Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары Орындаған: Қартбаева С.Е ҚТӘ – 201гр
Слайд 2Сабақтың жоспары: 1. Қазақтың ұлттық аспаптары туралы;
2. Әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс
бояуының әртүрлілігі; 3. Шығу тарихы жайлы түсінік беру; 4. Қазақтың музыкалық аспаптарын мақтан тұтуға, оған деген қызығушылығын арттыруға баулу.
Слайд 4Қоңыр үнді қара домбыра –қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті
мүлік. Домбыра – бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу – әрбір адамның, әрбір баланың арманы. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер.
Слайд 5Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші – композиторы. Қазақтың аспапты музыка
өнерінің классигі. «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем» сияқты күйлері бар.
Дина Нұрпейісова – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Оның «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма», «Қосалқа», «Әсем әуен» күйлері кеңінен тараған.
Слайд 6Абайдың екі ішекті домбырасы.
Жетіген
Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.
Слайд 10Сыбызғы
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті
аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан.
Слайд 11Сазсырнай — саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні ашық, нәзік болады. Сазсырнай
Қазақстан аймағындағы Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған.
Слайд 12Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз
ең көне аспаптардың бірі.
Слайд 13Қылқобыз — әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне
музыкалық аспап. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі — прима қобыз.
Слайд 14Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға
түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады.
Слайд 15Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті
қара қобыз ғасырдан – ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.
Слайд 16Сылдырмақ – сақпан, асатаяқ сынды сілкімелі аспаптардың қатарына жататын қазақ халқының
көне музыкалық аспабы. Шулы – сілкімелі сылдырмақ аспабы тұтасымен қола, мыс секілді металлдар мен емен, сүйеңкі сияқты ағаштардан жасалады.
Слайд 17Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне музыкалық аспабы. Ертеректе бұл аспапты
аңшылық пен құсбегілікке пайдаланатын болған. Оны бітеу ағаштан ойып жасаған.
Слайд 18Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар
ұстанған. Асатаяқ емен, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әртүрлі салдыр – гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар тағылған.
Слайд 19Сақпан асатаяқтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана
тән үнімен ерекшеленеді. Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Бүгінгі таңда сақпан аспабы оркестр мен ансамбльдерде орындалатын шығарманы сүйемелдеп, айрықша дыбыспен әрлеу үшін пайдаланылады.
Слайд 20Еділ Құсайынов
Қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі. Ол
жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Көмеймен ән айтушы бір уақытта екі дыбыс шығарады. Бұл тәсіл түркі халықтарының өнерінде дамыған.