Слайд 1 “... баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей
берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек”.
М. Жұмабаев
Слайд 2Бастауыш сынып оқушыларының бойында алаңдаушылықтың алдын алу және түзету жұмыстары.
Р.Ж.Смагулова,
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының педагог-психологы
Слайд 3
Жалпы алаңдаушылық дегеніміз - заманның ағымына байланысты күтпеген өзгерістер мен
жаңалықтардың әсерінен эмоционалды қобалжу, мазасыздану.
Слайд 4А.М.Прихожан атты психолог алаңдаушылық - алда болатын қауіпті сезінуде адамның эмоционалдық
қолайсыздықта болуы деген анықтама берген. Қазіргі таңда алаңдаушылықты эмоционалдық күй және адамның мінез-құлқы мен темпераментінің құрылымы ретінде қарастырып, оның екі түрін атап көрсетеді:
- жағдайға байланысты алаңдаушылық – нақты жағдайға байланысты туындап отырған негізі бар мазасыздық. Әр адамда туындауы мүмкін. Бұндай жағдай жағымды итермелеуші механизим рөлінде қабылдануы мүмкін.
Слайд 5-дербес алаңдаушылық – жеке мінез-құлық ерекшелігі түрінде қарастырылады. Өмірдегі кездесетін кез-келген
болмашы нәрселерге қобалжу, байыпсыз қорқынышта болу, үнемі қауіп қатерді сезіну, сонымен қатар кез-келген жаңалықты жағымсыз, қауіпті деп қабылдау. Осындай күйге түскен бала үнемі еңсесі түсіп, кез-келген нәрседен сескеніп, шаршаңқы күйде жүреді. Сол себепті бала әлеуметтік ортадан өзін алшақ ұстап, балада қарым-қатынас жасау әрекеті қиындай түседі. Нәтижесінде баланың өзін-өзі бағалауы төмендеп, тұйықталып кетуі мүмкін.
Слайд 6Алаңдаушылық тақырыбын түбегейлі зерттеген бірнеше ғалымдардың пайымдауынша қазіргі таңда аса мазасыздану,
өз-өзіне деген сенімсіздік, көңіл күй тұрақсыздығы сияқты көріністер жиі байқалады. Зерттеулердің нәтижесінде кіші мектеп оқушыларының алаңдаушылықтың туындау себептерін атап өткен. Бастауыш сынып оқушыларының бойында алаңдаушылықты алдын алу үшін осы төмендегі жағдайларды болдырмауға күш салуымыз керек:
Слайд 7Ішкі конфликт – баланың талпынысына қарама-қайшылық. Мұндай қарама- қайшылық күй ата-ананың,
не мұғалімнің кері талап қоюының әсерінен туындайды (баланың белгілі бір іс-әрекетіне дөрекі түрде тыйым салу). Осыдан баланың бойында «тірегін жоғалту» сезімі, қоршаған ортада өзіне деген сенімсіздік туындайды.
Сыртқы конфликт – эмоционалды және қоғамдық стимулдың жетіспеуінен туындайды. Маңызды қажеттіліктерді іске асыруда кедергі келтіретін жағдайларда алаңдаушылық туындайды. Яғни баланың ата-анасынан, не мұғалімнен, не сыныптастарынан т.б. жақын қарым қатынасты күтуі, бірдеңеге үйреніп қалу, немесе керісінше тәуелсіз болғысы келу, дербестікке ұмтылу.
Слайд 8
Мектептегі алаңдаушылықты алдын алу үшін мынадай ұсыныстарды атап өткім келіп отыр:
1.
Оқушыны басқа оқушымен ешқашан салыстыруға болмайды. Тек оқушының өзін белгілі бір уақыт аралығында қандай болғаны жайлы айтып, итермелеуге болады.
2. Тым асығыстық жағдайды тудырмау. Бала үлгірмей қалу қаупінен мазасыздануы мүмкін.
3. Алаңдаушылық, қобалжу тудыратын іс шаралардың алдын ала дайындықтан өтуі (тест, мерекелік іс-шара т.б.)
Слайд 94. Оқушыны жазалау керек болса, нақты аргумент айтып, оқушы не себепті
жазаланып отыр, соны жетізу міндетті (Мысалы, сен төмен баға алдың, себебі сабаққа құлқың жоқ т.б.).
5. Оқушыны кемсітуден, мысқылдаудан аулақ болу, себебі бала өзін дәрменсіз сезінуі мүмкін.
6. Баланы үлкен болмаса да жетістіктерін бағалап, мадақтап отыру. Сыныптастарының көзінше мақтау естісе оқушының бойында өзіне деген сенімі күшейеді.
7. Оқушының қобалжуын басу үшін «Сенің қолыңнан келеді! Бәрі жақсы болады! т.б.» жағымды сөздер айту.
Слайд 10Алаңдаушылықты жоюға төмендегідей нұсқаулықтарды ұсынғым келіп отыр:
-баланы өзін қызықтыратын іс-әрекетке шақыру;
-белгілі
бір әрекетте сәттілікке қол жеткізуге қол ұшын беру;
-баланың бойындағы өкпелегіштік, ашушаңдылықтың алдын алу;
-баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.
Слайд 11Балаңыз сізді емес, сіз балаңызды түсінуге тырысуыңыз керек. Себебі, сіз бала
болып көрдіңіз, ал ол үлкен болып көрген жоқ.