Слайд 1 Тақырып: Өндірістік санитария
Өндірістік санитария дегеніміз-еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын,
жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын,кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Слайд 3Шу дегеніміз-адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.Адамның дыбысты қабылдауы оның
жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты.
Дыбыстың қысымы деп-оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз.
Дыбыстың қысым-Паскальмен(Па) өлшенеді.
Дыбыстың екпіні деп-дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз.Ол Вт/м квадратпен өлшенеді.
Дыбыстың жиілігі дегеніміз-оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы толқуы 1 герцке тең.
Адамның жай сөйлегендегі дыбысының орташа деңгейі 40 децибилл болып есептеледі.
Слайд 4Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген:
Жиілігі төмен шулар-40-75 дб
Жиілігі орташа
шулар-75-85дб
Жилігі жоғары шу-85-100 дб-дейін адамға зиянсыз.
Шудың деңгейін шу өлшегіш-шумомер арқылы өлшейді.
Ойлау арқылы (оқу,жазу) жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшерібарлық жиілікте 60дб-ден аспауы керек.
Станоктерде шудың мөлшері -80-100дб
Пневморпрестерде-120дб
Реактивті двигательдерде-140- тан жоғары бола ды.
Шудан қорғану үшін құлаққа киетін наушниктер пайдаланылады.
Мысалы, механизаторлар мен жөндеушілерге берілетін ВЦНИИОТ-1наушнигі жоғары жиіліктегі 110-120 дб шудан қорғай алады.
Слайд 5Ультрадыбыс деп -жиілігі 20кгц-тен жоғары дыбыстарды айтамыз.Дыбыстың жиілігінің нормасы 10кгц-тен аспауы
керек.
Инфрадыбыс деп-жиілігі 10кгц-тен-20кгц-ке дейінгі дыбыстарды айтамыз.
Бұлардың қай-қайсы да құлаққа, жүйке жүйелеріне кері әсер етеді,адамды шаршатады,еңбекке қабілеттілігін төмендетеді.
Бұл жағдайда барынша өндірісті автоматтандырып,оны дистанциядан, қашықтықтан басқарған жөн.Онымен қоса дыбысты азайтатын құралдарды пайдалану керек.
Слайд 7Діріл дегеніміз-машинаның немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің
серіппелі толқуы.
Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.
Дірілдің деңгейі 16-20Гц-тен асқанда пайда болады,ал жылдамдығы 1м/с болғанда денені ауыртады,жүйке жүйелері мен жүрек-буын жүйелеріне әсер етеді.
Сондықтан мұндай жерге жасы 18-ге толмағандар және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамындаВ дәрумендері болуы керек. Дірілді жерде ауысым уақытының бөлігінде жұмыс істеуге болады және әр 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір ауысымнан артық қылып жасауға болмайды.
Слайд 8Дірілдің деңгейін мынадай аспаптармен өлшейді:
Слайд 9Дірілден қорғану үшін арнайы киімдер:
Слайд 11
Өндірістік санитария дегеніміз-еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам
ағзасына зиянды әсерін жоятын,кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Слайд 12Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
Слайд 13Тақырып:
Жұмыс орынының микроклиматы
Слайд 14Адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілетіне метерологиялық жағдайдың (өндірістік ортаның микроклиматы) ауаның
температурасының,ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.
Сыртқы ортаның өзгеруіне қарамастан адамның дене температурасы -36,7 -37 градус аралығында тұрақты болып саналады. Ауаның ылғалдылығы 70-75 пайызға жетіп, температура жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені бұл жағдайда дененің жылу алмасуы қиындайды. Керісінше адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп,адамның денесі тоңази бастайды.
