Слайд 1Тақырыптық сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті
5-сынып
Слайд 2 Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі.
Слайд 3Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру, мазмұны
мен құрылымын талдату.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.
3. Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Слайд 4Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: талдау,
сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет,
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Слайд 5Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ер Төстік ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.
Слайд 6ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
ІV.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* Сабақтың шарты: Сабақ негізінен топпен жүргізіледі.
1. Сыныпты үш топқа бөлемін;
2. Мәтінді оқытамын;
3. Тапсырмалар;
Слайд 7І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар өздері конверт таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.
Бірінші
топ:
1. Уәзірлер не үшін Жаманда адамның жаманы деп шешті?
Екінші топ:
1. Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
Үшінші топ:
1. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?
Слайд 8ІІ бөлім: Қозыкөш.
Бірінші топ:
1. Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және
хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?
Екінші топ:
1. Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?
Үшінші топ:
1. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?
Слайд 9ІІІ бөлім: Беласар.
Бірінші топ:
1. «Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын
жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?
2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам қалай бейнеленген?
Екінші топ:
1. Ханның әкесінің аты кім еді?
2. Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?
Слайд 10Үшінші топ:
1. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне
қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал, дегені еді).
2. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен хан балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?)
Слайд 11ІV бөлім: Мәре
Бірінші топқа ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Жаман Барсакелместен келгенде ханға
не дейді?(Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)
Слайд 12
Екінші топқа ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді.
Жіберген жігітті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманның әйелі ол уақытта не істеп отыр еді?(әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екен).
Слайд 13
Үшінші конверттегі ІҮ бөлімнің сұрағы
1. « Аяз би» ертегісі ертегінің қай
түріне жатады?
Слайд 14V. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
жанашыр
адал
қайырымды
мейірімді
айлалы
кішіпейіл
Адам
Слайд 15VІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1 «Аяз би» ертегісі туралы
түсінік, аяғына дейін оқу.
2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.