Презентация, доклад на тему Имандылық- инабаттылық мұраты презентация

Содержание

Шараның негізгі мақсатыАқпараттық құзіреттілік: Діни тағылым оқушыларды имандылыққа, түрлі діни экстремизмнің алдын алуға, адамгершілікке әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға үйретеді.Қазіргі кезде түрлі діни секталар бар,олардың алдын алу туралы ақпарат алады.Коммуникативтік құзіреттілік:Оқушыларға дін

Слайд 1«ИМАНДЫЛЫҚ- ИНАБАТТЫЛЫҚ МҰРАТЫ»
Орал гуманитарлық-техникалық колледжі
Педагогика, психология
кафедрасы
Дайындаған:
3бКДО тобының студенттері
Орал-2013ж

«ИМАНДЫЛЫҚ- ИНАБАТТЫЛЫҚ  МҰРАТЫ»Орал гуманитарлық-техникалық колледжіПедагогика, психология кафедрасыДайындаған: 3бКДО тобының студенттеріОрал-2013ж

Слайд 2
Шараның негізгі мақсаты

Ақпараттық құзіреттілік: Діни тағылым оқушыларды имандылыққа, түрлі діни экстремизмнің

алдын алуға, адамгершілікке әр істе сабырлы болуға, әділетті жақтауға, рухани тазалықтарын сақтауға үйретеді.
Қазіргі кезде түрлі діни секталар бар,олардың алдын алу туралы ақпарат алады.
Коммуникативтік құзіреттілік:Оқушыларға дін туралы пікірталас, әнгіме арқылы оқушылармен қарым-қатынас жасауды үйренеді.
 
Проблеманы шешу құзіреттілігі: Оқушылар дін туралы мағұлмат алады. Алған мағұлматтарын өмірде қолданып діни экстремистік топтарға жол бермейді.
 
Оқушыларды осы діни экстремизмге қарсы түрлі шаралар қолдану арқылы дініне деген көзқарасына дағдыланады, үйренеді.

Шараның негізгі мақсатыАқпараттық құзіреттілік: Діни тағылым оқушыларды имандылыққа, түрлі діни экстремизмнің алдын алуға, адамгершілікке әр істе сабырлы

Слайд 41992 жыл
“Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заң”

1992 жыл“Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заң”

Слайд 5
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ   ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Слайд 8Намаз

1.Бамдат – Таң намазы 4.Ақшам намазы








3.Намаздыгер








2.Бесін намазы 5.Құптан намазы

Намаз1.Бамдат – Таң намазы     4.Ақшам намазы

Слайд 10 Құран Кәрім десе, көп адамдарымыз оны қарапайым уағыздар жиынтығы

деп түсінеді.Әрбір сөзінің тасасында жатқан терең-терең ойларды көз жеткізіп,көре алмайды. Сөйтеді де «Дініміз неге өзге діндер сияқты ауқымды түрде еркін насихатталмайды?» деген сауалдар қояды.
Мұсылман діні біздің елде мемлекеттік деңгейде. Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан.Тегімізді бүтіндеу үшін тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін адамдарымызды ұлттық сауаттылыққа тәрбиелеуіміз керек. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Көне Көк түркінің «Көк аспан» бірдей деген ұғымды меңзеп тұр. Ендеше сол көк аспанның астында жүрген бүгінгі қазақтың бірін-бірі жатсынуының өзі надандықты аңғартады.

Құран Кәрім десе, көп адамдарымыз оны қарапайым уағыздар жиынтығы деп түсінеді.Әрбір сөзінің тасасында жатқан терең-терең

Слайд 11 Құран Кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида әрі түгел

ғылыми құрылым.Сондықтан ондағы айтылған сөздерді әрбір мұсылман насихаттауы емес, тура өзі орындауы шарт. Орындау үшін әрбір сөздің тасасында жатқан күрделі ойларды дұрыс түсіне білгені жөн.
Жарқыраған шырақ (Күн) жараттық...» деген қағидасы Құран Кәрім арқылы мәңгіленіп қалған. Бұл ұлылықтарда бүгінге жеткен қазақ баласының адами бітімі мен рухани болмысы өрнектелген. Және жеке ру,тайпаның тұлғасы сомдалған. Сол себепті де Абай Құанбайұлы: «Жүрегімнің түбіне терең бойла,мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла!» деген сұңғыла өсиетін айтқан.Әйтсе де жерімізге қара шекпенділер үстемдік жүргізе бастағалы бергі 300 жылға жуық уақыт аралығында қазақ баласы тамырлы тек, танымдық түйсігімізден біршама адасып қалғанға ұқсаймыз.Халқымыздың жартысы ана тілін білмейтіндігі, ұрпақтарымыздың дінін, тілін түсінбейтіндігі соның бір айғағы іспетті.


