Слайд 1Спорттық резерв даярлаудың ұйымдастыру құрылымы
Құсмиденов М.Е.
ДТТӘжәне БӘД кафедрасы
Слайд 2Спорттық резерв
Спорттық резервтер – бұл жасына және міндеттеріне сәйкес белгілі бір
деңгейдегі шеберлікке жеткен және де спорттық нәтижелердің одан әрі өсуін қамтамасыз ететін заманауи ұйымдастыру–әдістемелік нысандармен қамтылған спортшылар.
Слайд 4Спорттық резерв түрлері
Қолданыстағы резерв: еліміздің ұлттық құрама командаларына үміткерлері немесе мүшелері
болып табылатын болашақ жоғары сыныпты спортшылардың контингенті болып табылады. Ол халықаралық шеберлердің талаптарын қанағаттандыруға, Әлем чемпионаттарында, Еуропа мен олимпиадалық циклдегі басқа халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуі керек.
Слайд 5Спорттық резерв түрлері
Бергі резерв - Олимпиадалық цикл бойында ұлттық командалар үміткері
ретінде толықтыруға қабілетті талантты спортшылардың контингенті. Бергі спорт резерві айқындау кезінде назарға спорттық нәтижелердін одан әрі өсуін , сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының, еуропалық және басқа да халықаралық және ұлттық жарыстарда табысты қатысу мүмкіндігін анықтау көрсеткіштерінің жиынтығын есепке алады.
Бергі резервтің сипаттамалары: жасы, машықтану және жарыстық өтілі, модельдік сипаттамаларға сәйкестігі.
Слайд 6Спорттық резерв түрлері
Әлеуетті резерв – сол немесе өзге де спорт түрі
бойынша БЖСМ, ОРМБЖМ, ЖСШМ, ОДО, жалпы білім беретін мектептердің спорттық секцияларда, спорт ұжымдарында шұғылданатын жас спортшылардың контингенті.
Слайд 7Спорттық бағытта жұмыс істейтін мекемелер
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары және спорттық
резерв даярлау әр түрлі ұжымдарда, мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру лагерьлері, стадиондар, дене сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған жерлердегі аула спорт клубтары.
Слайд 8Спорт мектептер
- балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ);
- спорттық мектеп-интернаттар
- Олимпиадалық резервтің мамандандырылған
балалар мен
жасөспірімдер мектебі, (ОРМБЖМ),
- жоғары спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ);
Олимпиадалық дайындық орталықтары
Слайд 9БЖСМ
Оқу топтарын қалыптастыру спортпен шұғылдануға медициналық жағынан терiстеу айғақтары жоқ 6
жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспiрiмдер санынан ата-анасының өтініші бойынша медициналық қорытындысы болған жағдайда (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы немесе дайындық кезеңіне қарамастан, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің анықтамасы) жүзеге асырылады.
Слайд 10БЖСМ
БЖСМ жұмысының негiзгi нысандары:
1) оқу-жаттығу жиындары (жеке және
топтық);
2) оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерьлерiндегi оқу-жаттығу үдерiсi;
5) медициналық қалпына келтiру iс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешiлiк практикасы.
Слайд 11Топтарды қалыптастыру шарттары және қабылдауға қойылатын талаптар:
1) спорттық-сауықтыру топтарына спортпен шұғылдануға
ниетті 6-дан 15 жасқа дейінгі барлық балалар, сондай-ақ, алғашқы даярлық тобына қабылдауға қойылатын талаптарды орындамаған, медициналық қарсы қөрсетілімі болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;
2) алғашқы даярлық топтарына спорт түрі бойынша белгіленген ең аз жасқа сәйкес спортпен шұғылдануға ниетті және дене тәрбиесі даярлығы бойынша нормативтік талаптардан (тестілерден) өткен, медициналық қарсы көрсетілім болмаған (тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек анықтамасы) балалар алынады;
Слайд 12Топтарды қалыптастыру шарттары және қабылдауға қойылатын талаптар:
3) оқу-жаттығу топтарына бастапқы
даярлық топтарында кемінде бір оқу жылында дайындықтан өткен және жалпы физикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтік талаптарды (тестілерді) орындаған, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты бар балалар алынады;
4) спорттық жетілдіру топтарына оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар алынады: спорттың ойын түрлерінен, коньки спортынан, жеңіл атлетикадан, спорттық гимнастикадан – 1-спорттық разряд;
шығыс жекпе-жегінің олимпиадалық емес түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шебері», және спорттық жетілдіру тобының жалпы санынан кемінде 30% «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылар;
спорттың басқа түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер»;
Слайд 13Топтарды қалыптастыру шарттары және қабылдауға қойылатын талаптар:
5) жоғары спорт шеберлігі
топтарына спорттық жетілдіру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындағын спортшылар алынады:
спорттың ойын түрлерінен, коньки спортынан, жеңіл атлетикадан, спорттық гимнастикадан – «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер»;
шығыс жекпе-жегінің олимпиадалық емес түрлерінен – «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», және жоғары спорт шеберлігі тобының жалпы санынан кемінде 50% «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы бар спортшылар;
спорттың басқа түрлерінен – «Қазақстан Республикасының спорт шебері».
Слайд 14БЖСМ алғашқы даярлық топтарына қабылданатын балалардың жасы
Слайд 15БЖСМ алғашқы даярлық топтарына қабылданатын балалардың жасы
Слайд 18Топтар бойынша спорт түрлерін бөлу:
1) бірінші топ: акробатика, биатлон, бобслей, спорттық
гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, ат спорты, жеңiл атлетика көпсайысы, сырықпен секiру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секiру, шаңғымен серiппе тақтайдан секiру, шана спорты, үйлесiмдi жүзу, шыңға өрмелеу, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату, қазiргi көпсайыс, мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол), су шаңғысы спорты, автомобиль, мотоцикл, су моторлы, су асты, ұшақ, тiкұшақ, желкерме, планер, дельта планер спорт түрлерi, спорттық жүрiс, марафон, триатлон, полиатлон және қолданбалы спорт түрлерi;
2) екінші топ: спорттың командалық ойын түрлерi;
3) үшінші топ: спорттың барлық қалған түрлерi;
4) төртінші топ: ұлттық ат спорты түрлерi (бәйге, аламан бәйге, жорға, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу) қыран құстармен аң аулау-саят, есу слалом;
5) көкпар.