4)Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап аламыз.
Жаттығулар жасайық,
Жақсы сергіп қаламыз.
5)Кәне,кәне,тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық
Бишілерде бұралып,
Дөңгелене тұрайық.
8)Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
9)Көбелек те ,гүл де бір
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.
10)Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желмен бірге жайқалған.
13)Ормандағы аю, қонжық
Ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді.
Қуанғаннан билей берді.
14)Мезгілдерді атайық
Шаттана біз қол ұрып
Күз,қыс,көктем,жаз
Секіреміз қуанып
15)Біздің үйде ала лақ
Біздің үйде ала тай
Секіреміз бәріміз
Қуанып жас баладай
18)Тоғыстыда тура жол
Екі дос алысты
Төмен түскен екі жол
«М»-ға ұқсап қалысты
19)Қырғауыл боп ұшамыз(2)
Түлкі болып қашамыз (2)
Қырғауылдай шапқыр боп (2)
орнымызға қонамыз(2)
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть