Слайд 1Науқастың тамақтануы және тамақтандыру
Слайд 2Тамақтану маңызы
Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды
тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді.
Слайд 4Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан 4 ккал, 1 гр майдан -
9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес кұрастырылуы керек 100 - 120 г, өсімдік - 40 гр, жануар майы - 85 - 90 гр, өсімдік - 10 - 15 гр, көмірсулар - 400 - 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тағам салмағы З кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Орта есеппен алғанда ересек адамдарда энергияның физиологиялық қажеггілігі 2500 ккал
Слайд 6 Физикалық жұмыспен айналысатын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы
керек. Төсек тартып жатқан науқастарға энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндерді қалпына келтіру үшін «құрылыстық» заттар болып табылады
Слайд 8Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гипо- немесе авитаминозға әкелуі ықтимал,
Ішкі ағза
ауруларының негізгі кешендік емі болып табылады. Онда тамақтану тәртібін сақтау да кіреді, сау адам күніне 4 рет тамақтанады.
Мейірбикенің міндеті науқастарға жалпы күтім жасап, емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
Тамақтану – тірі ағзаның негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады.
Слайд 10Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм
үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен (калория) өлшенеді. Ағзадағы 1г ақуыздың тотығуынан – 4 ккал, 1г майдан – 9 ккал, 1г көмірсудан – 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік 40г, жануар майы – 85-90г, көмірсулар – 400-500г, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг-ға дейін жетуі керек
Слайд 12 Ақуыздар
Жасуша мен жасушааралық заттардың
негізі болып табылады. Олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді; тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады; оттегі тасымалдайды; ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды. Ақуыздар жануар тағамдары мен өсімдіктердің құрамында болады. Мысалы, сүт, ет, балық, нан, жарма, бұршақта.
Слайд 13Адам ағзасындағы 85% құрғақ заттар ақуыздарға жатады. Ақуыздың бұзылған бөлшектерін құру
үшін және жаңа жасуша жасау үшін адам ылғи ақуызға зәру болады. Адам ағзасында олар азоттың жалғыз қайнар көзі болады. Ақуыздар 20 аминоқышқылдардан тұрады. Соның ішінде 8-і ағзада жасалынбайтын, айырбасталмайтындар, сондықтан олар тағамдар арқылы түсуі мүмкін. Қалған ақуыздар адам ағзасында азот алмасу процесі кезінде жасалынады.
Слайд 15Орта жастағы адамдардың ақуыз нормасы тәулік бойынша 1-1,5г/кг дене салмағына тең.
Қарт адамдарға ақуыздың қажеттілігі 1граммнан аздау болады. Ағзаның ақуыздарға қажеттілігі физикалық, эмоционалдық жүктемелерде, үсіктерде, дене қызуында жоғарылайды
Слайд 16 Липидтер /майлар/
Энергияның маңызды қайнар көзі болып саналады.
Жасуша мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Олар жасуша құрылымдарының құрамына кіреді, жасушаның қалыпты өмір сүруіне қатынасады. Майлар жартылай қор түрінде май деполарында: тері астындағы май қабатында, шарбыда (сальник), ішкі ағзаларды орап тұратын дәнекер ұлпаларда сақталады. Тері астындағы май қабаты адам денесін механикалық әсерлерден, тоңудан сақтайды, ішкі ағзаларды қоршап тұратын май қабаты оларды тұрақты қалыпта ұстайды және соғып алудан, шайқалудан сақтайды. Майлар кейбір минералды заттар мен майда еритін дәрумендердің ішек арқылы сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Слайд 18Майлы тіндер – энергиялық заттардың белсенді қоры. Егер ағзада көмірсулар жетіспесе
немесе оның калориясы төмен болса, май қоры ең бірінші жоғары энергетикалық зат болып жұмсалынады
Майлар - майда еритін дәрумендердің (дәрумен Д) ақуыздың сіңірілуін күшейтеді, қалқанша бездің жұмысын белсендетеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін күшейтеді, тамақтың дәмін жақсартады, тойынған сезімді шақырады.
