Слайд 1Мөрлер мен мөртабандарды пайдалану мен сақтау
Мөр - қосымша деректемелердің бірі. Мөр
арнайы нормативтік - құқықтық актілермен белгіленген құжаттарда лауазымды тұлғаның қолының немесе ұйымның құқығының шынайылығын куәландыратын деректеме. Әрбір мекемеде мөрмен куәландыруға тиіс құжаттамалардың тұрпатты ережелерде көрсетілген қосымша тізімдемесі болады. Негізінен материалдық және қаржылық құндылықтарды растайтын құжаттар жеке бас құжаттары, кейбір ұйымдастырушы құжаттар мөрмен куәландырылады.
Елтаңбалы бланктерде рәсімделген құжаттар егер қаржы құжаттары болса, азаматтардың құқығын растайтын құжаттар болса және ерекше заңмен растауды қажет ететін құжат болса ғана мөрмен куәландырылады, басқа жағдайда мөр қойылмайды.
Мөрлер мен мөртабандарды дұрыс пайдалану мен сақтауға ұйым басшысы мен құжаттама қызметі жауапты. Ақауы бар, дұрыс бедерленбеген мөрлерді пайдалануға болмайды.
Слайд 2 Мөрдің түрлері;
I. Дөңгелек мөрлер - мемлекеттік мекемелерде елтаңбалы, ал мемлекеттік
мекемелерді соған сәйкестендіріледі.
II. Мөртабандар және жай мөрлер
Жай мөрлер - мекеменің әрбір құрылымдық бөлімшесінде немесе жекелеген лауазымды тұлғаларда болуы мүмкін.
Олардың саны мекемедегі жұмыстың көлеміне оңды қалыптасады. Құжаттау жүйесіне байланысты әр түрлі болады (овал, үшбұрыш,төртбұрыш т.б.пішінде болады), ал дөңгелек мөр біреу ғана болады және ұйым басшысында сакталады.
Слайд 3Ұйымдастырушылық өкімдік құжаттар тобы.
Әрбір мекеме қызметі әр түрлі нысандағы құжаттарда бейнеленеді.
Солардың ішіндегі ең тараған жүйесі ұйымдастырушылық өкімдік құжаттар (ҰӨҚ). Мазмұнына қарай 5ке бөлінеді. Олардың әрқайсысы мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелердің бәрінде 10.42 – 2001 «Ұйымдастырушылық өкімдік құжаттар тобы. Оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар». Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Ұйымдастырушы құжаттар
Өкімдік құжаттар
Ақпараттық – анықтамалық құжаттар
Жеке құрам бойынша құжаттар
Қаржылық - есептік құжаттар
Ұйымдастырушылық құжаттар – мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты, басқару апаратының құрылымы мен ішкі тәртіп жүйесіне байланысты құжаттар тобы. (Ұйым жарғысы, лауазымдық нұсқаулық, құрылымдық бөлімшелердің ережесі, штаттық кесте саны.)
Слайд 4а) Ұйым жарғысы. Мекеменің құрылуы, қайта құрылу негізгі қызмет бағыты құқықтары
мен міндеттері, басқа заңды тұлғалармен қарым – қатынасы реттелетін басты құжат.
ә) Лауазымдық нұсқаулық. Мекемедегі қызметкердың міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі анықталатын құжат.
б) Құрылымдық бөлімшелер ережесі. Сол бөлімшедегі әрбір қызметкерінің жұмысының ұйымдастырылуы, жалақы төлеу, демалысқа шығару, іс сапарға жіберу, ауыстыру т.б. мәселелерді айқындайтын құжат.
в) Ішкі тәртіп ережесі. Ұйым басшысынан бастап барлық қызметкерлерінің жұмыс уақыты міндеттері айқындалатын құжат. Ол ұйымның жалпы жиналысында бекітіледі.
г) Штат кестесі. Мекеменің лауазымдық және сандық құрамы жалақы қорымен қоса көрсетіліп бекітілетін құжат түрі.
Өкімдік құжаттар – ұйым, мекеме кәсіпорындарының ағымдағы қызметін реттеп, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асырып отыратын құжаттар тобы. Оған: бұйрық, жарлық, нұсқау, өкім, қаулы, шешім жатады.
Слайд 5Ақпараттық – анықтамалық құжаттар – мекемедегі қызметтік жағдай туралы не жеке
тұлға туралы расталған ақпарат беретін ұйымдастырушылық.
