Слайд 1“БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРҒА
БАЙЛАНЫСТЫ
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ СТРАТЕГИЯСЫ”.
Слайд 21 ЭТАП – “ЭМОЦИЯЛЫҚ ШОШЫНУ”
Болған жағдайды қабылдау ата-аналардың сезімдерінің келеңсіз күйлерін,
шарасыздық танытып, тіпті (көбіне әкесі) отбасын тастап кетуге дейін баруы. Ата-аналардың уайымдауына тағы бір себеп, баланың ауруы туралы нақты деректермен жабдықталмауы. Көбіне отбасы, оқу орнымен қатынасты жоғалтып, өздерімен болады. Баланың ауруы туралы теріс пікір, оны емдеу мен тәрбиелеудің дұрыс емес жолдары қалыптасады. Диагнозға қарсылық, берілген емді қабылдамау, көптеген мамандармен кеңесу, яғни ауруды мойындамау, баланы мүмкіндігінше емдеп жазуға болады деген пікірде болуы. Әрине бұл кезеңде психологтардың міндеті; эмоциялық қолдау көрсету, ата-аналардың қарым-қатынасына түсініктікпен қарауға көңіл бөлу .
Слайд 3Мамандардың көмегі: - аурудың пайда болуы мен оның емдеу мен түзеу
жолдарын ата-аналарға түсіндіріп хабарлау.
баланы күту жолдарын ата-аналарды арнайы дағдыларға үйрету.
бір қалыпты, тыныш жағдай жасау жолдарын қалыптастыру.
Көмек жолдарының нормасы: ата-аналар семинарына шақыру, яғни баланың жағдайын басынан өткізген ата-аналардың тәжірибесімен бөлісу, жеке кеңес беру.
Слайд 42 –ЭТАП “ШЫН ЖАҒДАЙДЫ ҚАБЫЛДАМАУ”
Ата-аналардың шошынуы көбіне негативті жағдайды тудырады. Диагнозды
қабылдамау жолдары, баланы дәрігерге қаратпау, тексеруге қарсылық білдіруі. Кәсіби дайындықпен жеке ресурстық білім деңгейінің нашарлығы баланың ішкі дамуын тежейді. Нәтижесінде отбасының психологиялық келеңсіз жағдайының өсуі, олардың жаңа емдеу жолдарын іздеуге мәжбүр етеді. Кінәлі жандарды тауып, оларға шара қолдануды, тіпті ғылыми және лабораториялық орталықтардан бұл “диагнозды” алып тастауды талап етеді. Ал, кей ата-аналар бұл “диагнозды” қабылдайды, бірақ болған жағдайға шарасыздық танытып, мүмкіндік жасамайды. Бұл жағдайда психологтың міндеті – ата-аналармен баланың мүмкіндігін пайдаланып, даму потенциалын жасау, айналамен қарым-қатынас жолдарына тәрбиелеу.
Слайд 5Мамандар кеңесі.
а) Ата-аналармен бірге жасалатын әрекеттердің бағалылығын анықтау баланың психологиялық
дамуындағы өзгерістерді бағалау.
б) ата-аналардың, баланың жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
в) Мүгедек балаларды қарапайымдылыққа үйрету, оларға демалыс ұйымдастыру, бала-бақша тәрбие орындарына жолдама беру.
Көмек көрсету түрлері: отбасылық кеңес, балаға көмек көрсету және қамқорлық жасау жолдарына әр отбасының мүшелерін оқыту, өмір тіршілігін бірлесе жоспарлау.
Слайд 6 3- ЭТАП “СОЗЫЛМАЛЫ ТОҚЫРАУ”
Баланың қажетті жақсаруының болмауы, ата-аналардың белсенділігін
тежейді. Алдағы үмітке күш жұмсауды, уақыт жіберуді бос әурешілік деп ойлау пайда болады. Жағдайды шешуге ниеттері жойылып, болғанға дейін көнуге бел буады.Тіпті, осы жағдайды пайдаланып, өздерінің тәртібі нашарлайды (мысалы, ішімдікке әуестенуі). Осындай мезгілде психолог басқа салалардың мамандарынан көмек сұрап, комплексті жұмыс жасау арқылы отбасы жандарының моральдік, рухани байланысын қалыптастырады.
Слайд 7 Қажетті көмек:
баланың психофизиологиялық дамуының актуалдығын бағалау, ата-аналармен мәселелерді шешу
үшін стратегиялық мақсаттар қойып, қызметті әркімге жеке бөлу.
ата-аналардың сұрақтарына жауап беру .
отбасының әлеуметтік байланыс ортасын кеңейтуге көмектесу.
Көмек көрсету формасы: отбасылық немесе жеке кеңес беру, ата-аналар топтарымен кездесу өткізу, басқада қызығушылық білдіретін мамандармен кездесу.
Слайд 84- ЭТАП “ЖАҒДАЯТТЫ ТҮСІНУ”
Бұл кезеңде ата-аналарға баланың тұрмыс тіршілігін жеңілдету үшін
бар жеке қабілетті, яғни, тұлғалық коммуникативтік, тәжірбиелік және кәсіби деңгейді пайдалану қажеттілігі айтылады. Негізгі көрініс ата-ананың мамандардан кеңес сұрап, өз тараптарынан ізденіс көрсетуі бұл жағдаятты бақылап, баланың қызығушылығымен жұмыс жүргізуі. Бала қиындық туғызушы ғана емес, қуанышты тудыруға мүмкіндігі барын біліп, басқада осындай отбасыларына хабарласып қиындықтың жою жолдарын қарастырады.
Слайд 9Негізгі тіректі ата-аналар баланың өздігінше өмір сүре білуіне, әлеуметтік өмірде ешкімнің
көмегінсіз шешім таба білуіне үйретуге назар аударады. Психологтың міндетті- әлеуметтік тұрғыда баланың жетілуіне ата-аналардың керек екендігін, шығармашылық дамумен үміт ете білуіне, ”дұрыс” бағыт бере білуі.
Көмек: - ата-аналар мен мамандардың оқыту, дамыту үйрету процестерін бірігіп ұйымдастыра білуі, шараларды жүргізуі.
Слайд 10 Көмек көрсету түрлері: Тәжірибемен бөлісу, біліммен, диалог жүргізу, бірігіп қызмет
ету.
Ата-аналармен толық жұмыс жүргізу мамандардың негізгі мақсаты болып табылады. Жеке баланың психологиялық-педагогикалық дамуына байланысты отбасының көмегімен оқу мен тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет.
Слайд 11Коррекциялық көмек жүргізу үйге берілген тапсырмамен шектелмейді, керекті жаттығулардың түрлерімен дағдыландыру
бірте-бірте қалыптасады. Белгілі уақыт аралығында әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдану арқылы ата-аналар нәтижеге жетеді. Оқытушымен бірігіп балаға түзеу, көмек беру, олардың тыңдау, көру, бағыну қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізіледі.