Слайд 1Ең биік шың – адамның жүрегі.
Жамбыл өзінің жырымен сол шыңға
жол
таба білді.Сол шыңды бағындырды.
Мирза Тұрсынзаде.
Слайд 3Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Аттандыру»
Сабақтың мақсаты: а). Білімділік: оқушыларға ақын өмірі
туралы шолу жасау, өлеңнің мазмұнын меңгерту.
ә). Дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін, ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б). Тәрбиелілік: білімділікке, әдебиетті сүюге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,салыстыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Көрнекілігі: ақын портреті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
Слайд 4ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Ж.Аймауытов.
«Күн менікі» әңгімесі.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Тест.
1. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасын
тап.
а) « Екі шыбын» ә) «Әнші» б) «Бір адамға»
2. «Күн менікі» әңгімесінің авторы кім?
а) І.Жансүгіров. ә) А.Байтұрсынов. б) Ж.Аймауытов.
3. Божы ұстаған жолақ Нөкені « Айда,айданың» астына алған кім?
а) Қара бәйбіше. ә) Күнекей б) Шәкет
4. «Күн менікі» әңгімесі қай повестен алынған үзінді?
а)«Шұғаның белгісі» ә) «Күнекейдің жазығы» б) «Әнші»
5. «Мына тажалдың көзі тағы шалып қалмаса игі еді» деп қауіптенген кім?
а) Нөкен ә) Қара бәйбіше б) Күнекей
Слайд 6ІІІ. Жаңа сабақ:
Ж.Жабаев 1846 жылы ақпан айында, қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл
тауының бауырында туылған. Әкесі Жапа анасы Ұлдан.Әкесі Жапа Екей руының ішіндегі шаруасы шайқалған кедейлердің бірі болған. Жамбыл ес білгеннен байлардың қойын баға жүріп, өлең айтуға әуестенеді, өзімен бірге мал бағып жүрген балалардың алдында өлең айтады.Жамбылдың балаң өлеңдері бүкіл жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Сүйінбай жасөспірім Жамбылға мынадай кеңес береді: «Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын,жырларың өзіңнің айналада болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын,жекелеген адамдарға емес, бүкіл халыққа жағатын болсын».Сүйінбайдан бата алған Жамбыл өзінің хисса айту өнерімен,өткір,уытты өлеңдерімен,айтыскер ақындығымен Жетісу өңірінде, көршілес қырғыз елінде атағы жайылып,ақын деген атқа ие болады.
Жамбыл хат танымаған.Ақынның 1930 жылға дейінгі өлеңдері ел аузынан және есінде қалғандарын өзінің айтылуымен жазылып алынған, барлығы елудей.
Слайд 7Жамбыл Сүйінбайдан бата алғаннан кейін
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сыйынбай.
Сырлы сұлу
сөздерді,
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай.
Слайд 9Жамбылдың ұйықтайтын бөлмесі
Жамбылдың жұмыс кабинеті
Слайд 12Жамбылға қырғыз ақындарының тартуы
Слайд 161941 жылы 22 маусым күні герман фашизмі Совет Одағының шекарасына опасыздықпен
кірді. Жұрттың бәрі:кәрі де,жас та ерлер мен әйелдер, ұлы елдің барлық ұлттары мен халықтары - Отанды қорғауға көтерілді.Ұрыс майдандарындағы табандылық пен қаһармандық, совет адамдарының социалистік Отанды жанқиярлықпен қорғағаны,шексіз ерліктері туралы совет әдебиеті, оның Гомері-Жамбыл Жабаев тебірене жырлады.
Ел басына ауыр күндер туғанда Жамбыл барлық көп ұлтты совет халқының ақсақал-абыз атасы ретінде: саспаңдар,үрейленбеңдер, қасықтай қан қалғанша ар- намысты бермеңдер, оқуларыңды тоқтатпаңдар,-деп ұран тастады.Герман фашизіміне қарсы совет елі 1418 күн қаһармандықпен соғысып,1945 жылы 9 майда жеңіске жетті.
Мұндай ұлы салтанатты қуанышты естігенде: « Енді өлсем де, арманым жоқ»,-деді ұлы жыршы Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаев ең соңғы өлеңін 1945 жылы майдың тоғызы күні –Жеңіске арнап айтты. Жамбыл 1945 жылдың 15 маусымында ауырып Қазақ ССР Министрлер Советінің ауруханасына түсті.Осыдан кейін-ақ ақынның өлең айтуға мұршасы келмеді.Қартайған тән қалжырап, батар күндей төмендей берді. Оның көңілі сұрағандарға шек болмады. Бәріменен баяу қоштасты. 1945 жылдың 22 маусым күні ертеңгі сағат 8-ге 5минут қалғанда алып ақын көз жұмды.
Жеңіл машинаға тиелген ақын табыты ол кездегі Ташкент көшесімен Ұзанағашқа қарай бағыт алды. Ақынның денесі Жамбыл ауылына жерленді.
Слайд 18Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Бата беретіндер, көбінесе көпті
көрген ақсақалдар мен кемеңгер даналар, дуалы ауыз билер болып келеді.
Бата- қосылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, әрбір әрекетке даңғыл, жол ашып, бәле жаладан қорғайды деп есептелген.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі-бата сөздер.»Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Көп тілеуі- көл» деп ұққан қазақ халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.
Бата тілектрдің түрлері көп. Дастарқан басында,адам өмірінде кездесетін ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде қуаныш иесіне арнап,жаңа түскен жас келінге, қиын сапар,алыс жолға аттанған азаматына,ел қорғаушы азаматқа, жас нәрестеге, асқа берер батадан басқа көшіп-қонуға, бие-байлауға т.б берер бата түрлі-түрлі болып келеді.
Оң бата- тілектермен бірге теріс бата беруде өмірде кездеседі.
Қоштасу бұл жырлардың мазмұны, сыр сипаты әр алуан болып келеді. Мысалы: өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын достан, жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандыруда қоштасу тағы басқа.
Ұлы Отан соғысы жылдарында да халық майданға аттандырған әке, аға, бала, туыстарына жақындарына арнап қоштасу өлендерін шығарған. Соның бірі-бүгінгі сабағымызда өтетін өлеңіміз Жамбылдың «Аттандыру» өлеңі.Бұл өлеңде әкенің баласын майданға аттандырарда оң сапар тілеп, бата бергені туралы жазылған.Бата берумен бірге қоштасу сарыны да бар.
Слайд 19
Бата тілектердің түрлері
Дастархан
басында
Жаңа түскен
жас келінге
Ел қорғаушы
азаматқа
Бие
байлауға
Жас
нәрестеге
Көшіп
қонуға
Теріс
бата
Аттандыру
Атаңнан бата ал балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам;
Құлағыңда,құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым арлы едің
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға
Аман-есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа,бір қадам!
Атаң берген батаңа
Ел қадірін біл,балам!
Сынға түскен бұл заман.
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын
Аңғарлы жан «бұл заман».
Хош, хош балам, хош балам!
Мәнісін ұқ батаның,
Борышын өте Отанның.
Амандық пен саулықты
Менде тілеп отырмын.
Аман барып, сау қайтып
Берсін жолдың төтесін.
Екі жылдық міндет
Абыроймен өтелсін
Бере берсін тілеуді,
Бейбітшілік жасасын!
Слайд 22Ой қозғау.
- Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргендігі
жайында айтып беріңдер.
- Екі батаның айырмашылығы туралы әңгімелеңдер, батаның қай түріне жатады?
- «Саған айтқан сөзімнен , Сабақ алсын тыңдаған » деген жолдардың мағынасынан нені ұқтыңдар?
- Өздерің естіген,білетін баталарың туралы айтыңдар.
Слайд 23Кітаппен жұмыс:
Өлеңді құрылысына қарай талдау
Атаңнан бата ал балам,
Арғымақ атқа мін,
балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам;
Слайд 25Өлең кімге арналады? Оны қай жолдардан байқадыңдар?
Әкенің балаға берген батасын өлеңнің
мазмұнынан қалай байқадыңдар?
Өлең жолдарына сүйене отырып,Алғадайдың адамгершілік қасиеттерін атаңдар.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
Оқушы білімін бағалау.