еске алып, әрқайсысы өздерінің жұмыстары, отбасылыры жайлы біраз әңгіменің басын қайырып, бұл өмірге наразылығын, ештене жетпейтінін, бітпейтінін мәселелер жайлы сөз қозғайды. Шәкірттерінің сөздерінің аңдысын аңдыған профессор алдарына хрусталь, шыны, пластмасса кеселерді қойып, кофе құйып: “Ішіп отырыңдар”, - дейді. Шәкірттерінің барлығы қымбат хрусталь ыдысқа таласып, арзан ыдысты алғысы келмейді. Сонда профессор оларға былай деді: “Байқадыңдар ма? Барлығың қымбат ыдысты алып, арзанын қалдырдыңдар. Бұл бір жағынан қымбат болып көрінгенмен, сендердің өмірге деген наразылықтарың да осында жатыр. Қымбат кесе кофенің дәмін кіргізбейді, сендер оның сыртына қарап, ішінде не барын естен шығарып алдыңдар. Шындығында сендерге керегі – кофе болатын, бірақ сендер кесені таңдаңдар. Одан соң: “Кім қандай кесе алады?”, - дегендей бір – бірлеріңе сын көзбен қарадыңдар. Енді осыдан қорытынды шығарып көрелік: Өмір дегеніміз - кофе, ал мансап, ақша, жұмыс, бұлар – кесе. Оларды барлығы өмірді сақтауға, оны қамтуға арналған құрал – саймандар. Бірақ та өмірдің өзіне емес, оның сыртқы жағына ғана мән берсек, ішкі дәмін, рахатын сезіне алмай қаламыз. Кофенің тәттілігі кеседе емес. Ең бақытты адамдардың қолына ең қымбат нәрсе жоқ болуы мүмкін, бірақ қарапайым қанағат болады...
Өмірлеріне наразылық айтып, күрсініп отырған шәкірттер ұстаздың осы мысалынан кейін терең ойда қалыпты....
ӨСИЕТ ӘҢГІМЕ