Слайд 1Дарынды баламен жұмыс.
Пән мұғалімі: Тасимова Ә.Ө.
2014 -2015 оқу жылы.
Слайд 2
Мақсаты:
«Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтау, бейімі мен қызығушылықтарына байланысты білім,
білік, дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шыңдау және ғылым жолына бағыт бағдар беру, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»
Міндеті:
1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану
Слайд 3
Жобаның құқықтық-нормативтік құжаттары:
- Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (10.12.1948.)
- Бала құқықтары туралы Конвенция (20.11.1989.)
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (27.07. 2007 өзгерістер мен толықтырулармен 09.01.2012)
- Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы
Слайд 4
Күтілетін нәтиже:
1. Дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау;
2. Дарынды оқушылардың
банкін жасау (интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық, коммуникативтік қабілеттері бойынша)
3. Дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың мониторингісін жасау
4. Дарынды баларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру
5. Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру, ақпараттық кеңістігін ұлғайту,
6. Дарынды балаларды дамыту үшін негізгі білім беру және қосымша білім беру орталықтарының үйлесімді қызмет жасауына қол жеткізу
Слайд 5
Дарындылықтың бағыттары және дамыту жолдары:
1. Жалпы интеллектуалды дарындылық (жекелеген пәндерге деген
қабілеттілік, ғылыми-зерттеуге икемділік, ғылыми-техникалық, жаңашылдық)
- пәндік олимпиадалар, жарыстарға қатыстыру;
- қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатыстыру;
- интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру;
- мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамына мүше болу
2. Көркемдік – шығармашылық дарындылық (әдеби, хореографиялық, сценалық,
музыкалық, бейнелеу өнеріне деген қабілеттілік)
- оқушылардың қызығушылықтарына қарай үйірмелер, әр түрлі конкурстар өткізу;
- концерттер, фестивальдар, көрмелерге қатысуы;
3. Спорттық дарындылық (жалпы физикалық, спорттың жеке түрлеріне деген икемділік)
- секциялар, жарыстар, жиындарға қатысу.
4. Коммуникативті қабілеттілік : (ұйымдастыру-лидерлік, сөйлеу шеберлігі)
Слайд 6
Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:
- бақылау
- ата-аналармен байланыс;
- олимпиадалар, конкурстар,
жарыстар, ғылыми-техникалық конференциялар;
- психологтар мен мұғалімдердің жұмысы: сынақ, сауалнама өткізу, әңгімелесу;
Даралап оқыту;
Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға,байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу
Слайд 7
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері:
1. Дарынды оқушылармен жүргізілетін топтық және жеке
жұмыс түрлері;
2. Мектеп компонентінен берілетін факультатив сабақтарды жүргізу;
3. Әртүрлі пәндер бойынша оқушы компонентінен берілетін таңдау курстарын жүргізу;
4. Қызығушылықтарына қарай үйірмелер мен спорт секцияларына қатысу;
5. Әр түрлі интеллектуалды, шығармашылық, спорттық сайыстар жүргізу (тақырыптық сурет көрмелері, мәнерлеп оқу сайыстары, апталықтар т. б.);
6. Ғылыми - практикалық конференция, зерттеу - шығармашылық сайыстар өткізу.
Слайд 8Дарындылық
Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай
да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі
Икем – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті
Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы
Талант – арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі
Данышпандық - адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі
Слайд 9Дарындылықтың түрлері
Қызметіне қарай
Интеллектуалдық
Коммуникативтік
Көркемдік-шығармашылық
Спорттық
Көрінуіне қарай
Ашық
Жабық
Слайд 10Дарынды балалар
Интеллектуалдық қабілеті жоғары
Шығармашылық дарыны бар;
Жылдам меңгереді, есте сақтауы жақсы
Білуге
құмар
Жауапкершілігі жоғары
Баланың интеллектуалдық дамуы 5,5 жастан бастап шапшаң жүреді де, 12 жаста аяқталады
8 жаста 90% интеллектің дамуы жүзеге асады;
Диагностикаға сүйенсек, 12-жасар дарынды жасөспірімнің интеллектісі 11-сынып оқушысымен тең болады
Слайд 11Дарындылық дәрежесі
Бірінші — өте жоғары дарынды балалар, оларды данышпандар деп атайды.
100 000 адамда біреуі болуы мүмкін.
Екінші— жоғары дарынды немесе қабілетті 2‑3 %.
Үшінші— қабілетті (15‑25 %).
Басқа балалар қалыпты (70 %)
Дарынды балалардың типтері
1-ші тип қозғалғыш, көңілді, ашық, сөйлеу қабілеті жақсы, лидер, қиялшыл.
2-ші тип
тұйық, ұялшақ, ойға берілгіш, қорқақ
Слайд 12Ата-аналарға кеңес:
дарынды балалар жараланғыш, өз-өзін жақсы көретінін ескеріңіз;
балалармен қолайлы қарым-қатынас орнатуға
тырысыңыз;
сынамаңыз: дарынды балалар көп нәрсені жүрегіне жақын алады;
баланың сұрақтарын тыңдаңыз, жауап беріңіз, қызығушылығының қай бағытта екендігіне назар аударыңыз;
баланың қызығушылығына қарай
қосымша сабақтар
ұйымдастырыңыз.
Слайд 13Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге қойылатын талаптар:
өз ісін сүюі
дәстүрлі емес жұмыс
істеуге қызығушылық
дарынды оқушылардың психологиясын білу
қызығушылық
біліктілік
ізденгіштік
дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қызығушылық
адамгершілік
адам туралы білім
Слайд 15
«Дарынды оқушылармен жүргізілген жүмыстың мониторингісі»
Слайд 162013-2014 оқу жылындағы оқушылардың облыстық, қалалық байқаулардан алған жүлделі орындар мониторингі