Слайд 20Тәуліктік рацион калориясының 28-30%-ын майлар құрайды. Суық ауада майларға қажеттілік жоғарылайды,
ыстық ауада төмендейді. Адамның майларға тәуліктік қажеттілігі 30% өсімдік майлары және 70% жануар майларымен қамтамасыз етілуі керек. Адам тағамында майлардың жеткіліксіз немесе артық болуы зиянды. Майлар жеткіліксіз болған жағдайларда дене салмағы, ағзаның қорғаныс күштері төмендейді т.б. Майларды көп мөлшерде қабылдау зат алмасу бұзылуларына, кейбір аурулардың (атеросклероз, қант диабеті) дамуына алып келеді
Слайд 21Көмірсулар
Көмірсулар – сүтек, оттегі мен көмірден тұратын заттар. Олар қарапайым (моносахарид)
және күрделі (дисахарид және полисахарид) болып бөлінеді. Кең таралған моносахаридтерге глюкоза жатады. Крахмал, гликоген, пектин заттар полисахаридтерге жатады. Көмірсулар қалыпты зат алмасу процестері үшін өте қажет, олар майлардың толық тотығуына әсер етеді. Көмірсулар адам денесіндегі әр түрлі ағза, жүйелердің қызметіне қажет болған энергиямен қамтамасыз етеді.
Слайд 23Организмде сіңірілетін көмірсулар қандағы қанттың тұрақты деңгейін ұстауға септігін тигізеді. Көмірсулар
жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенде артық глюкоза гликоген түрінде бауыр жасушалары мен бұлшық еттерде жиналады. Гликоген көмірсулардың резервті қоры болып келеді. Қажет жағдайларда гликоген ыдырап глюкозаға айналады да, керекті мөлшерде қанға түсіп ұлпаларға жетеді. Адам ағзасы үшін көмірсулардың негізгі көзі болып өсімдік тағамдары есептеледі. Жеміс-жидектердің тәтті түрлері глюкоза, фруктозаға өте бай. Жармалар, нан, макарон тағамдары, картоп, бұршақтар крахмалға бай болып келеді. Лактоза түрінде көмірсулар сүтте, сүт өнімдерінде кездеседі.
Слайд 25Клетчатка жасуша қабықтарының құрамына кіреді. Ол өт бөлінуін, ішек бездері секрециясын
күшейтеді, ағзадан холестериннің шығуын белсендетіп, ішектің қызметін реттейді. Нан, бидай және сұлы жармалары, орамжапырақ, шалғам клетчаткаға бай болып келеді.
Көмірсулардың негізгі мөлшері ағзаға крахмал түрінде түсуі керек, өйткені ол жаймен ыдырап сіңіріледі. Нан, картоп, жармалар крахмалға бай болып келеді.
Көмірсулар ащы ішекте моносахарид түрінде сіңіріледі. Сондықтан күрделі көмірсулар алдын ала сілекейдің, ұйқы безі, ащы ішек ферменттері әсерінен моносахаридтерге дейін ыдырайды.
Көмірсуларды көп мөлшерде қабылдау зат алмасу бұзылуларына, семіздік, атеросклероз және басқа аурулардың дамуына алып келеді.
Слайд 26Дәрумендер
Дәрумендерге биологиялық белсенділігі жоғары, химиялық құрамы әр түрлі болған заттар жатады.
Олар ағза үшін таптырмас зат болып, өте аз мөлшерде өмір сүру процесінде маңызды рөл атқарады. Ферменттермен қоса ағзаның барлық өмірлік қызметтерінің биологиялық катализаторы болып келеді. Дәрумендер ағзаның қорғаныс қызметін күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін және мықты денсаулықты сақтайды. Дәрумендер суда еритін (С, В тобы, РР) және майда еритін (А, Д, Е, К) болып екі топқа бөлінеді.
Слайд 28 Минералды заттар
Ағзаның өмірлік процестерін реттеуде
маңызды рөл атқарады. Олар макроэлемент және микроэлемент болып бөлінеді. Макроэлементтер – бұл денеде жоғары концентрацияда кездесетін минерал заттар (натрий, калий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт). Микроэлементтер – бұл денеде өте аз мөлшерде кездесетін микроэлементтер: темір, марганец, кобальт, йод, фтор.
