Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
Бекет
Нұрсұлтан
Гаухар
Әлихан
Тони
“Тұрғызба продакшн”
Мұратбек
Әжелер ансамблі
Айғаным
Қайрат
Бишілер
Ақтоты
Руза
Манарбек
Қуанышбек
Бейбарыс
Ақболат
Қайрат 2
Думан
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!!
Бекет
Нұрсұлтан
Гаухар
Әлихан
Тони
“Тұрғызба продакшн”
Мұратбек
Әжелер ансамблі
Айғаным
Қайрат
Бишілер
Ақтоты
Руза
Манарбек
Қуанышбек
Бейбарыс
Ақболат
Қайрат 2
Думан
Р:Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Сақтай көр деп терістен
Көз көрместей өш десіп,
Үлкендер бата беріскен дей отыра алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Өтешева Нұрғайша Хиуақызына береміз
Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.
дей отыра ортаға Нурлан Албан мен әжелерімізді шақырамыз.
(Аманқос Бекет пен 9 т қыздары)
Р:Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған.
Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен
А: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл
ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен.
Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.
Р:Олай болса, ақсақалды көзі шалған жан бар ма?
(Музыка жіберіп Қызыр баба келеді)
А:Міне өздері де келді.Ендеше бата алып қалайық, жамағат!
Руза:Уа, халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
(Әжелер алға қарай жүріп «Наурыз құтты болсын»,
«Ұлыс оң болсын» деген тілектер айтып шашу шашады.)
Салтанат:
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Руза: (шашу шашылып жатқанда)
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ақтоты:Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Ойын
Құрметті тойшы қауым. Қазір ортаға ұстаздарымызды шақырғамыз келіп отыр. Аты аталған апайлар ортаға келсе....
Назгүл апай, Айымгүл апай, Маншук апай
Енді құрметті ұстаздар. Сіздерге қазір қызықты ойын ойнатамыз.
Бірінші орынға LG маркасындағы кір жуатын машина,
екініші орынға Samsung маркалы ыдыс жуатын машина,
және үшінші орынға Panasonik маркалы іс тігетін машина тігіліп отыр.
Сіздерге берілетін тапсырма Наурыз айы тоқшылық, молшылық айы болғандықтан, алдарыңызға келген бауырсақ пен көжені бірінші жеп тауысу
Ойын
Енді ортаға Есенжан мен Әлиханды шақырамыз.
Бұл ойында Бас жүлдеге жылқы. Ал екіншіңе тай мінгіземіз.
Ойын шарты:Сіздерге биыл ҰБТ. Қазір соған дайындық кезінде жүрсіздер. Біз соған көмек ретінде мынадай екі қағазға шпаргалка жазып келіп отырмыз. Сіздерге тапсырма осы қағазды қалталарыңызға тығып экзаменге кіру. Кім бірінші қағазды тауысса сол бас жүлдеге ие болады.
Қ:
Келді Наурыз даладай кеңдігімен,
Көк байрағы желбіреп желді күнмен.
Тәуелсіздік ұранын аспандатқан
Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.
А:Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,
Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.
Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз
Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.
Руза:Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Жұлдыздай боп жарқырашы өзің де
Сахна төріне Әлиханды шақырамыз
Қайрат:
Домбыра тілегімді қуаттасаң,
Үніңе үзіле бір құлақ тосам.
Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,
Бойдағы қуатыма қуат қосам.
Келесі кезекті термеші қызымыз Айгерімге берейік
АҚтоты:
Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні,
Самал желменен қиялың қырға ұшады.
Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған,
Даламның пай-пай! Не деген алып құшағы.
Алдарыңызда Жақсығалиева Айғаным сіздерге арнап
көктемнің жылы шуақ күндерінен әсем ән жолдайды
Ақтоты:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
7 сыныптың әншісі, аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы Едіге Мұхамбетжанды «Қырманға кел қалқатай». әнімен ортаға шақырайық.
Руза:
Қуанышбекті мерекелік көңіл күймен сахна төріне шақырамыз
Ақтоты: Баба, халқымыздың салтында кез - келген той - томалақтың, ойын - күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын - күлкінің көркі сәні болған Алдаркөсені ұмытпаған боларсыздар.. Соларды ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді?
Руза:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өркендерге тамсанайық,
Аңыз бен ертегіден бізге жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Алдар көсе мен бай (Қайрат пен Бекет) (Қасық)
Қайрат:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып басып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
5 сыныптың мың бұралған бишілерін сахна төріне шақырамыз
Қайраті: Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.
Руза:: Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.
Ақтоты: Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Бірге:
Жарқырасын Тұрғызбадай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
(хабарламай өздері шықсын)
Саржайлау. Байғали Думан! (бишілер Аружан , Тоғжан, Перизат) (Бәрі шығады)
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть