Слайд 1
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
“Ономастиканы
зерттеу-өз өлкеңді тану”
ғылыми-зерттеу жобасы
Жоба тақырыбы:
“Жаңа өмір ауылының эргонимика және прагматонимикасы”
Слайд 2Жоба жұмысының мазмұны
Жобаның әдістемелік төлқұжаты
Аннотация
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Жобаның әдістемелік төлқұжаты
Тақырыбы: Жаңа өмір ауылының эргонимика және прагматонимикасы
Жобаның оқу-әдістемелік мақсаты:
оқушылардың бойында зерттеушілік дағдыны қалыптастыру, туған өлке тарихына деген құрмет сезімін туғызу.
Жоба қатысушылары: 7-8 сынып оқушылары
Жоба кезеңдері:
2010-2013 жылдар өлкемізге байланысты топонимикалық зерттеулер
2013-2016 жылдар топонимиканың ойконим саласы бойынша ауыл тарихын зерттеу
2018-2019 жылдар топонимиканың эргонимика және прагматонимика саласы бойынша зерттеу жұмыстары
Жұмыс формасы- сабақтан тыс
Материалдық жабдықталуы- аудио-видео, фотоаппарат,компьютер тағы да басқалары
Слайд 4Жоба аннотациясы
Бұл жоба жұмысын жасақтаудағы біздің алдымызға қойған мақсатымыз: бірнеше
кезеңге бөлініп 2010 жылдан бері жолға қойылған өлке тарихын ономастикалық тұрғыдан зерттеуді одан әрі жалғастыру, ономастиканың басқа да салалары бойынша өз өлкеміздің тарихын зерттеу, бүгінгісін зерделеу, болашағын болжау.
Зерттеу жұмысының болжамы: осы жұмыс нәтижесінде біз ономастиканың түрлі салалары туралы көп мәлімет ала аламыз және осы бағыттағы туған өлке тынысын зерделей аламыз.
Зерттеу жаңалығы- біз өз өлкемізді ономастика ғылымының көпшілік біле бермейтін салалары атап айтқанда эргонимика және прагматонимика соның ішінде прагматонимиканың чоконим саласы бойынша зерттеп отырмыз.
Слайд 5Бұл жоба жұмысының өзектілігі-біз осы арқылы өлкемізді ономастикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп
біле аламыз және оны кейінгі ұрпаққа қалдыра аламыз.
Біз алдымызға қойған міндеттерді зерттеудің ақпарат, сұхбат әдісін қолдана отырып шешуді жоспарладық.
Слайд 6Ономастика
Антропонимика
Топонимика
Астронимика
Эргонимика
Зоонимика
Теонимика
Этнонимика
Космонимика
Каронимика
Прагматонимика
Слайд 7Топонимика
2010-2012 жылдар өлкемізге байланысты топонимикалық зерттеулер жүргізілген болатын.
Осы жылдары Жаңа
өмір ауылдық округіне қарасты Социализм немесе Мамбетбай ауылының микротопонимикасы зерттелді. Бұл зерттеулер барысында көптеген микротопонимикалық атаулар, гелонимдер анықталды. Атап айтқанда Мамбетбай ауылынан 7км қашықтықта орналасқан Сатым мен шағатай ауылының ауылының атауы ру бірлестігінің атауына байланысты қойылған. Бұдан басқа липонимдерге жататын Егіз көл өзенінің атауының қойылу тарихы да анықталды.Жазда өзен кеуіп үш бірдей бөлікке бөлініп кететіндіктен Егізкөл атауы осыған байланысты қойылған.
.
Слайд 82013-2016 жылдары топонимиканың ойконим ауыл атауын зерттейтін саласы бойынша ауыл
тарихын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ауылымыз 1930 жылы Украинадан келген қоныс аударушылар негізінде құрылып, «Коммуна» деген атауға ие болды.1937 жылы Коммуна колхоз болып, қайта құрылып, атауы «Новэ Життя»болып өзгертілді.1954 жылы «Чаганск»деген атаумен астық совхозы болып қайта құрылған. 2012 жылдан бастап ауылға «Жаңа өмір»деген атау берілді.
Слайд 9Эргонимика
Эргонимика-адамдардың іскерлік ұйымдарының атауының тарихын зерттейді.
Ауылымызда ең алғашқы дүкендер колхоз дәуірінен
бастап ашылған. Олар халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасаған. Бірақ өкінішке орай бұл дүкендердің атаулары болмаған. Кейін совхоз дәуірінде 1960 жылдары ауылымызда жаңа дүкендер салына бастайды.Ауылда тек азық-түлік дүкені ғана емес галантерея, өндірістік бұйымдар,кітап дүкені, шаруашылық бұйымдары дүкені, аяққиім дүкені,арақ-шарап дүкені,ойыншықтар дүкені, құрылыс материалдары дүкені болды. Дүкендер бірқабатты үйде орналасты.
Дүкендердің жұмыс тәртібі таңертеңгі сағат жетіден кешкі сағат 20-00 ге дейін жұмыс жасаған.
Слайд 10Ауылымызда 1960 жылы салынған азық-түлік дүкені
Слайд 11Прагматонимика
Прагматонимика-тауар атауларын зерттейді.Мысалы:чоконимдер-шоколадтық өнімдер атаулары,парфюмоним-парфюмерлік өндіріс бұйымдарының атаулары
Ғаламтор беттеріне көз жүгіртсек
алғашқы кәмпиттер Египетте пайда болған.Онда салтанатты жиындар кезінде бал қосылып қайнатылған құрманы лақтыратын болған.Рим ауқаттыларының салтанатты жиылысында мак, анис, күнжіт қосылған миндаль берген.17-ғасырдың ортасында Франуцуз аспазшылары шоколад қосылған кәмпиттер жасай бастаған.1671 жылы француз аспазы «пралине»деген атауға ие болған тұңғыш шоколадтық кәмпиттер жасап шығарады.
Кеңес Одағында аты аңызға айналған кәмпит түрлері болды.1940-жылдары Ленинград қаласындағы Н.К.Крупская атындағы кондитер фабрикасында «Мишка на севере» және «Белочка»атты шоколадтық кәмпиттер жасалып, шығарылып, сауда айналымына түседі. Тіпті соғыс жылдарында да кәмпит өндірісі тоқтаған жоқ.
1960 жылдары елімізде «Каракум», «Красная шапочка», «Красный мак», «Маймақ аю» кәмпиттері шығарылды.1970 жылдары «Гулливер» және «Журавлик»кәмпиттері шығарыла бастады.
Слайд 12Осы орайда біздің прагматонимиканың чоконим бағыты бойынша анықтағанымыз төмендегідей мәліметтер:
Ауылымызда
Кеңес үкіметі кезінде азық-түлік дүкендерінде «Каракум», «Красная шапочка», ,«Маймақ аю» кәмпиттері сауда айналымында болған.
Каракум кәмпитінің атауы Қарақұм шөліне байланысты қойылса, «Маймақ аю» кәмпитінің атауы осы кәмпитті өндіріске шығарумен айналысатын кондитерлік фабриканың қожайыны Юлиус Гейстің кабинетінде суретші Иван Шишкиннің «Қарағайлы ормандағы таң»суреті ілініп тұрса керек. Міне фабрика қожайыны осы суретке қарап, кәмпитті «Маймақ аю»деп атау керек деген шешімге келген. Ал «Красная шапочка» кәмпитінің атауы «Қызыл телпекті қыз» атты орыс ертегісінің атына байланысты қойылған.
Слайд 13Осы бағытта бүгінгі таңдағы ахуалға көз жүгіртсек бүгінде елімізде шығарылатын кондитерлік
өнімдер атауларының басым бөлігі орыс тілінде. . Әрине, араларында «Астана», «Рахат», «Баян Сұлу», «Әйгерім», «Айтыс», «Балапан», «Махаббат», «Гүлдер», «Отырар» тәрізді қазақша жазылған тауар атаулары да кездеседі. Бірақ саны өте аз. Бір сөзбен айтқанда, дүкен сөрелеріндегі тауар атаулары өзге елде жүргеніміздей әсер қалдыратыны жасырын емес.
Слайд 14Қорытынды
Біз өз жобамызда ауыл тарихын жан-жақты қамтуға тырыстық. Жоғарыда айтып өткеніміздей
ауыл тарихын зерттеу ісі кезең-кезеңмен жолға қойылып отыр. Өйткені ауыл тарихын зерттеу бір күннің немесе бір жылдың еншісіндегі нәрсе емес. Бұл ұзақ жылғы еңбектің, төккен тердің жемісі. Біздің алға қойған мақсатымыз -ономастика бағытында ауыл тарихын зерттеу, ономастиканың көпшілікке белгісіз салалары бағытында туған өлкенің өткені мен бүгінгісін зерделеу, болашағын болжау . Біз бұл мақсатты түгелдей орындамасақ та біршама іс-шаралар жүйесін жасақтадық, атқардық, әлі де жалғастыратын боламыз. Өйткені тарихты білмеу емес, сол тарихты бағаламау әлдеқайда ауыр!