Слайд 1Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Батыс Қазақстан Білім Басқармасы
Жалпақтал
аграрлық және салалық технологиялар колледжі
Қытырлақ картоптар мен кола сусынының пайдасы мен зияны
Мамандығы: 1504000 «Фермер шаруашылығы»
Біліктілігі: 150404 «Аспазшы»,
І-курс 9 топ
Арнайы пән оқытушысы: Батыргалиева Ботагоз Советовна
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Топтық жұмыс жасау арқылы студенттерге қытырлақ картоптар мен кола
сусыны туралы ақпараттарды меңгерту;
2. Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық тұрғыда талдай білу, өз білімдерін пайдалауға дағдыландыру кәсіптік бағдар беру. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу, сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту;
3. Тәрбиелік:Талдау, қорытынды жасау, тағам сапасын бағалау кезінде ұқыптылыққа, технологиясына нақты баға беруге, жүйелікке, жауапкершілікке тәрбиелеу ;
Слайд 3Пән аралық байланыс: биология,химия,география
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекіліктері: 1.суреттер,видео
2.интербелсенді тақта
Пайдаланған әдебиеттер:
1. “Тауартану”
2. “Тамақтану санитариясы және гигиенасы негізі”
3. Интернет материалдары және қосымша ақпарат көздері;
Слайд 4Сабақтың барысы :
Дайындық бөлімі:
Тақырыпты таңдау;
Мақсатын анықтау;
Жоспарды студенттермен таныстыру;
Жұмыстың түрімен танысу;
2. Зерттеушілік:
Тақырып
бойынша бастапқы ақпарат көздерін анықтау;
3. Қорытындылау:
- Зерттеу нәтижесін қорытындылау, пайдасы мен зиянын анықтау;
Слайд 5Қытырлақ картоптар – жастардың сүйікті асына айналған тағамдық өнім. Оның пайдасы
мен зияны жөнінде әлі көптеген уақыттар даулар туындайтын болады. Қытырлақ картоптар тәбетіңді ашып, іш пысқанда зеріктірмейтін ас ретінде қолданысқа ие. Осыдан 10-15 жыл бұрын әзірленген қытырлақ картоптарды жақсы сапаға ие деп айтуға болатын еді. Қазіргі кезде өндірісте әзірленетін қытырлақ картптар суррогат өнімнен дайындалады. Суррогат өнім деп қарапайым ұн модифицерленген соя крахмалынан дайындалған өнімді айтады. Ол бауырға жинақталып адам семіздікке ұшырайды.
Слайд 6Кола сусыны- алкогольсіз газдалған сусын, «The Coca-Cola Company» компаниясының өнімі. 2005-2015
жылдар аралығында әлемдік зерттеу агенттігінің зерттеуінше ең қымбат бренд және көп қолданысқа ие сусын ретінде тіркелген. Сусын 200-ден астам елде сатылады. Кейбір статистикалық зерттеуге қарағанда әлемнің 94 пайыз тұрғыны кола сусынын пайдаланады екен.
Слайд 7Тақырыпты таңдау себебі
Біз бұл тақырыпты таңдаған себебіміз қазіргі кезде қытырлақ картоптар
мен кола сусыны, олардың пайдасы мен зияны туралы дауларды жиі естиміз. Сол себепті өзіміз шағын зерттеу жұмысын жүргізіп көрмекшіміз
Слайд 8Тарихқа көз жүгіртсек....
Қытырлақ картоптар 1853 жылы пайда болған. Аңыз бойынша оларды
Джордж Крам деген америкалық бір курорттардың аспазы ойлап тапқан. Тұтынушылардың бірі оның жуан бөліктерге туралған картобын ұнатпай кері қайтарып жіберген. Аспаз Крам жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында картопты өте жұқа пішінде турап тұздап, көп майда пісіріп алған.
Слайд 91890 жылы қытырлақ картоптарды мейрамханада емес көше асханаларында да дайындай бастаған.
Кливленд қаласындағы сатушы Уильям Тэппенден өзінің аспазханасында қытырлақ картоптарды дайындап сатуға шығарған. Алғашқы кезде қытырлақ картоптар қағаз қаптамада сатылған. Тэпенденді «Чипстарыдың Форды» деп атап кеткен.
Слайд 101926 жылы қытырлақ картоптарға фирмалық қаптама ойлап шығарылды. Лора Скаддер балауыз
қағаздарда қаптауды ұсынған. Соның нәтижесінде қытырлақ картоптарды ұзақ сақтауға, алыс елдерге тасымалдауға мүмкіндік туды. 1929 жылы қытырлақ картоптарды өндірісте дайындауға арналған алғашқы машина ойлап табылды. Оны механик Фриман Макбет ойлап тапты.
