Аянышпен қарап тұрар мұңайып.
Шын сүюге қабілеті жетпеген
Әрбір адам мүсіркеуге лайық!»
-деп аяқталатын бұл өлеңнің мазмұнын ашу әрбір ақынжандының қолынан келе бермейтіні хақ.
Негізінен «Шың басындағы оқиға» өлеңінің жастарға берер тәрбиесі зор.Оны бұл өлеңді бір оқығанда –ақ білуге болады.Махаббат оқиғасын рухтың әлсіз болуымен ұштастыра білген Мұхтар Шахановтың бұл өлеңінің соңы әркімге де ой тастайтыны
Слайд 13
анық. Ақынның бір сөзінде айтқанындай туған жерді,отанды сүю бір адамды
сүюден басталады.Бұл өлеңнің түпкі ойы жүрегінде махаббат оты жоқ әрбір адам мүсіркеуге лайық екінін айтады.
Махаббаттың күші бір адамды шексіз сүюге жетпесе бір елді , жерді, халықты сүюге жетпейді деген мағынасы бар бұл өлең махаббат рухани күштің ажырамас бір бөлігі екенін де айтып тұрғандай.
М.Шаханов поэзиясы тоғанға жиналған судың бөгетін ашқанда арындап ағатындай көрінеді. Мұхтардың да көкірек сарайында көптен жиналып қордаланған ой-армандары арындап жыр жолдарына құйылғанын байқаймыз.
Мұхтар Шаханов әсіресе, ана тілі мәселесін өз өлеңдерінде кеңінен тарқата қозғайды.Қазақтың алмас қылыштың жүзіндей өткір сөздерін орынды қолдана білген ақынның қазақ тілі мәселесі жайлы өлеңдерінің әрбір жолы ұйқыдағы сананы оятардай өткір сөздермен жазылған.Мысалы, ақынның «Тілсіздену анатомиясы» атты поэмасының мына жолдары осыған дәлел боларлықтай.
Ана тілін қорғамаған,
Қорғағанды қолдамаған
Өз еліне шыншыл қызмет ете алмайды саналы!
Бәрін таптай бермек пе әлде рухсыздық табаны?
Бұл сұраққа өркениет қашан жауап табады?
Слайд 14
Бұл жолдарда ақынның ана тілімізге деген алаңдаушылығымен қоса ана тілін
қор қылған адамдарға айтылған сынды да айқын байқаймыз.Ақынның « тілін жойсаң-ұлтын жойдың деп білгін!» деген сөздерін еске алсақ, Мұхтар ағаның ананың ақ сүтімен бойына тараған қазақ тілін өз өмірінің негізі деп ойлайтындығын түсінеміз. «Баба тілі төңірегіндегі машақтар» атты өлеңінің әр жолы осыған дәлел боларлықтай.
Ана тілім-бабам тілім,қасиетім,қанатым,
Ғұмыр бойы бас иетінар-ожданым,санатым,
Мың азаптан,мың тозақтан еңсе бүкпей өтіп ең.
Мұң дөңбекшіп өзегіңде,
Жаһандану кезеңінде,
Рухсыздар шыққан шақта белсенді боп шетінен,
Жойылуға жол алдың ба ұлы жердің бетінен?
Ақын бұл жолдар арқылы әрбір қазақтың қара домалақ баласы мен қара көзді қазақ қыздарына тіл тағдырын баяндап жатқандай күй кешесің.
Ақынның бұл өлеңдегі негізгі ойы Расул Ғамзатовтың :
«Егер тілім жойылатын болса ертең,
Онда құдай мені бүгін алмай ма?»
деген өлең жолдарына келеді.Ақын өлеңінің мына жолдары осы сөздерді дәлелдеп тұр:
«Ә дегенде өзіңді өзің өз тіліңде танымау
Табиғатқа зорлық жасау емес пе бұл жаным-ау?
Бұдан былай ылғи алдан шыға ма осы тас қамал,
Расул сөзін қайталаудан қалмай ма енді басқа амал?»
Слайд 15
Ақынның өлеңін оқып отырғанда ұлттық рухтың да ұлттың да негізі
ана тілі екенін байқаймыз.Тілсіздену бұл рухсызданудың құзар шыңы . Өз ана тілінен айрылған ұлт ұлт атын жоғалтады.Бұл өлең әр адамға тәрбие берудегі орны ерек. «Тәрбие басы баладан» демекші әр қазақ баласы Мұхтар Шахановтай ақындардың өлеңдерін оқып өсек , тіліміздің мұндай аянышты түрін көрмес пе едік?!