Макроэлементтер ұлпалардың түзілуінде, ағзаның қышқылды-сілтілі жағдайын, су-тұз алмасуын, осмотикалық қысымды реттеуге қатысады
Слайд 30Кальций - сүйек ұлпасын қалыптастырады, жүйке ұлпасының қозуына, және бұлшық еттердің
жиырылуына әсер етеді, қан ұюына қатысады, тамыр қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді. Кальций көзі - сүт өнімдері.
Калий - су-тұз алмасуын, осмотикалық қысым, қышқылды-сілтілі жағдайды реттеуде үлкен рөл атқарады. Калий бұлшық еттердің, сонымен қатар миокардтың қалыпты қызметі үшін қажет. Ағзадан су және натрийдің бөлінуіне ықпал етеді. Калийге теңіз орамжапырағы, картоп, бұршақтар, шабдалы бай болып келеді
Слайд 31Магний - көптеген ферментерді белсендетеді, жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетеді; ішектердің қимыл-әрекет
қызметін және өт бөлінуді күшейтеді; антиспастикалық әсерге ие, ішектен холестериннің бөлінуіне ықпал жасайды. Магний бұршақтарда, сұлы, тары, кептірілген жеміс-жидектерде көп мөлшерде кездеседі.
Фосфор - сүйек ұлпасының түзілуіне қатысады, ағзаның өмірлік процестерінде, әсіресе жүйке, бұлшық ет ұлпаларында, бауыр, бүйректе зат алмасу процестерінде үлкен рөл атқарады. Фосфор көзі - ірімшік, сыр, жұмыртқа, ет, балық, уылдырық
Слайд 32Натрий және хлор - ағзаға ас тұзымен түседі. Натрий жасушаішілік және
ұлпааралық алмасуда маңызды рөл атқарады, су алмасуына қатысады, қышқылды-сілтілі жағдайды реттейді. Хлор асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне қатысады.
Темір - қан түзуді және ағзада ұлпа тынысын қамтамасыз етеді, эритроциттер гемоглобинінің, бұлшық ет миоглобинінің, маңызды ферменттердің құрамына кіреді. Темірдің ең жақсы көзі - ет өнімдері (олардың 20-25% темір сіңіріледі), бұршақтар, нан, жұмыртқа. Аз мөлшерде жеміс-жидектерде кездеседі.
Слайд 33Йод - қалқанша без гормонының түзілуіне қатысады. Әсіресе теңіз балықтары мен
өнімдері: теңіз орамжапырағы, креветкалар йодқа бай.
Фтор - сүйектердің, әсіресе тістердің түзілуі үшін өте қажет. Теңіз балықтары мен өнімдерінде көп мөлшерде кездеседі.
Слайд 34Су
Су ересек адам денесі салмағының 2/3 бөлігін құрайды. Әсіресе судың мөлшері
жас ағзада көп болады. Дененің қартаюы барысында ағза мен тіндерде судың мөлшері азаяды. Су адам денесінде маңызды рөль атқарады. Су зат алмасу процестерімен байланысты барлық биохимиялық және биофизикалық реакциялар жүретін орта болып келеді. Сонымен қатар ол қоректік заттарды тасымалдау қызметін атқарады. Су көмегімен зат алмасу кезінде пайда болатын керексіз заттар ағзадан сыртқа шығарылады, температуралық тепе-теңдік сақталады.
Слайд 36Су секрет және экскреттердің пайда болуы үшін қажет. Адамның суға қажеттілігі
жоғалтқан судың мөлшеріне сәйкес келеді. Қалыпты жағдайда ересек адам 1 тәулік ішінде орташа 2300-2800 мл сұйықтық (зәрмен орташа 1500 мл, терлеу, булану арқылы 400-700 мл, тыныс алғанда 300-400 мл, нәжіспен 70-200 мл) жоғалтады. Сондықтан ересек адамның суға тапшылығы орташа есеппен 1кг дене салмағына 35-45 мл құрайды.
Ауыр физикалық жұмыста, сыртқы орта температурасы жоғарылағанда су жоғалту күшейеді, сондықтан суға қажеттілікті толық қанағаттандыру үшін қосымша 1200-1500 мл су (сүт, шырындар, сорпа т.б) қабылдау қажет.
Слайд 38 Тамақтану тәртібі
Тәулікті тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне
байланысты құру керек. Тәуліктік тамақтың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келуі керек. Ағзаның жалпы энергетикалық шығыны негізгі алмасу мен қосымша алмасудан тұрады.