Слайд 15
Жұмыс орынының микроклиматын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады
1.Ауаның температурасын-сынапты термометрмен
2.Ауаның
ылғалдылығын-психрометрмен
3.Ауаның қозғалу жылдамдығы-анемометрмен немесе катетермометрмен
4.Атмосфералық қысымды-сынапты барометрмен немесе анеройдпен
Слайд 19
Тақырып:
Электржарақаттар.Электр тоғымен зақымданаған адамға алғашқы көмек
Слайд 20Адамға электр тогының әсері
Электр тогының адамға әсерінің көп сипаты бар. Адам
организіміне тоқ өткенде термиялық, электрлік, биологияның әсер етеді. Тоқтың термиялық әсері дененің кейбір жердегі күйік қан тамырларының, нервтердің, қанның қызып кетуінен білінеді. Тоқтың электрлік әсері қанның және организмнің басқа да сұйықтықтардың ыдырауына байланысты. Олардың физикалық- химиялық құрамының біраз бұзылуын туғызады. Тоқтың биологиялық әсері - органикалық тірі жасушалардың қызуы нәтижесінде буындар тартылып қалады, сонымен қатар жүрек пен өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс
алу органдарының жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтату да
мүмкін.
Слайд 21
Электр тоқтың әсері 2 түрлі жарақатқа әкеледі:
Слайд 22Электрлік жарақат тоқ әсерінен тірі жасушаларының тек кейбір жерлерін
жарақаттайды. Оның түрлері:
Слайд 231.Электрлік күю ең көп таралған электрожарақат. Оның екі түрі бар:
Тоқты
Доғалы
Слайд 252.Электрлік белгілер:
. Адам денесінде сұры және күлгін сары түсті дақтар пайда
болады. Белгілері жырық, соғулар, дақ түрінде кездеседі. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл.
Слайд 263. Терінің металдануы:
Электрлік доға нәтижесінде ыдыраған металдың кішкентай бөліктері терінің жоғары
бөліктерінде жиналады. Олар қысқа тұйықталу және рубильниктердің сөнуі нәтижесінде пайда болады.
Слайд 274. Электроофтольмия -
электрдоғаның интенсивті әсерінен көздің зақымдалуы.
Слайд 285. Механикалық -
адам денесі арқылы өткен тоқтың әсерінен буындардың тартылуы.
Слайд 292.Электрлік тоқпен соғу нәтижесінде:
Слайд 30Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
алғашқы көмек
Адамды электр тогы соққанда тоқ көзін
бірден өшіруге, босатуға болмайды.
Егер кернеулігі 1000В болса құрғақ таяқ, шүберек, киім т.б.қолданылады. Мұндай жағдайда аяғынан сүйреп, тоқ соққан жерден жарақаттанушыны міндетті түрде алып кетеді. Бұл кезде көмектесуші адамның қолы құрғақ болу керек. Қолды изоляциялау үшін диэлектрлік не бризент
қолғап немесе қолды жай шүберекпен орап алу қажет. Өзінді жерден изоляциялау үшін резеңке галош сияқты аяқкиімдер көмек болады. Олар жоқ
болса, тақтай немесе тоқ өткізбейтін төсеніштер салынады. Алғашқы көмек көрсету тәсілдері жарақаттанушы күйіне байланысты.
Слайд 31Оны анықтау үшін:
1. Қатты тегіс жерге шалқасынан жатқызып, жүрек, қан-тамыр соғысын
тексеру керек.
2. Көз қарашығын бақылау керек (қарашығы үлкейген болса, қан айналымның тоқтағанына байланысты, яғни адам өліп кетеді).
Барлық жағдайда да жарақаттың күйіне байланыссыз дәрігер шарықтылуы тиіс.
Егер жарақаттанушы есін жоғалтпаған болса, бірақ оған дейін ессіз күйде болса, оның үстін жауып тыныштық күйде дәрігер келгенше жатқызып, қан жүрек тамырының соғуын үнемі бақылау керек.
Слайд 33нәтижесі бойынша былай жіктейді:
1.жеңіл – еңбек қабілеттілігінің уақытша жоғалуы және оның
кейін толық қалпына келуі
2.ауыр – нәтижесінде мүгедек немесе жартылай еңбек қабілеттілігінің жоғалуы;
4.топтық-жарақат ауырлығына тәуелсіз бір уақытта екі және одан көп жұмысшылармен болуы;
3.өлімді
Слайд 34Еңбек әрекетіне байланысты өндірісте болатын сәтсіз жағдайлар төмендегідей бөлінеді:
А) өндірістік (мамандыққа
сай) жарақаттар;
Б) өндірістен тыс еңбектік зақымдану;
В) өндірістегі күнделікті сәтсіз жағдайлар.
