Презентация, доклад на тему Тәрбие, оның ерекшелігі және өзіне тән ерекшеліктері

Содержание

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса

Слайд 1Тәрбие, оның ерекшелігі және өзіне тән ерекшеліктері
Орындаған:Сулатанов Дамир

Тәрбие, оның ерекшелігі және өзіне тән ерекшеліктері Орындаған:Сулатанов Дамир

Слайд 2«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім

адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның

Слайд 3Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған
Әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған

тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.Б. Нормалар.

Педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылғанӘлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе

Слайд 4Тәрбиенің қалыптасуы
Мектеп
Отбасы
Айналадағы орта
Өзін-өзі тәрбиелеу

Тәрбиенің қалыптасуыМектепОтбасыАйналадағы ортаӨзін-өзі тәрбиелеу

Слайд 5Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері
Біріншіден, тәрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте

ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық орындарда іске асырылады. Оқушылардың санасының, тәртібінің қалыптасуына әдебиет, өнер, телехабарлар, компьютерлік технология, бейнефильмдер әсер етеді. Қазіргі кезде балаларға әсер етуші хабарлар өте көп, оның кейде жағымсыз әсерлері де болатындығын ескеруіміз керек.
Екіншіден, тәрбие процесі - ұзақ процесс. Ол бала өмірге келгеннен басталып, өмір бойы жүреді. Адам есейген шағында да тәрбиеленіп тіпті қайта тәрбиеленуі де мүмкін. Адам еңбек, моральдық тәжірибені, эстетикалық құндылықтарды меңгеріп білімін кеңейтеді. Әсіресе, баланың мектептегі шағында оның дамуы тез жүреді. Тәрбие ұзақ процесс болғандықтан оның нәтижесін бірден көруге болмайды. Мыс: оқушы қысқа уақыт ішінде тарихи оқиғаларды оқып алуы мүмкін, бірақ тез жақсы жолдас немесе ұжымшыл адам етіп тәрбиелеуге болмайды.
Үшіншіден, тәрбие процесі сатылы сипатта болды. Ол ерекше кезеңдерге бөлінеді.
I-кезеңде бала жанұядағы, мектептегі алғашқы ережелерді меңгереді. Оларда қарапайым тәртіп дағдылары қалыптасады.
II-кезеңде оқушылардың тәртіп туралы алғашқы түсініктерінің негізінде, әртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау қалыптасады.
III- кезеңде тұрақты мінез-құлық дағдыларына ие болады.

Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктеріБіріншіден, тәрбие көп факторлы процесс, ол тек мектепте ғана емес жанұяда, мектептен тыс мекемелерде,

Слайд 6Төртіншіден, тәрбие процесінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Мысалы адамның бір

сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура келеді. Бұл жай қайталау емес, жас ерекшелігіне қарай баланың білімін тәрбиесін, тереңдету.
Бастауыш класта қарапайым тәртіпке көңіл бөлінсе, орта буын кластарында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бірінші орын беріледі. Ал жоғары класта жоғары саналылық қалыптастырылады. Алайда сапалық қасиеттер бір уақытта дамытылады. Бірінші тоқсанда шыншылдыққа, екінші тоқсанда ұжымшылдыққа тәрбиелеймін деуге болмайды.
Бесіншіден, тәрбие процесі - екі жақты, белсенді процесс. Оны тек тәрбиеленушіге педагогикалық әрекетпен шектеуге болмайды.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі міндетті түрде қажет., баланың ішкі белсенділігін ояту керек. Тәрбие процесінде балалардың қажеттілігі мен қызығушылығын да ескереміз.
Алтыншыдан, тәрбие процесінде балалар ұжымын ұйымдастыру жұмыстары маңызды орын алады. Сондықтан А.С.Макаренко “тәрбие жұмысы - ұйымдастырушының жұмысы” – деді. Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, класс жетекшісі, мұғалімдер тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар. Тәрбие нәтижесі көбіне тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігіне, оқушылар ұжымымен дұрыс қарым-қатынас ортада білуіне байланысты.
Жетіншіден, тәрбие болашаққа бағытталған процесс. Тәрбие беру де тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескеруіміз керек.
Төртіншіден, тәрбие процесінде бірнеше рет қайталауға орын беріледі. Мысалы адамның бір сапалық қасиеттерін қалыптастыруға қайта-қайта оралуға тура

Слайд 7Тәрбиенің негізгі мақсаты.
Адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлікке машықтандыру.
Ұлттық сана

сезімі, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол адам тәрбиелеу.

Біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты.Адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.Ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлікке машықтандыру.Ұлттық сана сезімі, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол адам

Слайд 8Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы,

дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік іс - әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс - әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал ажсайды;
- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.

Жалпы педагогикалық процестің аталған екі қызметінің арасындағы принциптік айырмашылық: оқу барысында шәкірт әртүрлі ғылымдар негізін меңгереді, ал тәрбие процесі оқушының тұлғалық сапа – қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.

