Презентация, доклад на тему Доклад Оқытудың жаңа парадигмасы

Содержание

«Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар»Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне

Слайд 1«Оқытудың жаңа парадигмасы»
Дайындаған: Хыдырбек А.

«Оқытудың жаңа парадигмасы»Дайындаған: Хыдырбек А.

Слайд 2«Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз

әдістеме бар»

Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті.

«Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар»Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім

Слайд 3«Парадигма»
Латынның ҮЛГІ деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады.


Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін, болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі.
«Парадигма»Латынның ҮЛГІ деген сөзінен шыққан. Бұл білімнің концептуалды моделі ретінде пайдаланылады. Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір

Слайд 4Білім парадигмасының түрлері:
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); 2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); 3. Рационалдық (тәртіптілік

парадигмасы); 4. Технократтық; 5. Эзотерикалық.

Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Білім парадигмасының түрлері: 1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); 2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); 3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); 4. Технократтық;

Слайд 5Дәстүрлі білімдік парадигмада
Білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да

тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Дәстүрлі білімдік парадигмадаБілім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті

Слайд 6Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада
Жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани

жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмадаЖеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен

Слайд 7Рационалдық парадигма
Оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы,

сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады. Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.
Рационалдық парадигмаОқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту

Слайд 8Технократтық парадигма
Негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды

бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады.
Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Технократтық парадигмаНегізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады.Адамның қасиеті

Слайд 9Эзотерикалық парадигма
Оқушының табиғи күші.
И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі

басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.

Эзотерикалық парадигмаОқушының табиғи күші.И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік

Слайд 10Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық

енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.

Жалпы білімнің 3 міндеті бар, олар – баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және

Слайд 11Білім берудің жаңа парадигмасы
Жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі.

Білім берудің жаңа парадигмасыЖаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық

Слайд 12Егер классикалық модельде оқу процесінің өзегінде

дидактикалық кешеннің формальді элементтері тұрып, ал оқушы табиғаты мұғалімнің тәжірибесі мен біліміне, мүмкіндіктеріне тәуелді болса, антропоцентрикалық оқу процесі үлгі бойынша қалыптастыратын - дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы, оқу іс-әрекетінің барлық құрылымы индивидтің өзін-өзі дамыту мақсатына бағытталғандығы.
Егер классикалық  модельде  оқу   процесінің  өзегінде дидактикалық кешеннің формальді элементтері тұрып, ал

Слайд 13Білім беру парадигмаларының сипаттамалары

Білім беру парадигмаларының сипаттамалары

Слайд 14Шығармашылық іс-әрекет
Мәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу,

оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
Шығармашылық іс-әрекетМәселені қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде

Слайд 15Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен

ерекшеленеді.

Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады.
Екіншіден, ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады.
Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.
Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.
Сонымен бірге модульдік сабақ оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді.
Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған

Слайд 16Оқушы

Оқушы

Слайд 17Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі:
Әлеуметтік-саяси;
Коммуникативті ;
Зерттеушілік;
Ұлттық мектептерді жаңғыртуға профессионалды және жауапкершілікпен

қатысу қабілеті.

Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі:

Әлеуметтік-саяси;
Коммуникативті ;
Зерттеушілік;
Ұлттық мектептерді жаңғыртуға профессионалды және жауапкершілікпен қатысу қабілеті.

Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі:Әлеуметтік-саяси;Коммуникативті ;Зерттеушілік; Ұлттық мектептерді жаңғыртуға профессионалды және жауапкершілікпен қатысу қабілеті.Жаңа заман мұғалімінің құзыреттілігі:Әлеуметтік-саяси;Коммуникативті ;Зерттеушілік;

Слайд 18Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда...

Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз.
Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть