Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Әбу Насыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер» өлеңі.
8-сынып
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
оқушылардың Әбу Насыр әл-Фараби туралы білімдерін толықтыру, әр түрлі салада
өз ізін қалдырған ірі тұлға ретінде таныстыру.
Слайд 3Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми еңбектерімен
танысу, «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі туған жерге сағынышы туралы әңгімелеу.
2. Дамытушылық: мәтінді, өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, ой-өрісін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, ізденуге жетелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыруға ықпал ету.
3. Тәрбиелік: ақынның өлеңінің мазмұнын талдата отырып, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, өмірбаянын негізінде жан-жақты білімді тұлғаны тәрбиелеуге жағдай жасау.
Слайд 4Сабақтың түрі: шығармашылық жұмыс.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, түсіндіру арқылы
ой қозғау, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты слайд-шоу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Күтілетін нәтиже: тақырып бойынша әңгімелеу, қорытынды жасау.
Слайд 5Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ.
Слайд 6Жаңа сабақ
Білемін
бөлімі
Білдім бөлімі
Білгім келеді бөлімі
Слайд 7Білемін бөлімі.
«Ой шақыру». Сұрақтарға жауап беріңдер
Қазақ әдебиеті қандай мұра?
Қазақ әдебиеті
даму барысында қандай кезеңдерді қамтиды?
Слайд 11Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950)
Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ірі тұлға, энциклопедист ғалым,
данышпан, философ, әдебиетші, ақын. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.
1. ат-Турки – шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.
2. әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан деген сөз.
3-5. ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ –ұлы ғұламаның әкесінің аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасының аты – Ұзлақ.
6. Ұлы ғұламаның өз аты –Мұхаммед.
7. Әбу Насыр – Насырдың әкесі дегенді білдіреді. .
Слайд 22Әл-Фараби -философ.
Фарабидің философиялық еңбектері:
“Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың
шығуы”,
“Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме”
Слайд 23Әл-Фараби -ғалым
Әл-Фараби - ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан.
Ол
музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді,
математикада үлкен жаңалықтар ашты,
астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды,
физика ғылымын жаңа идеялармен байытты,
медицина, химия, минерология, жаратылыстану ғылымдары бойынша еңбектер жазды.
Слайд 24Әл-Фараби - математик
Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметикаӘбу Наср
Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрияӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптикаӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономияӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыкаӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статикаӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механикаӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн СинаӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан БируниӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайямӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер БэконӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да ВинчиӘбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.
Слайд 25Әл-Фараби және медицина
Медицина саласында Бағдат дәрігерлері оны өздерінің басшысы деп санаса,
кейін медицинаның атасы атанған Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) өзін оның шәкіртімін деп есептеген. Әл-Фараби: «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Медицина бойынша жазған ең күрделі шығармасының бірі: "Медицина каноны"
Слайд 26Әл-Фараби және музыка
«Музыка туралы трактат» кітабынан зерттеулері
Слайд 32Әдебиет теориясы.
Лирика – адамның көңіл-күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр.
Лирика бес түрге бөлінеді:
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лиракасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл - күй лирикасы
Слайд 33
Әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы
туралы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру.
Әл-Фарабидің лирика жанрында жазған өлеңдерінің бірі: «Қашықтасың туған жер»
Слайд 34Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым
мен, қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Слайд 35Бұл өлең не туралы?
Неліктен сағыныш туралы?
Автор нені аңсайды?
Әл-Фараби:
«Мен Қыпшақ елінен ешқандай атақ-даңқ іздеп келген жоқпын. Мен білім іздеп келдім, сол білімді араб елінен таптым, бірақ менің Қыпшақ еліне сүйіспеншілігім шексіз», – деп, өзінің туған жерге деген сағынышын өлеңге түсірген.
Слайд 36Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі
1. Авторы
2. Тақырып
3. Жанр
түрі
4. Идеясы
5. Шумақ
6. Тармақ
7. Бунақ
8. Буын саны
9. Ұйқас
10. Түсіндірме сөздік
11. Өлеңнің негізгі ойы.
Слайд 37Әл-Фараби лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік.
«Қашықтасың туған жер» өлеңін сызба
бойынша талдау
1. Авторы: Әл-Фараби
2. Тақырып: туған жеріне сағыныш.
3. Жанр түрі: лирикалық өлең
4. Идеясы: жылдар өтіп бара жатқан сайын, таза пейілді адамдардың қатары азайып қалуы.
5. Шумақ – 3 шумақты
6. Тармақ - 12 тармақтан тұрады
7. Бунақ – 3 бунақты
Буын саны –11
8. Ұйқас - кезекті ұйқас (- а - б - в - б)
Слайд 389. Әдеби теориялық ұғымдар.
1. Эпитет – туған жер-қалың елім, жолға
сарылып қарауменен, қасіреттің жасына көз жуынар, жаным менің түнереді.
2. Теңеу – қанатым талды менің, жылдарым жатыр ағып, құм сықылды тез ысып, тез суынар.
10. Түсіндірме сөздік
Қашық-алыс(далеко)
шаңқыт жол –пыльная дорога
қасірет-горе
түршігіп-содрагаясь
түнереді-хмурится
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Туған жерін, туған елін қашықта жүрсең де, ешқашан ұмытпау. Әл-Фарабидің патриот екенін көрсетеді.
Слайд 39Үй жұмысы:
«Қашықтасың туған жер – қалың елім» өлеңді жаттау.
Слайд 40«Блиц-турнир»
Әл-Фараби кім?
Әл-Фараби қайда туды?
Білімін жетілдіру үшін қайда барды?
Әл-Фараби қай
салаларда еңбектер жазды?
Лирика дегеніміз не?
Әл-Фарабидің лирика жанрында жазылған шығармасын атаңдар?
Лирика неше түрге бөлінеді?
Лирика жанрында жазылған Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?
Бұл өлеңдер лириканың қай түріне жатады?