Оқу мен тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, бір – бірімен ажырамас ұштасқан

Слайд 9Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің

кепілі);
мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).
үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы – оқушы);
тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы

Слайд 10Тәрбие түрлері
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге

туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру
• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы таным іс-әрекетін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбие түрлеріҚоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы

Слайд 11Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты:

негізгі компонентері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет-тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.
Л.И. Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған:
Мектептің “кіші тұжырымдамасының” айқындығы – оның ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен қабылдануы.
Мектеп өмірінің (оқу, еңбек, ойын-сауық, шығармашылық істер балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, бейресми қатынастардың құпталуы.
Балалар өмірінде оқушылар күтіп жүретін қуанышты оқиғалардың болуы.
Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін “ұйымдастырылмаған аралдың” болуы.
Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы.
Қоршаған айналаның мектепке, мектептің қоршаған айналаға енуі.
“Ішкі қайшылықтарды” шешуі.
Мектептегі адамдар арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың қалыптасуы.
Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін толық сезінуі.
Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компонентері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат,

Слайд 12Тәрбие кешенін құрудың қажеттілігі:
Тәрбие жүйесі
Бір-бірімен байланысқан, біртұтас тәрбие үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігі.
Кез-келген

оқушының әрекетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасайтын орта.

Сынып жетекшіге тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыруда өз күш-жігерін, уақытын тиімді қолдану мүмкіндігі.

Сынып ұжымы мүшелерінің дербестігін айқындайтын, сыныптың кейпі, бейнесі қалыптасады.

Сынып жетекшінің балаларға ықпал етуін кеңейту.

Тәрбие кешенін құрудың қажеттілігі:Тәрбие жүйесіБір-бірімен байланысқан, біртұтас тәрбие үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігі.Кез-келген оқушының әрекетін жүзеге асыруына қолайлы жағдай

Слайд 13Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің

күрделі жиынтығы. Оның көмегімен, тәрбие процесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Әрбір әдіс құрал болып табылады, оның көмегімен тәрбиеші оқушы санасына, сезіміне, тәртібіне әсер етіп, әртүрлі іс-әрекеттер ұйымдастырады. Олар түрлі тәсіл көмегімен іске асырылады. Тәжірибелі ұстаздар көптеген жанама әдістерді де қолданады. Олар тікелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс-әрекет, көркем әдебиет, т.б. арқылы әсер етеді. Жанама әрекеті оқушы бойында белсенділік, тәуелсіздік туғызады.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасақан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен үш топқа жіктейді Г.И.Щукинаның «Педагогика» оқулығында М,. 1977 ∕тәрбие әдістерін:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру;
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе,
В.А.Сластенин ∕ Педагогика М., 1988 ∕ оған қосымша мінез – құлықпен, іс-әрекетке бақылау, жасау, өзін – өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі беру әдістерін қосады.
Ғалым – педагогтар Н.И.Болдырев, Н.Г.Гончарев, Р.Р.Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл білгілі бір жағдайда әдісті нақты қалай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы: мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау, мақтау, алғыс, марапаттау, т.б.
Тәрбие процесінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады; сендіру, көзін жеткізу, түсіндіру,әңгімелесу, баяндау, т.б.

Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі жиынтығы. Оның көмегімен, тәрбие процесінде

Слайд 14Тәрбие әдістері
Жеке адамның санасын қалыптастыру
Әңгіме
Пікірталас
Сендіру
Этикалық әңгіме
Үлгі – өнеге
Іс – ірекетін

ұйымдастыру және қоғамдық тәлім – тәрбиеге үйрету

Педагогикалық талап

Қоғамдық талап

Үйрету

Жаттығу

Тәрбиелік жағдайлар

Мінез – құлықты көтермелеу әдістері

мадақтау

Марапаттау

Жазалау

Жарыс

Тәрбие әдістері Жеке адамның санасын қалыптастыруӘңгімеПікірталасСендіруЭтикалық әңгімеҮлгі – өнегеІс – ірекетін ұйымдастыру және қоғамдық тәлім – тәрбиеге

Слайд 15Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру,

педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау,

Слайд 16Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын

мәнді байланыс деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс тәрбие заңдылығы деп аталады.

Тәрбиенің заңдылықтары:
Тәрбиенің әлеуметтік жүйемен байланыстылық, яғни қоғам мұқтаждығына, жағдайы, талабына сай заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді.
Тәрбие мен тұлға белсенділігінің байланыстылық, яғни өзін-өзі тәрбиелеумен бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Тәрбие мен қарым-қатынастың байланыстылық заңдылығы.
Тәрбиенің оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерімен байланыстылық заңдылығы. Жас ерекшеліктері оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын жасағанда, тұлғаның дене және психикалық дамуына байланысты оқу-тәрбие процесінде ескеріледі.
Тәрбие мен іс-әрекеттің байланыстылық заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру, ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық-саяси іс - әрекеттерімен байланысты.
Тәрбиенің ұжым мен жеке тұлға арасындағы өзара байланысқа тәуелділік заңдылығы. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы шешуші рөл атқарады.
Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Педагогикалық құбылыстар

Слайд 17Тәрбие заңдылығының мәні
Заңдылық
Құбылыстар
Процестер
Педагогикалық құбылыстар
Педагогикалық процестер
Тәрбие заңдылықтары

Тәрбие заңдылығының мәніЗаңдылықҚұбылыстарПроцестерПедагогикалық құбылыстарПедагогикалық процестерТәрбие заңдылықтары

Слайд 18Тәрбие процесін ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар:
1. Тәрбиені табиғатпен үйлестіру;
2.

Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру;
3. Тәрбиені мәдениетпен үйлестіру,
4. Тәрбиені кәсіптік мақсаттылықпен жүзеге асыру;
5. Демократиялық негізде ұйымдастыру.

Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.
Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.
Тәрбие процесін ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар:1. Тәрбиені табиғатпен үйлестіру;2. Тәрбиені ізгілікті әрекетпен үйлестіру;3. Тәрбиені мәдениетпен

Слайд 19Тәрбие принциптері
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар

ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.

Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.

Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.

Тәрбие принциптеріТәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын

Слайд 20Топтық тәрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын

үйірмелер. Тәрбиешінің міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.
Ұжымдық тәрбие формалары: байқаулар, сахналық қойылымдар, ән-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары
Соңғы жылдары тәрбиелік жұмыстардың келесідей формалары кең тарап, мектеп тәжірибесіне енуде: «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы, «Сократтық сұхбат», «Сыр сұхбат», «Сіз не дейсіз?», «Айтуға оңай» және с.с. ашық микрофон, әңгіме, философиялық басқосу, дөңгелек үстел, пікірсайыс, т.б.
«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқылау үшін қолданылады.
Фәлсафалық бас қосу – тәрбеленуші өмірінің мән-мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат - кеңес.
Белгілі тақырып бойынша пікірсайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар сайысы – ақыл-ес әрекеттерін, білімдерін жарыстырудың ойын формасы.
Аукцион – ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б.«сатып алу» үшін қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыражай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні – арнайы күн, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған Тәрбие формаларының қызметтері орындайды:
· ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді.
· реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
· ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймай, олардың өзіндік тәжірибелері мен бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Топтық тәрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиешінің міндеттері: әр оқушының өзін

Слайд 21Қорытынды

А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға

алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты- Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
ҚорытындыА.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол

Слайд 22Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан мектебі. 2002 ж. №1
М.Жұмабаев «Педагогика»
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы

мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:Қазақстан мектебі. 2002 ж. №1М.Жұмабаев «Педагогика»Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж

Слайд 23Тәрбие принциптері түсініктеме беру (конспект).
Жоспары:
Педагогикалық құбылыстар.
Тәрбие принциптері .
Тәрбиенің идеялылығы мен

мақсаттылылығы.

Тәрбие принциптері түсініктеме беру (конспект).  Жоспары:Педагогикалық құбылыстар.Тәрбие принциптері .Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы.

Слайд 24Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді

байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп- тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес іә түрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдықө өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдлықтар жатады.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл-табиғи заңдылық;
Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс әрбиенің болмау жағдайы,
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы,
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және оны қолдану мүмкін еместігі,
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі.
Философия ғылымында “заңдылық”деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық

Слайд 25Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның

күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс
Кезінде К.Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбиепроцесінде оң нәтиже бермейтіндгін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды,и керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде,

Слайд 26Принцип деген ұғым латын тілінде “бастапқы”, “негізгі” деген түсінікті білдіріп, белгілі

бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп-тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педаголгикалық әдебиеттерде “негізгі талаптар” немесе”ережелер жүйесі” деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан :
1. Тәрбие мақсаттылығы,
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланысталығы;
3. Еңбек арқылы тәрбиелеу ;
4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке елу;
6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділік және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
7. Жеке тұғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.
Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат-тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сиаптқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.
Принцип деген ұғым латын тілінде “бастапқы”, “негізгі” деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын

Слайд 27Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске

асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.
Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады
Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін есепке алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы алғышартын жасайды. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатыстырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.
3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.
4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.

Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар,

Слайд 28Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас және жеке дара ерекшеліктері

негізінде іске асырылады. Бұл принцип арнайы мектептегі тәрбиешінің алдына келесі талаптарды орындауға мойындайды:
жеке тұлғалық ерекшеліктерін, мінез-құлқысындағы өзгешіліктер, өмірге деген көзқарасы, әдеттерін үздіксіз зерттеу, ескеру;
тәрбиені диагностикалау мен қатар тұлғалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін анықтау;
тұлғалық жағымды қасиеттердің дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сәйкес біртіндеп тәрбиелік әрекеттерге қатыстыру;
тәрбиелік мақстарға қол жеткізуге кедергі болатын себептердің алдын алу және қажетті өзгерістерді енгізу;
тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен ұштастыру, тәрбие әдстері мен ұйымдастыру түрлерін таңдауға көмектесу.
Тәрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тәрбиеленушілердің жас және жеке дара ерекшеліктері негізінде іске асырылады. Бұл принцип арнайы

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть