Артур Серікбайұлы
Қызығы мен шыжығы мол студенттік кезді қимастықпен үздік аяқтап, еңбек жолымның тұсауын Шипов мектебінен бастағым келді. Студент болып жүрген уақытта мектеп басшысының ықпалымен осы жұмысымның бастамасын көрген болатынмын. Өз басым университет үшін шәкірт болып жүргенімде, мектепке келіп оқушыларға мұғалім болып көріну – мен үшін қызық еді. Осылай мен Орал тауының етегінде орналасқан мекенге жас маман болып қадам бастым.
Ештеңеден бейхабар, мектеп өмірінің жұмбағын шешу сәл де болса да қиындық туғызғаны рас. Адам баласы бәрін біліп тумайды. Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз күй кешіп жүргенде, саусақпен санап аларлықтай жандар маған қолтығымнан демеді. Атап айтсам, мектеп басшысы мен оқу ісінің меңгерушісі менің жұмысқа деген сенімімді күшейтті.Әлі есімде, алғашқы менің жұмысқа қабылданатын күнім...Сол кездегі маған деген сенімдері үшін мың алғыс айтамын! Және де әлдебір іс қиындық туғызып жатса, маған деген артқан сенімдері бірден ойға оралып, құлшыныспен алға қойған мақсатымды орындауға асығамын.
Бүгінгі таңда жан – жағымды барлай алатын деңгейге жеткенім – Гүлмира Юсупқызының арқасы. Талабы таудай, өз ісінің шебері, толықтай үлгі аларлықтай жан. Жас маман болсын, басқа да ұстаздарға болсын өзінің жаңашыл ойларымен бөлісіп, әр сабақтың қалай өтуі тиіс жайында мол мағлұмат беретін білікті де білгір ұстаз. Кез-келген іске жауапкершілікпен қарауды, әр айтылған сөзіміз мағыналы болуды үйретуден әсте шаршамайды. Талап қойғыштығының арқасында, біздер, жас мамандар мол ізденіс үстінде жүреміз. Қабағын бір шытпайтын, шын жүрегімен ақылын айтатын Гүлмира Юсупқызынан үйренеріміз әлі де алда.
«Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі, зор тұлға» дегендей, бағыт берер бағдаршамымыз болып аман-есен жүре бергейсіз. Сізден үйренер іс-тәжірибеміз жалғасын үзбейді деп сенемін.
Ақманар Қалыбекқызы
7. Баланың намысына тимеу үшін не істеу керек?
Баланы жеке мәселелерін өзі шешетіндей жауапты қылып тәрбиелеу аса маңызды. Алайда, бұл «өзім білемін» деген менмендікке айналып кетпеуі керек. Оның пікірін де тыңдап алып, қаншалықты қолдау қажеттігін сұраған дұрыс. Ата-ана мен мұғалім баланың өз қиыншылығымен жеке қалғанда, психологиялық жағдайы қандай болатынын бақылаған жөн. Оған ең керек кезде білдіртпей демеп жіберсең, бала өзі шешкендей қатты қуанады. Бірақ оның намысына тимейтінтей демеушілік болғаны жақсы. Сондай кезде ғана ол сізге деген сенімін жоғалтпайды.
Ата-аналарға арналған кеңес
Басы 1-санда
ЖББ Шипов ОМ жанындағы
мектеп – интернаттың тәрбиешісі
Артыгалиева А.Р
"Жеңіс" - Мерейдің спортшы қыздарында
Ауылдың балалары қазақша күрес десеңіз қандары беттерінен көрініп, көздері шыранадай жанады. Біздің оқушылар да бұл жарыстан құр қалмады. 10-13 ақпан аралығында қазақша күрестен 1998-1999 жылғы қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын. Сол чемпионатқа үш қызымыз қатысып, 44 келі салмақта - Избасарова Г. (І орын), 48 келі салмақта - Мухамедрахимова А. (ІІ орын) және 63 келі салмақта - Хамитова А. (ІІІ орын) еншіледі. Қыздарды жаттықтырып жүрген тарих пәнінің мұғалімі, қосымша қазақ күресінің жаттықтырушысы Жангирова Улбике Изтелеуовна. Жеңісті қанжығасына байлаған қыздарға және жаттықтырушысына әрі қарай қазақша күресті дамытып, табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!
10-сынып оқушысы
Шайхина Мейрамгүл
Математика- информатика- физика
апталығы
Бір дегенім – бөрік,
Бөрікті ки көріп.
Екі дегенім – етік,
Тікті етікші етік.
Үш дегенім – үтік,
Төрт дегенім – қолғап,
Қолғапты жүр сулап.
Бес дегенім – байпақ,
Байпақты ки баптап.
Нагимова Снежана
Өтірік өлең
Бірде шықтым аспанға,
Ұйықтап қаппын масқара,
Енді бір тұрып қарасам,
Жатыр екенм жерде.
“Неге олай?” десем мен,
Аспан мен жер алмасып,
Аспан жерде, жер көкте,
Енді үйде жоқ, күй де жоқ,
Отырдым бұлттың үстінде,
Бір кезде аяғым ыстықтап
Жанып бара жатырды.
Қарасам күннің үстінде
Тұр екен менің аяғым.
Күнді көріп бақырдым,
Ол да шошып бақырды.
Алайда біздер достастық,
Күндіз бар, түнде жоқ,
Ажырамас дос болдық!
Сағынгереева Ырысханым
Ұстазыма
Ұстазым менің, ұстазым,
Сізбенен өтуде қыс-жазым.
Үйретіп әрбір әріпті,
Түнеріп бір сәт ұрыспадың.
Он жеті шәкірттің жағдайын,
Ойлайсың ертемен әрдайым.
Сыныптың реттеп мән-жайын,
Қолғанат болуға мен дайын !
Өзіңмен, ұстазым, мақтанам,
Сыйлар ем күн шуақ әр таңнан.
Атыңды алтынмен жазуға,
Қолымнан келгенше атсалам!
Меңдіханова Ақжарқын
3-сынып оқушысы
Менің құрбым
Мектеп түлегі
Избанова Анеля
Жарайсың Мейрамгүл!
Әрдайым салмақтылығымен адам жанын өзіне баурайтын менің жан құрбым – Жадыра. Мектеп түлегі, атан-анасының үмітін ақтап, жоғарғы оқу орнына түсіп кетуіне мен де тілекшімін. Шындықты жаны сүйетін, жағымпаздыққа жол бермейтін Жадыраның мінезі маған ұнайды. Ол әрдайым “ Шын дос сыртыңнан мақтайды” деген ұранды ұстанады. Мен де осындай ниетпен жан құрбым арқылы мақтансам ба деймін. Ол кешегі аудандық “Биология-экологиялық” олимпиадан еңбекпен келген жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Бұл Жадыраның алғашқы жетістігі емес, және де соңғы жеңісі де емес деп ойлаймын. Себебі ол осы мектеп қабырғасында жүріп талай белестерді бағындырды. Болашақта да тек биіктен көретініме сенімім мол.
Ақылды адам сөйлер алдында ойланар,
Ақымақ адам сөйлеп жатып мазақтар,- дегендей, Жадыра үнемі көп ойланып, аз сөйлейді.
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрәгә екен,
Достық деген – адамның серігі екен, - дегендей, досыма тек нұрлы күндер тілеймін!
9 – сынып оқушысы
Мухамедрахимова Ақерке
Жадыраған Жадыра
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
м
ұ
ғ
а
л
і
м
Ойлан, тап!
Сөзжұмбақ
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть