Слайд 2 Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана
асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек . Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет
Слайд 3«Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»
Шопенгауер
Слайд 4Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты
дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа атаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.
Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Республикамызда салауатты өмір салтын сақтау барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен «2002 жыл – Денсаулық жылы» жарияланғаны баршамызға аян.
Слайд 5Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені -
өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Слайд 6Жаңа ғасыр табалдырығынан аттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай
атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Слайд 7 Бірақ, денсаулық - бұл дене шынықтыру және спорт
ғана емес, бұл дұрыс әрі теңдестірілген тамақтану.
Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып табылады. Әлеуметтік - экономикалық және саяси өзгертулер, ізгілік құндылықтар және мұратын бекіту, дамыған экономикасын және тұрақты демократиялық жүйені орнатуда мағына жоқ, егер де олар адамдарға толымды өмір сүруге жағдай бермесе.
Слайд 8Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
Бірінші байлық
— денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Слайд 9Денсаулық — байлықтан қымбат
Джон Рей
… адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы;
егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек
Әл-Фараби
Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде
Фалес
Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді
Томас Фуллер
Көп жасау — деннің саулығы, бақытты болу — адамның өз қолындағы ісі
А.М.Кирхенштейн