Слайд 1
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері,
түрлері туралы (2-сағаты)
Сабақтың тақырыбы:
7-сынып (12 жылдық білім беру)
Слайд 2Мақсаты
Білімділігі: Мысалдар арқылы өз мүмкіндіктеріне қарай айқындауыш мүше туралы түсіндіріп
беру. Берілген жаттығулардан айқындауыш мүшелерді табу, түрлерін ажырата білуге үйрету, өткен материалдарды қайталау, жаттығулар арқылы білімдерін бекіту, қосымша материалдар талдау;
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу, ұлтымыздың салт-дәстүрін білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сауатты да таза жазу, сөйлемдерді жан-жақты талдай білу, ережелерді практикамен ұштастыру
С/ жүрісі: 1.Ұйымдастыру
-Салемдесу.
-Түгендеу
Слайд 3 2.Үй тапсырмасын тексеру
(Өткен материалдарды еске түсіру)
Баян
бәйбіше, келін Баян, есепші Алпамыс, Алпамыс батыр.
Күзетші Белгібай, Айжан бәйбіше мейірімді жандар екен.
Батыр-ұшқыш, әдіскер-мұғалім, тілші-ғалым,
Абай көңілінде Бөжейге Кәмшат үшін, жазықсыз жас нәресте үшін, айыптаған үкімге ақтау жоқ.
Бұл мәселе біздерге, жазушыларға, ой салды.
Біздер, 7 “в” сынып оқушылары, сенбілікке ұйымшылдықпен қатысамыз.
Есте сақта!
Айқындауыш мүше дегеніміз- сөйлем
ішіндегі бір сөзді не сөздерді басқа бір сөз айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын сөздер.
Түрлері
Қосалқы Қосарлы Оңашаланған
айқындауыш айқындауыш айқындауыш
Слайд 63. Жаттығу тапсырмалары
Барлық тұлғасы Құнанбай тектес бұл жас әйел осы үйдің
келіні Абайдың апасы Мәкіш еді.
Жастығын шексіз шат жастығын қайта тапты.
Анада жазғы сайлауда Оспанға өзінің қарыздар боп кеткені бар.
Сол жақта алыс көкжиекте көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінеді.
Тапсырма:
-Тыныс белгісін қойып, айқындауыш түрін анықта
-Абай туралы не білесің?
-Септік жалғауларын ата.
Слайд 7Ұлылар сабақтастығы
(1897–1961)
(1845-1904)
Мұхтар Әуезов
Абай Құнанбаев
Слайд 8
4.Іздену жаттығуы
224- жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерге қосалқы айқындауыш мүшелерді қосып, өз бетіңмен орында. Соңғы сөйлемді буынға бөліп, буын түріне ажырат.
Слайд 9 5.Қайталау- оқу анасы
“Зерделі сұрақ, ұтымды жауап”
Стратегиясы бойынша
Лексика тарауын
қайталау.
Слайд 10 6. Шығармашылық жұмыс
1. Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе?
2. Жақып пен Жомарт комбайн-самоходқа келді.
3.Жиналыс басқарушы Жақып отағасы мәселені
дауысқа сала қойған жоқ.
4. Тобықты ішінде ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады.
5. Байланыс түрін ажырат: менің көмегім, үйде отырдық,
анасына барды, жақсы шығарма
Слайд 117. Шығармашылық диктант
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы
жер - жанның тынысы.
Берекені көктен тілеме, еккен еңбектен тіле.
Слайд 128.Жаңа сабақты бекіту
АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Айқындауыш
мүшенің
түрлерін ата
Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығы
Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгісі
Слайд 13 Мен болам оңашаланған айқындауыш
Болмаймын еш уақытта анықтауыш.
Өзімнен бұрын тұрған сөзді ғана,
Айқындап, түсіндіріп , берем нағыз.
Белгінің менде болар екі түрі,
Кәдімгі кезбе үтір- оның бірі
Кей кезде сызықшаны керек етем,
Үтірдің ауыр болса алған жүгі.
Қосарланған, қосалқы топтарым бар,
Тең тіркесіп, дефиспен тұрады олар.
Орынды ауыстырсам жөнім де бар,
Өзгермейді сонда да мағыналар.
“Қызықты грамматика” жинағынан
11.Үйге тапсырма
Көркем әдебиеттен айқындауыш мүшелерге 7 мысал
Ереже оқу Параграф:41
12. Бағалау