Слайд 1Құрақ түрлері , оның жасалу жолдары
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру.
Нарықтық экономикаға
байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Оқушылардың түрлі түстерді бір – бірімен үйлестіре білу, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білу. Жұмыс барысында ой - өрісін, ынтасын, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.
Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, берекелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Слайд 3Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс, өзара
іздене білу.
Пәнаралық байланыс:Тарих, Геометрия, Әдебиет, Бейнелеу, Сызу.
Көрнекілігі және керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қатты қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы,бор немесе қарындаш, нұсқау карталар.
Слайд 4Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке» біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады.
Слайд 5Ой қозғау:
Жұмбақтар.
1. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
2. Кигізіп ап ұзын жіп көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе. (ине)
Слайд 6Жаңа сабақ:
Құрақ,оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақ құрау-халқымыздың үй-тұрмысы
бұйымдарында ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже-әпкелеріміз күнделікті үй-тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше,мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе-көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. Ертеде апа-әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз-немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп-өнсін»деген тілекпен жасаған.
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
-Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
-Екіншіден,әдемілікке,ұқыптылыққа ,тәрбиелілікке мән беру.
Слайд 7Өнердегі намыс емес жылап сұрау. Халқымның өнерімен таныспын – ау. Бір-бірден
санап бәрін айта алмаймын. Біреуі сол өнердің құрақ құрау
Ф.Оңғарсынова.
Слайд 8
Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ
Орыс тілінде құрақ құрау өнері -лоскутное шитье
Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк
Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико
Слайд 9Құрақ құраудың мақсаты
Асқан шеберлікпен матадан
әр түрлі пішіндерді
қиюластырып бір
бұйым
жасап шығару
Мата қиындыларын
кәдеге жарату
Слайд 10
Құрақтың көркемдік мән-маңызы
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге
дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпеҚазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпе, тұскиізҚазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудешеҚазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Слайд 11Сарамандық жұмыс:
«Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!»
Құрақ көздерін қалай біріктіру туралы нұсқау беріледі.
Жұмыстың реті:
Оқушылардың өз қалауы бойынша жұмыстарының үлгісін жасауы.
Тігу үшін қажетті заттарды дайындау.
Нұсқау карта, қиял бойынша үлгілеу, тігу.
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
Слайд 12Технологиялық карта.
Құрақ көрпеше тігу
Слайд 13
5 ақ төртбұрыш, 9 ақ үшбұрыш, 2 көк төртбұрыш, 9 көк
үшбұрыш қажет.
“Аққу” құрағы
Слайд 14
Текше сызып алу
2. Текшенің ортасын анықтау үшін
диагонал сызықтар жүргізу
3. Ортаңғы
нүкте арқылы өтетін қарама-қарсы қабырғаларды
қосатын сызықтармен текшені тігінен және көлденең 2-ге бөлу
4. Әр бөлікті теңге бөлу, тігінен және көлденеңінен
5. Жұлдыз өрнегінің суретін қызыл түспен бейнелеу.
6. Керек емес сызықтарды өшіру және жұлдыздың ішін қалаған түске бояу
“Жұлдыз” өрнегін құрастыру
Слайд 15Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлтжандылығын ғана танытып
қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Және де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Слайд 16Құрақтың қыз-келіншектерге үйретері
Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап
алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді.
Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Слайд 17Құрақтағы бояулар сыры
Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан.
Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.
Слайд 18Құрақ құрау
Көрпе құрақ
Жастық құрақ
Шыдамды,тозбайтын матадан Көздері майда бөліктермен
көздері үлкен бөліктерден өте нәзік әрі әдемі түстер –
құралады мен құралады
Слайд 19Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып,
тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді
өрнектерден құралған көрпені
Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы
төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп,
тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап,
баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың,
түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Слайд 20Қолөнердегі қазақ символы
Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған
бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді...
Слайд 21Құрақтан жасалатын бұйымдар
Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына
қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері болуда.
Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан ғой. Құрақ кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі. Және де қолдағы материалдардың қиы-қтарының біртекті болғаны дұрыс. Жалпы, құрақ кеудешені қызыл, күлгін, қою көк, ашық көгілдір маталардың қиықтарынан жасаған дұрыс. Ал астарына тұтас мата алынады, кеудешенің етек-жеңін әдіптеуге тесьма пайдаланылады.