Бұл құжаттар ұйымда дайындалады не басқа ұйымнан келіп түседі. Оған анықтамалар, қызметтік хаттар, баяндаухаттар, актілер, түсініктеме хаттар, жеделхат, телефонхат, факс, сенімхаттар, қолхаттар, өтініш, хаттама әрі ақпараттық – анықтамалық, әрі өкімдік құжатқа жатады.
Жеке құрам бойынша құжаттар – мекемедегі жеке адамға арналған құжаттар тобы. Оған өмірбаян, түйіндеме, мінездеме, жеке құрам бойынша бұйрықтар, жеке өтініштер, жеке іс парағы, еңбек кітапшасы, еңбек келісімі, жеке еңбек шарты жатады.
Слайд 6&4. Iстердің физикалық-химиялық сақталуын бақылау
72. Негізінде немесе мәтінінде анықталған физикалық
ақауы бар істердің жай-күйі есепке алу журналында тіркеледі және оларды арнайы өңдеудің (қалпына келтіру, залалсыздандыру, дәрілеу, шағын фильм жасау, көшірмелеу, электрондық пішінге аудару, орнын ауыстыру) түрлері жазылып, физикалық-химиялық жағдайын жақсарту жөнінде қолданылатын нақты шаралар көрсетіледі.
73. Зең басқан және жәндік түсіп залалданған істер тез арада санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің арнайы өңдеуіне тапсырылады.
Слайд 7&5. Мұрағат қоймасынан істер беру
Істер пайдалану үшін
және арнайы өңдеуден өткізу үшін мұрағат қоймаларынан алынып беріледі. Бұл тапсырыстармен ресімделіп, істерді беру кітабында тіркеледі.
Iстер уақытша пайдалануға ұйым қызметкерлері үшін он күннен аспайтын мерзімге, ал басқа ұйымдар үшін - бір айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Істер сот, тергеу, прокуратура органдарына Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша беріледі.
Iсті берген кезде оның орнына мұрағат қорының, тізімдеменің, істің нөмірлері, пайдаланушының фамилиясы, берілген және қайтарылған уақыты көрсетіліп орынбасар-карта қойылады. Іс мұрағат қоймасына қайтарылғаннан кейін орынбасар-карта алынады.
Iсті бергенде және қайтарғанда пайдаланушының қатысуымен іс құжаттарының парақтар нөмірлері және жай-күйі тексеріледі.
Істердің бүлінуі, жекелеген парақтардың жетіспеушілігі орын алған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес шаралар қабылдау үшін ұйым басшысына тапсырылатын акті жасалады.
Слайд 8Киноқұжаттар мен бейнеқұжаттар:
1) түрлеріне қарай – фильмдер, арнайы шығарылымдар, киножурналдар,
жеке кино- және телесюжеттер;
2) фильмдердің, арнайы шығарылымдардың, киножурналдардың шығу жылдарына қарай; жеке кино- және телесюжеттердің өндірістік нөмірлері бойынша; 3) есепке алу бірліктеріне (толықтыру); 4) түсті (түрлі-түсті, ақ-қара); 5) үлдірдің форматы (8 мм, 16 мм, 35 мм, 70 мм және басқа) бойынша жүйеленеді.
Фотоқұжаттар мына түрлер:
1) әр түсті негативтер (түрлі-түсті немесе ақ-қара) және 2-8 сандарымен белгіленген көлемдері (2 саны 2,5 см х 3,5 см; 3 – 6 см х 6 см; 4 – 6 см х 9 см; 5 – 9 см х 12 см; 6 – 10 см х 15 см; 7 – 13 см, х 18 см; 8 – 18 см х 24 см) көлемдегі негативтерге сәйкес келеді) бойынша жүйеленеді.
Көлемі кіші, 6-8 көлемді негативтерді жүйелеу кезінде оларды бір топқа біріктіруге рұқсат етіледі.
2) әр түсті слайдтар (диапозитивтер); 3) позитивтер, фотобасылымдар;
4) фотоальбомдар; 5) диафильмдер; 6) «Э» әрпімен белгіленетін электрондық құжаттар (сандық немесе заманауи тасығыштағы фотоқұжаттар).
Үнқұжаттар, ақпаратты `дыбыстық жазу түрлері – фонографиялық, граммофонды, оптикалық, магниттік, лазерлік болып жүйеленеді. Белгілі бір жазба түрінің үнқұжатына жеке тізімдеме құрастырылады. Үнқұжаттың ішкі түрлері сақтау бірліктеріне және толықтырулары бойынша орналастырылады.