Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ:
“ЖЕТІСТІККЕ БАҒЫТТАУ”
Педагог-психолог: Бекетаева Самал Камбарқызы
Слайд 2Мақсаты: Ұстаздардың өз-өзіне деген сенімін күшейту,
оптимистік сезімді арттыру,
эмоциялық күйзелісін
түсіру,
мақсатқа жетуге талпындыру,
жетістікке бағдарлау.
Слайд 3ЖЕТІСТІКТІҢ ТОҚСАН ПАЙЫЗЫ ТЕР,
ОН ПАЙЫЗЫ – ШАБЫТ
ЭДИСОН
Слайд 4Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық.
Оқуға түссем, табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көксегені де орындала бермейді. Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастар илеуінде кетіп, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс бойымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа немесе оң жаққа бұрылатынын таңдап, қадағалай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, жетістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенін білу керек және оған қалай жетуге болатынын білу керек?
Слайд 5Жетістік дегеніміз не?
Жетістік дегеніміз – рухани әрі қуатын бір мақсатқа бағыттау
және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезімде арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолының бірі – жетістік.
Слайд 81. «Өмірлік мақсат» тренингі
Мақсаты: өз алдына мақсат қоя білу.
Жүргізілуі: Ұстаздар
шеңберге тұрып сағат тілі бойынша байланысқа түседі.
Олар кезекпен қасындағы көршісіне мына сөздерді айтады:
«Маған осы өмірде бәрінен бұрын...»
Көршісінің жауабы: «Ол үшін сен...»
Осылайша диалог шеңбер бойынша жалғаса береді.
Слайд 102. «Аяқталмаған сөйлем
«Жетістікті, бақытты күн бұл...»
Жүргізілуі: Бір минуттың ішінде қатысушылар
«Жетістікті, бақытты күн бұл...»
деген сөзге сөйлем құраулары керек. Осыдан кейін әр қатысушы кезекпен оқып, таныстырады, жаттығуды қорытындылайды.
Слайд 12«Жетістікке қалай жетуге болады?»
3. «Жетістік жолдары»
Мақсаты: Жеке тұлға мен топ қатысушыларының
арасындағы келісімділік деңгейін анықтау. Жеке тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызуға жағдай орнату.
Керекті құралдар: ақ парақ бет, қарандаштар, қалам.
Жүру барысы: Топ екі командыға бөлінеді. Әрбір топ жетістік және жетістікке жету жолдары туралы топтық әңгіме құрастыруы керек. Қатысушылардың біреуіне «жазушының еңбек құралы» қаламсап немесе қарындаш беріледі. Қатысушы қаламды алып бірінші сөзді жазады: мысалы, «жақсы ауа-райы болды...» - және қаламды келесі қатынасушыға береді ол жазылған сөзді оқып, өзі сөзбен жалғастырады мысалы, «жақсы ауа-райы болды және барлығының көңіл –күйі жақсы болды...», осылай қатысушылар жалғастыра береді. Қатысушылардың барлығы жазып болғаннан кейін қайтадан бірінші қатысушыға қалам ұсынылып әңгіме қорытындыланады.
«Жетістік құпиялары-кері байланыс»
1. «Менің құндылықтарым» әдісі
1.
2.
3.
2. «Менің перспективаларым» әдісі
(мақсат – міндеттерім)
Жақын перспектива (6 айға дейінгі)
Орта перспектива (6 айдан 1,5 жылға дейінгі)
Алыс перспектива (1,5 жылдан бірнеше жыл)
Слайд 144. «Жетістікке жету, сәттілікке бағыттау» жаттығулары
Мақсаты: Бұл жаттығу өзіңе деген сенімсіздіктен,
эмоционалды компоненттерді, әлеуметтік қорқыныштың деңгейін анықтап талдауға көмектеседі.
“Мен қорқамын” жаттығуы
Нұсқау: Сіздің тапсырмаңыз өзіңізден қорқыныш шегін табу,өзіңіз қорқатын,бірақта көп адамдар бұдан қорықпайды.
“Мен неден болса да қорқамын,бірақта басқалары бұл жағдайдан қорықпайды”.Тапсырма, әрбіруіңіз өзіңізден кем дегенде 3 қорқыныш табыңыз.
Талқылау.
“Кей уақыттарда қорқуға тұратын заттар болады,мысалы электорлы проваттар,жабайы аңдардан, улкен жылдамдықпен келе жатырған машиналар.
Кейде қорқыныштар рационалды болып келеді,мысалы,айқай кезіндегі қорқыныш,жетістік қорқынышымұғалімге сұрақ қою кезіндегі қорқыныш.Осы айтылған қорқыныштардың ішінен біз абсолютті рационалды немесе абсолютті рационалды емес қорқыныштарды таба аламыз ба? ”
Егерде көп уақытқа дейін топтағы қатысушылар үндемей отырса,онда жүргізуші өзінен бастау керек,яғни ашық түрде өзі неден қорқатынын айту керек.Тренер қатысушыларды вербальды емес және фразалармен белсенді түрде қолдайды:”Иә,бұл қорқынышты екен,бұдан қорғану керек” т.б.
“Мен қорықпаймын” жаттығуы
Нұсқау: Сіздің тапсырмаңыз өзіңізден “батырлық шегін” іс-әрекетін табу болып табылады, яғни өзіңіз қорықпайтын,бірақта көптеген адамдар бұл істеген іс-әрекетінен қорқады. Әрбір адамның тапсырмасы 3 фразаны айту.
Мүмкін өздеріңіз байқаған шығарсыздар,ол қорқатын заттан басқа топтың қатысушылары бұл заттан қорықпайды. Егерде топ көп уақытқа дейін үндемей қалса,онда тренер қатысушыларға қорқынышты фразаны айтуы мүмкін :
“Мен айқайдан қорықпаймын,бірақта қорқатын адамдар бар”
“ Көп адамдар баршаның алдында сөйлеуге қорқады ал мен қорықпаймын”.
Слайд 16“Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс”.
М. Әуезов
Слайд 17ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН
Өз потенцалыңды біл
Өзіңе шектеу қойма
Өзіңді мойындат
Сезіміңді сыйла
Әдетке айналдыр
Құндылықтарыңды таны
Слайд 18ЖЕТІКТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЕКІ ЖОЛЫ БАР:
ӨЗ АҚЫЛЫҢДЫ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ
БАСҚАЛАРДЫҢ АҚЫЛЫН
ПАЙДАЛАНУ
ЛЕ БРУЙЕР
Слайд 20ІСІҢДІ ҚАДАҒАЛА ЖӘНЕ БАСҚАР:
1. Көп ізден
2. Ақыл мен жүректің шешімін
айт
3. Сақ бол
4.Төзімділік таныт
5. Өзгеріске бейімдел
6. Сапаға мән бер
7.Ісіңнің нәтижесін талда
Слайд 214,9 сынып оқушыларын МАб-ға дайындау
кезінде жүргізілетін
сенімділікті арттыруға арналған жаттығулар:
«Балдырлар»
жаттығуы
«Шеңберді бұзып кір» жатығуы
«Біздің топ жүрегі» жаттығуы
“Базар” жаттығуы
“Гүл сыйлау” жаттығуы
“Поезд” жаттығуы
“Мен саған сенемін” жаттығуы
“Атомдар мен молекулалар” жаттығуы
Слайд 22Танымдық белсенділіктерін арттыруға
арналған жаттығулар:
“Сандарды есіңе сақта” жаттығуы
“Сөздерді жаттап ал” жаттығуы
“Кім
жылдам” жаттығуы
“Мүмкін жауаптар тізімі” жаттығуы
“Синонимдер” жатығуы
“Ұқсастықтар іздеу” жаттығуы
“Заттардың қасиеті” жаттығуы
“Артық сөзерді тап” жаттығуы
“Заттың қолдану тәсілдер” жаттығуы
Слайд 23Стрестен арылу жаттығулары:
«Кемеге жүк арту» жаттығуы
«Эстафеталық таяқша» жаттығуы
«Қорқыныш» жаттығуы
“Тазару” жаттығуы
Релаксациялар:
“Жедел хат” жаттығуы
“Шамшырақ” жаттығуы
«Зоопарк» бұлшықет жаттығуы
«Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы
Слайд 24Өмірдегі жетістікті және өзіне сенімді адам.