Слайд 11«Coca-Cola»
Кола сусыны 1886 жылы 8 мамырда Атланта жерінде пайда болған.
Оны шығарған фармацевт Джон Стит Пембертон . Сусынның атауын оның бухгалтері Фрэнк Робинсон қойған. Каллиграфия әдісімен «Coca-Cola» сөзін жазған.
1915 жылы алғашы бөтелкелер ойлап табылды.
Кола ссусындарын алғы кезде күніне 9 адам тұтынатын. Күнделікті пайда 50$ болды.
1892 жылы Аса Григгс Кэндлер «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалады.
Слайд 121894 жылдан бастап кола сусыны бөтелкелерде сатыла бастады.
1902 жылы Кока-кола
120 мын доллар пайдамен АҚШ –тағы ең танымал сусынға айналды.
1916 жылы Cola, Candy Cola, Cold Cola, Cay-Ola и Koca Nola атымен өндіріске шыққан жасанды кола сусындарының үстінен 153 қылмстық іс қозғалды.
1955 жылдан бастап кока кола үлкен бөтелкелерде сатылымға шығарылды.
1980 жылы кока-кола Мәскеудегі олимпиада ойындарында негізгі ресми сусын болды.
1982 жылы Diet Coke. Атауымен диеталық кола сусыны шығарыла бастады.
1988 жылы КСРО сауда орындарында шығарыла бастады.
Слайд 13Құрамы:
-Картоп
-Өсімдік майы
Лактоза
Е 621 глютомат натрий
Е 330 лимон қышқылы
Натрий
фосфаты
Акриламид
Тазартылған газдалған су;
Қант;
Табиғи бояғыш карамель
Қышқыл реттеуші (ортофосфор қышқылы)
Табиғи хош иістендіргіштер;
Кофеин
Слайд 14Денсаулыққа зияны
тромбофлебит
Жүрек қан тамыр аурулары
Есте сақтау қабілеті бұзылады
Асқазан обыры
Семіздік
Аллергия
Қант
диабеті
Ойлау қабілеті төмендейді
Слайд 15Зерттеу барысы:
Қытырлақ картоптардың құрамында бояғыш заттар бар
Слайд 16Қытырлақ картоптардың құрамында крахмал барын анықтау үшін йод тамшысын тамызамыз. Таза
картоптан жасалған болса қытырлақ картоптар түрін сақтайды, біздің жағдайда қытырлақ картоптар қарайып түсі өзгерді. Бұл қытырлақ картоптар қалыпқа келтірілген картоп концентратынан жасалғанын көрсетеді.
Слайд 17Қытырлақ картоптар құрымында акриламид қоспасының барын анықтау үшін оны сіріңкемен жағып
көреміз. Егер ол лапылдап жанса құрамында қоспа бар дегенді білдіреді. Акриламид асқазан рагына шалдықтырады.
Слайд 18Қытырлақ картоптар құрамындағы май мөлшерін анықтау мақсатында қағаз бетіне қытырлақ картоп
данасын саламыз, соның нәтижесінде олардың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін аңғаруға болады.
Слайд 19Кола сусынына жүргізілген сынамалар
Тартылған еттің үстіне кола сусынын құямыз, соның нәтижесінде
2 сағаттан кейін тартылған етіміз піскен ет консистенциясына келеді.
Слайд 20Болтты су құйылған тарелкеге, екінші болтты кола құйылған тарелкаға саламыз. Соның
нәтижесінде таттанған болт таттан тазаланып ағарады.
Слайд 21Стаканға кола сусынын құйып бірнеше күннен кейін қарасаңыз, газы ұшып орнына
стаканда тәтті сироп қалғанын байқайсыз. Ол коланың құрамында көп мөлшерде қант бар екенін көрсетеді.
Слайд 22Кола құйылған стаканға жұмыртқа саламыз, жұмыртқаның қарайып кеткенін көреміз. Бұл кола
сусынының тіске зиянын көрсетеді. Себебі біз жұмыртқаның сыртқы қабығы мен тісте кальций бар екенін білеміз.
Слайд 23Зерттеу нәтижелеріне тоқтала отырып қытырлақ картоптар мен кола сусынының денсаулыққа пайдасынан
зияны көп екенін аңғаруға болады. Семіздікке , асқазан обыры мен гастритке шалдықтырады, тістеріміз бұзылады. Сондықтан ең алдымен балаларымыз бен өзімізге дұрыс тағамдық өнім таңдар алдында оның пайдасы мен зиянына үңілгеніміз жөн.
Слайд 24Назар аударғандарыңызға рахмет!!!