Слайд 2Жаңа туылған балалар үшін ең жақсы тағам ана сүті болып табылады,
ол баланың барлық негізгі тағамдық заттар мен энергияға қажеттілігін қанағаттандырады, қорғаныс факторына ие, бала ағзасындағы барлық өмірлік процесстерді реттейтін көптеген гормондар мен ферменттерден тұрады.
Бірақ бұл тұжырым ананың денсаулығы жақсы, дұрыс өмір сүрсе және толық құнды тамақтанса ғана дұрыс.
Слайд 3Әйел (ана) сүтінің артықшылығы
- Құнды қорек және жеңіл қабылданады
- Үнемі қолайлы,таза
және қажетті температураға ие.
- Инфекциядан қорғайды.
- Эмоциональды жағдайда қалыптасады
- Ананың денсаулығын қорғайды.
Слайд 4Ана сүтімен тамақтандыруға ананың кейбір ауыр аурулармен ауырғанда (белсенді туберкулезде, қатерлі
ісік ауруларында, қан ауруының ауыр формасында, бүйрек жеткіліксіздігінде, психикалық ауруларда) тиым салынады. Көптеген жағдайда ана ауруға қарамастан баланы ана сүтімен тамақтандырады (эпидемияға қарсы қажетті шараларды сақтағанда), ал егер ана сүтінің құрамы нашарласа, онда дәрігер рационды түзетеді.
Слайд 5Баланың өмір сүруінің ең жауапты кезеңі – жаңа туылған кезеңі: ол
туылған күннен 29 күнге дейін созылады. Бұл кезеңде бала ағзасы елеулі өзгереді – бала жатырда ананың қаны арқылы қажетті тағамдық заттарды алатын, ал туылғаннан кейін өздігімен тамақтануға бейімделеді. Балада өкпемен тыныс алу пайда болады, қан өздігінен айналады, қан құрамы едәуір өзгереді, зат алмасу жоғарылайды, ас қорыту процесстері қалыптаса бастайды. Бұл уақытта бала әртүрлі жағымсыз әсерге бейім болады, себебі оның ағзасының барлық функциялары тұрақсыз тепе-теңдікте болады. Сондықтан жаңа туылған сәбиді ана сүтімен тамақтандыру өте маңызды.
Слайд 6Ана сүтінің құрамында
– -су
– көмірсу
– ақуыз
– май
– витаминдер мен
минеральды зат-
тар, ферменттер,
гормондар
Слайд 7Ана сүтінің құрамы
Ана сүтінің химиялық құрамы бала ағзасының қажеттілігіне қарай
өзгеріп тұрады. Ол үш кезеңнен тұрады:
Уыз кезеңі – бала туылған соң бірінші күндері пайда болады.
Өтпелі кезең – 4-5 -ші күндері пайда болады.
Жетілген сүт кезеңі – 2-3 –ші аптадан бастап өндіріледі.
ана сүтінің орташа химиялық құрамы- ақуыз 1,2%, май 3,5%, көмірсу 6,5%.
Слайд 8Егер бала қалыпты дамыса, баланың салмағы артса, жақсы ұйықтаса, сергек болса,
онда ананың сүті жеткілікті. Егер әрбір емізуден кейін бала мазасызданса, келесі тамақтандыруға дейін шыдамсыздық көрсетсе, онда сүт жеткіліксіз. Бұл жағдайда балалар емханасына барып, дәрігерге қаралуы қажет. Дәрігер баланың салмағын өлшеп (баланың емгенге дейінгі және емгеннен кейінгі салмағы өлшенеді), дене салмағының айырмашылығы бойынша емген сүттің мөлшерін анықтайды және баланың тәулікте алатын сүтінің мөлшері есептелінеді. Егер балаға ана сүті жеткіліксіз болса, онда бейімделген сүт қоспалары немесе донор сүті тағайындалады. Бұл жағдайда бала жас болған сайын, қосымша қорек ретінде донорлық ана сүтін пайдаланған дұрыс. 2-3 айдан бастап бейімделген қоспаларға көшкен дұрыс.
Слайд 9Жаңа туылған бала ана сүтімен қатар алғаш туылған кезде суды қажет
етеді. Әсіресе ол жылдың ыстық кезеңдерінде және бөлме температурасы жоғары болғанда сезіледі. Суды емізу арасында 1-2 шай қасықпен береді (тәулігіне небәрі 50 мл дейін, ал ыстық кезеңде 100 мл). суды қайнаған түрінде немесе әлсз шай ретінде береді. З апталық балаға суды, шиповник тұнбасы (С дәруменіне бай) түрінде берген дұрыс.
Слайд 10Ана сүтімен қоректендіруге қарамастан, балалар алғашқы туылған күнінен бастап дәрумендерден, минералдық
тұздардан, органикалық қышқылдардан және басқада тағамдық заттардан тұратын тағамдық қоспаларды қажет етеді. Бұл әсіресе рахит, анемия ауруларының алдын алуда маңызды. Осындай қоспалар донор сүтін қабылдайтын балалар үгін өте қажет.
3 апталық балаға берілетін алғашқы қоспа жеміс-көкөніс тұнбасы. Оны су орнына береді. Тәулігіне 30-50 мл дейін беріледі. Бір айлық балаға дәруменге бай жеміс немесе көкөніс шырындарын беруге болады. Тұнбада минералды заттардың мөлшері төмен, сондықтан тұнбаны беруді тоқтатпайды. Ең бірінші алма шырынын бірнеше тамшыдан бастап, 40-50 мл дейін береді. шырынды емізу кезінде немесе емізіп болғаннан кейін береді. тамақтану алдында шырын бермейді, себебі баланың тәбеті төмендейді
Слайд 11Ұзақ уақыт ему жөнінен ғылыми зерттеу жүргізгенде,жалпы аналардың тең жартысы 51%
қазір өздерінің жаңа туған балаларын аз уақыт емізеді екен. Тек 21% әйелдерде ана сүтін өндіру және оны шығару үрдісі 1-2 жылға созылады
Слайд 12Ана сүті, әсәресе уыз құрамында көп мөлшерде қорғаныс факторлары бар. Олар:
иммуноглобулиндер класы IgA,IgM,IgG, лизоцим және басқа лактоферрин, бифидус - фактор, макрофаг, нейтрофильдер, эпителиалді клеткаларға бай болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінен байқағанымыз кез-келген аналарда(ұлтты ескермегенде) 25-30% жағдайда жаңа туған сәбиге уыз берілуі мүлдем болмаған
Слайд 13 Баланы дұрыс емізбеген жағдайда сүт безінің көптеген функциялары бұзылулары кездеседі
:
Біріншіден, емшекте жиі кездесетін ісік және ісік алды ауруларына жол ашады.
Екіншіден, сүт емшекте жиналып қалса, фиброзды мастопатияны тудырады.
Үшіншіден, мүшенің қалыптан тыс кішірейіп, тартылып қалуынан , табиғи қызметі бұзылады.
Слайд 14 Баланы табиғи ана сүтімен қоректендірудің маңызы өте зор. Ана сүтімен
дұрыс қоректенген бала дені сау, ақыл-ойы жетік,сымбатты болады және түрлі аурулармен аурушаңдық қаупі төмендейді. Сонымен қоса ана ағзасына да оң әсер етіп, сүт безінің және жыныс мүшелерінің әртүрлі ауруларының алдын алады.