Мақсаты: Адамның өзіне деген сенімділік қабілетін
дамыту.
1. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды есепке алып мойындаңызда соған байланысты өз мақсатыңызды алдыңызға қойыңыз.
2. Сізге не құнды, неге сенесіз. Өз өміріңіздің қандай болғанын қалар едіңіз соны шешіңіз. Өзіңіздің жоспарыңызды бүгінгі күннің жағдайымен талдап көріңіз.
3. Өткен өміріңізді талдап көріңіз. Ол жағдайға неліктен кезіккеніңізді ойластырып көріңіз. Сізге қайғы, өкініш , әкелген адамдарды түсініп және кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздегі қателіктермен сәтсіздіктерді, адасу – қателесулерді кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздің көңілсіз жақтары сіз оны саналы түрде шығарып тастамасаңыз есіңізден кетпейді. Одан да алдағы өміріңізде болатын жақсылықтарға орын қалдырыңыз.
4. Өзіңізді кіналы сезіну сізге жетістікке жетуге көмегін тигізбейді.
5. Өткен қателіктеріңіздің ішінен өзіңіздің жеке басыңыздың кемшілігін емес, дене, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлардан іздеңіз.
6. Әрбір жағдайда әртүрліше талдауға болатынын есіңізге ұстаңыз. Бұлай жасауыңыз адамдардың барлығына мейірімді қарауға көмектеседі.
7. Өзіңіз туралы жаман ойламаңыз; соның ішінде мынадай қолайсыз қасиеттерді өзіңізге теңестірмеңіз- жарымес, кеміспін, қолымнан ештеңе келмейді, сәтсізбін.
8. Өзіңіздің толық жетілмегендігіңізді сездіретін адамдармен татуласуға бірге жүруге тырыспаңыз. Егер сізге ол адамдарды немесе өзіңізді соларша өзгерту қолыңыздан келмесе , ең қолайлысы олардан бұрылып кету. Өмір өте қысқа өкінішке уақыт кетіріп отыратын уақыт аз.
9. Өзіңізбен өзіңіз қалып өзіңізге ұнайтын жүрегіңізден шығатын іспен айналысуыңыз, өзіңіздің ойларыңызды тыңдаңыз. Осы жағдайларда ғана сіз өзіңізді түсіне аласыз.
10. Қарым-қатынасқа байланысты жаттығыңыз. Сіздің ағаларыңыз бен апаларыңызды ойлаңыз. Сіз олардан қандай көмек сұрар едіңіз оларға сіз неден көмегіңізді берер едіңіз.
Сіз өзіңізді өзгелерге ашық адам екеніңізді сездіріңіз.
11. Өзіңіздің «меніңізді» қорғаштай бермеңіз. Ол сіз ойлағаннан да берік әрі икемді. Ол жарақаттанғанмен сынбайды, оданда ол аз да болса соққы алсын әрекетсіз оқшаулана бергеннен.
12. Алыс бірнеше мақсат қойыңыз алдыңызға оған жетуге уақ мақсаттар аралық әрекеттер болуы керек. Ойластырыңыз осы аралық мақсаттарға жету үшін қандай құралдар қажет. әрбір сәтті қадамыңызды көңілден шығармаңыз. Өзіңізді мақтап, қолдап , қолпаштап отыруды ұмытпаңыз.
13.Сіз- енжар обьект емессіз, барлық сәтсіздіктерге төзе беретін.
Сіз- эволюциялық пирамиданың биігісіз.
Сіз- ата-анаңыз үміт күткен болашығысыз.