Тақия. Қазақ шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қиюластырып тақия тігіп келеді. Құрақ тақиялар - өте сәнді баскиім болып саналады. Қызыл – жасыл, сары – көк тақиялар бойжеткендердің көркін құлпыртып, қос бұрымды шашына керемет жарасып тұрады. Шеберлер құрақ тақияларды негізінен, пүліш маталардың жарқын, ашық бояулы қиықтарынан тігеді. Бүйірін шаршы ішіндегі қиықшалардан құрастырады. Мұндай тақияның бүйіріне кемінде төрт түрлі түстегі құрақ пайдаланылады. Сонда құрақ тақия көрікті болып шығады. Тақияның төбесіне шашақ тағылады.
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Қиық сырмақҚиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүніҚиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүні қажет. Өйткені, ол әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі материалдың үстіне ұлттық ою-өрнек түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады. Сырмақ үстіне ою тек қана ашық және біртекті материалдардан әзірленеді. Сосын оны жымдастырып тігіп, шетін тегіс әшекейлеп шығады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.
Аяққап. Түрлі-түсті құрақтардан жасалатын аяққап ыдыстар салуға арналған. Онда сақталған ыдыстар сынбайды, таза болады. Қазір үйдің ажарын ашу үшін ғана пайдаланылады. Бұрындары ол қазақ әйелдерінің ең қажетті бұйымдарының бірі болатын. Аяққаптың шағын түріне жіп, қайшы, тарақты, басқа да ұсақ-түйек заттарды салып қояды да айнаның жанына апарып іледі. Аяққап жасау үшін көбінесе екі түсті драп маталар таңдап алынады. Оның сыртқы бетіне ою салынады, бұл оюлар аяққаптың төрт бұрышында тұрады, аяққаптың ортасына, етегіне түсті жіптерден шашақ тігеді.
Қолқапшық. Бұрындары жас қыздардың жеке заттарын салып қою үшін жасалған сәнді бұйым. Оны қоңыр, қоңырқай драптан тігіп алып,беткі жағына қошқар мүйіз ою тігеді. Оюдың шеті өрнекті жіппен бастырылады. Бауы да драптан әзірленеді. Қолқапшықтың ауызы түймеленеді. Қолқапшықты жастар иығына іліп алады.
Құрақ ойыншықтар. Оны үй ішіне сән беруі үшін тігеді. Әсіресе, қазақ шеберлері көп жасаған құрақ ойыншықтар: доп, ат, піл, күшік. Мұндай бұйымдарды диван үстіне, тіпті автокөлік ішіне де қоюға болады. Құрақ ойыншықтарды жасау үшін драп, мех қалдықтары, синтепон, ұсақ былғары қиықшалары таңдап алынып, түр-түсіне қарай сұрыпталады.
Драп материалдан сәндік доп былай жасалады: Ол 12 әр түрлі бесбұрыш қиықшалардан құралады. Қиықшалардың ішкі бұрышы 72 градустан болуға тиіс. Дұрыс бесбұрыш дегеніңіз осы. Егерде бесбұрыш теңдей болса, доп дөңгеленіп шыға келеді. Шеберлер доптың екі жағын осылай тігіп алған соң оның ортасына синтепонды тығып, томпайтады. Қарапайым да қызық тәсіл.
Құрақ халат. Қыз-келіншектер үшін әсем халатты сәнді құрақ материалдардан да тігіп алуға болады. Ол әрі жылы, әрі ыңғайлы, әрі шығыс үрдісін еске салады. Мұндай халаттың бас жамылғысы да (капюшон) болады. Құрақ халат материалының түстері неғұрлым көп болып, кезектесіп келсе, киімнің өңі де ашылып, қыз-келіншектерді жайнатып жібереді. Құрақ киімдер көбінесе серпімді жібек қалдықтары мен қиықтарынан құралады. Құрақтардан көйлектер де тігеді.
Слайд 22Құрақ маталары
Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.
Қатипа
– жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
Слайд 23Құрақ құрау, киім тігу, қызға жасау-жасау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға,
оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді.
Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу
Слайд 24Сабақты бекіту:
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
Құрақты апа-әжелеріміз не себепті
құраған?
Құрақтың түрлері қандай?
Қандай елдерде құрақты пайдалана білген? Қалай аталады?
Құрақтан қандай бұйымдар тігуге болады?
Слайд 25Үйге тапсырма:
Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарын матаға
түсіріп, көктеу