Слайд 37Жұмысшылардың қорғау құралдары.
Коллективтік қорғану әдістері
Жұмысшыларды қорғау құралдары қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың
әсерінен алдын–ала қорғау үшін қолданылады. Қорғау
құралдарына келесі талаптар қолданылады:
1. қорғаудың жоғары дәрежелі эффективтілігін көрсету керек;
2. қолдануға ыңғайлы болу керек;
3. адамның қоршаған ортамен қатынасына және жұмыс ісіне қолайлы
жасақталуы қажет.
Слайд 38Жұмысшыларды қорғау құралдары қолдануына қарай екі категорияға
бөледі:
Слайд 39Коллективті қорғану құралдары міндетіне байланысты келесі топтарға
бөледі:
1. өндірістік ғимараттар мен жұмыс
орындарының ауа ортасын қалыптастыру құралдары;
2. өндірітік ғимараттар мен жұмыс орындарын жабдықтау құралдары;
3. иондаушы инфрақызыл, УК және ЭМ-ті сәулеленуден қорғану құралдары;
4. магнитті және электрлі өрістен сақтау құралдары;
5. лазерлі сәулеленуден сақтау құралдары;
6. шудан, вибрациядан, ультрадыбыстан қорғану құралдары;
7. статикалық электрден сақтау құралдары;
8. қоршаған ортаның төменгі және жоғарғы температураларынан қорғану құралдары;
9. механикалық, химиялық және биологиялық факторлар әсерінен қорғану құралдары.
Слайд 40Жеке қорғану әдістері:
Жеке қорғану құралдарының жұмыста қауіпті жабдықтардың
конструкциясымен, өндірістік процестерді ұйымдастыру,
архитекторлы жоспар
шешімдерімен және коллективті қорғауды қамтамасыз ете алмаған жағдайда
қолданылады.
Слайд 41Жеке қорғану құралдары пайдалануына байланысты келесі кластарға бөлінеді:
Слайд 42Көзді қорғау құралдары - қорғаушы көзілдіріктер.
Слайд 44Еңбекті қорғау пәнін оқу арқылы болашақ мамандар:
1.еңбек қорғаудың негізгі заңдылық актілерін
оқып үйренеді;
2.өндірістік жарақаттану,кәсіби ырқаттанудың себептері мен оның алдын алудың жолын меңгереді;
3.өндірістік тазалықтың негіздері мен өрт қауіпсіздігін білетін болады;
4.жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен танысады;
5.еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ережелерімен және оның құжаттарын жүргізу жолдарымен танысады;
Слайд 45Тақырып: ҚР-ның Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
Слайд 46Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы тиіс. Жеке еңбек шарттарында
тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін. Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде белгіленеді:
Слайд 471)16жастан 18жасқа дейін жұмысшылар мен қызметшілер аптасына 36сағат;
2)14жастан 16 жасқа дейінгілер
аптасына24 сағат;
3) Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайы зиянды жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат;
Слайд 48Түнгі уақытта жұмыс істеуге мыналарға жол берілмейді:
-18 жасқа толмағандарға ;
- медициналық
қорытындысы болған өзге де адамдарға;
-жүкті әйелдерге, егер олардың келісімі болмаса;
Слайд 49Кешкі сағат 10-нан таңертеңгі 6-ға дейін түнгі уақыт болып есептеледі.
Слайд 50-Жұмысшылар мен қызметшілерге демалу және тамақтану үшін ұзақтығы жарты сағаттан кем
болмайтын үзіліс береді;
-Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы керек;
-Демалыс күні істеген жұмысы келісім бойынша басқа демалыс күнін беру арқылы өтеледі;
-Барлық еңбекшілерге жыл сайынғы демалыс жұмыс орыны мен орташа табысы сақталып беріледі;
-Мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді;
Демалыс уақыты