Егер сіз өзіңіздің күшіңізге сенетін болсаңыз , қолыңыздан барлығы да келеді.
Соған сеніңіз.
жаттығулары
1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.
2. «Көңіл күй» жаттығуы
Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 3 балл деп бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ.
3. «Есте сақта» жаттығуы
Назар мен бақылушылықты дамытатын ойындар. Столға бірнеше кез келген зат қойылады. Өз қалауы бойынша оқушылардың біреуі заттарды назар аударып қарап шығады, сосын аудиториядан шығып кетеді.Оқытушы заттардың біреуін алып тастайды. Ерікті қайта шақырылып, стол үстінде қай заттың жоқ екндігін табады.
4. «Менше жаса» жаттығуы
Қатысушылар шеңберге тұрады, жүргізуші сайланады, ол бір дене жаттығуын көрсетеді, оны қалғандары қайталайды. Сосын жүргізуші рөлі басқаға ауысады.
5. «Мен қандаймын» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.
6. «Карусель» жаттығуы
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы ішкі және сыртқы шенберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысында тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айтуы керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б.
Слайд 267«Тез орында»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша
бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
8.«Көршіңді біл»
Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен байланысқа түседі. Әрқайсысы өз көршісіне бір сұрақ қояды: Мысалы, «Хал жағдайың қалай ?», «Ден саулығың жақсы ма?» т.б. Сұрақ қойылған адам оған қысқа жауап қайтарады:
«Рахмет, жаман емес» т.б. және өзінен кейінгі тұрған көршісіне ол да сұрақ қояды. Сөйтіп, ойын тізбек бойынша жалғаса береді. Қатысушылар ойынды бақылай отырып, қойылған сұрақтарды қайталамауға тырысады.
9.«Егер мен...»
Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысал: 1) Егер мен милиционер болсам... 2) ...Мен балалар үшін ақысыз Диснейленд жасар едім...т.б.
10. «Бәрібір сен азаматсың, себебі сен...»
Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі...» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді...Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.
Слайд 2711.«Сенімді тірек»
Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға,
сосын жәйімен солға қисаяды.Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері қажет.
12.«Жұмбақ көсем»
Қатысушылар шеңберге тұрады ( не партаның қасында ). Біреуі бөлмеден шығып кетеді. Бұл кезде топ өз арасынан
«Көсем» сайлайды. Шығып кеткен адам қайтып оралғанда «Көсем» белгілібір қимылды көрсете бастайды(саусағын сартылдату, қолын айналдыру, шапалақтау т.б). Топ оны бірден қайталайды, яғни байқатпай «Көсемнің» қимылын бақылауға тырысады. Жүргізуші «Көсемге» арқасын беріп, сырт айналғанда, «Көсем» қимылын өзгертеді, қалғандары оны қайталайды. Жүргізушінің мақсаты-«Көсем» кім екендігін анықтау.
13. «Жаңбыр»
Сол алақанымызға оң қолымыздың сұқ саусағымен соғамыз. Сосын оған екінші саусағымызды қосамыз, сосын үш саусағымызды. Төрт. Бес. Сосыналақанымызбен түгел соғамыз. Содан кейін керісінше бір саусақтан кемітіп, бір саусағымыз қалғанша қайталап шығамыз.
Қазына картасы
Мені тығырықтан алып шығады...
Мені достарым бағалайды...
Мені ата-анам құрметтейді ...
Мен құрбыларыма көмектесе аламын...
Слайд 29Есіңде сақта:
Жетістік те оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті
жоғалтпауда жатыр.
Әуелі адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін
Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес, өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады.
Өзгеге жалтақтаушы болма, кісілігің қалмайды
Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тыңдару
Жетістіктің ең үлкен жауы – «кейін істермін» деп айту
Жетістікке апаратын жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу үмітсіз тек шайтан ғана
Слайд 30ОСЫНЫ БІЛ!
ӘРБІР СӘТСІЗДІК ТӘЖІРИБЕҢДІ АРТТЫРАДЫ