Қорыта келгенде, ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары елді елеңдететін мәселелер деп ойлаймын. «Ерім дейтін ел болмаса,Ерім дейтін батыр қайдан шықсын.» деген халық сөзі бекерге айтылмаса керекті.Мұхтар ағамызда әрбір алған тынысын еліне арнаған азаматтардың бірі.Өл өз жүрегін халық жүрегімен біріктіре білген қайталанбас тұлға.
Мұхтар ағамыздың өлеңдері оқырманның қырық сандық ішіндегі жасырулы тұрған жүрек кілттерін таба білген.Өлеңдерінің әрбір сөзі ғибратқа толылығымен ғана емес, әрбір сөзі «елім» деп сайрап тұрғандығымен де ерекшеленеді.Мен өз сөзімді келешекте «ел перзенті» атанар, өз жүрегін халық жүрегімен біріктіревр Мұхтар Шахановтай азаматтар көп болғай деген игі тілекпен аяқтағым келеді!
Слайд 16
Мұхтар Шахановтың өлеңдері мектеп оқулықтарында көбірек жазылса;
Жоғары сыныптарға
арналған оқулықтарға ақынның өлеңдері толық зерттелген бөлімдер енгізілсе;
Мұхтар Шаханов жайлы деректі фильм түсірілсе;
Мұхтар Шаханов атына мәнерлеп оқу жарыстары ұйымдастырылса;
Оқушыларға ақынның жеткен жетістіктері жайлы айтылып, өлеңдері насихатталса ;
Ұсыныстар
Слайд 17Жетекші аннотациясы
10 сынып оқушысы Дінислам Нұрханым Әбунасыр қызы “Ұлттық рухтың ұраншысы”
ғылыми жұмысында қазақтың ақиық ақының Мұхтар Шаханов туралы мағұлматтар жинап, ақынның шығармаларына талдау жасады.Негізгі бөлімде әлем ідебиетінен ойып тұрып орын алған М.Шаханов поэзиясына жан-жақты талдау жасай отырып, адамзатқа тән ортақ жайттарды ұлттық тарих пен руханиат әлеміне қатысты көзқарастарын, оның маңыз-мәнін жүрекпен сөзініп, тереңнен толғайды.
Болашақта егемен елдің ертеңі Дінислам Нұрханым Әбунасыр қызынан үлкен үміт күтемін.
№209 Ә.Әбутәліпов атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Сыздықова Іңкәр.
Слайд 18Ғылым кондидатының пікірі
Жастар болашақтың бағбаны,өмір жалғасы.Дінислам Нұрханым Әбунасырқызының ізденімпаз шығармашылық қабілеті
жоғары, рухани танымдық қабілеті орасан зор.Нұрханым зерттеу жұмысын жүйелі жүргізу барысында ұлт мүддесінің қорғаушысы Мұхтар Шахановтың ұлттық рухтың ұраншысы екенін дәлелдей алды.Бұл ақиық ақынға тағзым.
Нұрханым болашағынан зор үміт күттіреді.зерттеген жұмысынан үлкен нәтиже шығады деп үміттенемін!
Ғылым кандидаты: Үсенбаева Салтанат Сейітхан қызы.
Слайд 19
Пайдаланылған әдебиеттер
Оқулықтардың электрондық түрлері
«Рух-Дария» газеті қазан.2004жыл.
«Ақ босаға» газеті №9
қыркүйек 2003жыл.
«Ақ босаға» газеті 15 тамыз 2002жыл.
“Дара талғам қасіреті” М.Шаханов.Алматы. “Раритет” баспаханасы. 2007ж.
“ Қазақ тілі мен әдебиеті” кітаптары №9 ,№7 ,№3 .2004,2007,2001 жыл.
Мұхтар Шахановтың ресми сайты.
«Абай» әдеби – танымдың сайт
«Қазақ ақындары» сайт
«Мәссаған» сайтының «М.Шаханов өлеңдер жинағы» атты бөлімі
Слайд 29Назар салып тыңдағандарыңызға
рақмет!