Құран Кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида әрі түгел ғылыми құрылым.Сондықтан ондағы айтылған сөздерді әрбір

Слайд 12 Құран Кәрім десе, көп адамдарымыз оны қарапайым уағыздар жиынтығы

деп түсінеді.Әрбір сөзінің тасасында жатқан терең-терең ойларды көз жеткізіп,көре алмайды. Сөйтеді де «Дініміз неге өзге діндер сияқты ауқымды түрде еркін насихатталмайды?» деген сауалдар қояды.
Мұсылман діні біздің елде мемлекеттік деңгейде. Қазақтың тегі түркіден де, діні мұсылманнан.Тегімізді бүтіндеу үшін тарихымызды, дінімізді түгендеу үшін адамдарымызды ұлттық сауаттылыққа тәрбиелеуіміз керек. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Көне Көк түркінің «Көк аспан» бірдей деген ұғымды меңзеп тұр. Ендеше сол көк аспанның астында жүрген бүгінгі қазақтың бірін-бірі жатсынуының өзі надандықты аңғартады.
Құран Кәрім өзге діндер сияқты емес, ол-қағида әрі түгел ғылыми құрылым.Сондықтан ондағы айтылған сөздерді әрбір мұсылман насихаттауы емес, тура өзі орындауы шарт. Орындау үшін әрбір сөздің тасасында жатқан күрделі ойларды дұрыс түсіне білгені жөн.



Құран Кәрім десе, көп адамдарымыз оны қарапайым уағыздар жиынтығы деп түсінеді.Әрбір сөзінің тасасында жатқан терең-терең

Слайд 14 Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес діни ұйымдар саны өсуде. Бас-аяғы

жиырма жылға жетпейтін уақыт ішінде «Сайентология шіркеуі» (статистикалық есеп бойынша: 2003 ж. - 1; 2008 ж. - 5; 2009 ж. - 4), «Кришнаны тану қоғамы» (статистикалық есеп бойынша: 2008 ж. - 12; 2009 ж. - 10;), Фархад атаның жолын қуған «үмбеттер», «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»), «Иегова куәгерлері» (1990 ж. - 27; 2003 ж. - 100; 2008 ж. - 76; 2009 ж. - 78), тағы да басқа толып жатқан дәстүрлі емес діни ұйымдар (2003 ж. - 51; 2009 ж. - 44;) «Елуіншілер», (1990 ж. - 42; 2003 ж. - 32; 2008 ж. - 48; 2009 ж. - 51) еліміздің түкпір-түкпірін жаулап үлгерді. Көптеген отбасының шырқы бұзылып, талай шаңырақ ортасына түсті. Өкініштісі, діни сауаты әлі кемеліне келмеген азаматтар олардан қалай сақтану керектігін, қандай жолмен тойтарыс беруге болатындығын жете біле бермейтін сыңайлы. Қой терісін жамылған қасқыр тәрізді, діннің атын жамылған теріс пиғылды ағымдар қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін екендігіне енді ғана ой жіберіп жатқандаймыз. Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады.

Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес діни ұйымдар саны өсуде. Бас-аяғы жиырма жылға жетпейтін уақыт ішінде «Сайентология

Слайд 15Самсаған секталар мен сансыраған саналар...Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан

айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде.
«Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтық көп, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқатдін ретінде санайды. «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады.
2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.
Самсаған секталар мен сансыраған саналар...Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар

Слайд 16«Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни

ағым. протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты – Иегова, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.
«Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Иконаға, крестке және статуяларға тағзым етпейді, сондай-ақ қандай да бір халықты рухтандыратын мемлекеттік әнұрандардың орындалуын, туларды идолға табынудың жабық түрі санап, құрмет көрсетуді қажет деп есептемейді. Рождествоны, туған күндер мен басқа да мерекелерді атап өтпейді.
Шығыс Қазақстанда 2007 жылы «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің мүшелерінің мемлекеттік шаралар мен мерекелерден бас тарту оқиғасы байқалған. 2007 жылы қаңтарда Өскеменде Өнер колледжі теориялық бөлімінің ІІ курс студенті А.В.Цитович Қазақстан Әнұранын орындауға қатысудан және оқу орнының қоғамдық өміріне атсалысудан бас тартқан.
2007 жылдың аяғында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында Төрехан Ешпанов 21 жыл отасқан әйелі Есенкүл Ешпановамен ажырасуға тура келген. Оның басты себебі – әйелі «Иегова куәгерлері» қауымдастығына мүше болуы. Одан басқа, Есенкүл Ешпанова әкелерінің рұқсатынсыз өзінің балаларын: екі ұл және екі қызын аталған бірлестікке кіргізген.
«Иегова куәгерлері» ізбасарларының арасында әскери қызметін өтеуден бас тарту және бой тасалау фактілері де кездеседі. Қарағанды облысы қорғаныс істері бойынша бөлімде діни сенімдері бойынша әскери қызметтен бас тартқан Сәтпаев қаласының үш тұрғыны тіркеуде тұр: Михаил Сергеевич Гроголь,1988 ж.т., Андрей Сергеевич Гроголь, 1983 ж.т.,Вадим Владимирович Шумилин, 1987 ж.т.
Қазақстанда өткен жылғы есеп бойынша «Иегова куәгерлерінің» 76 қауымдастығы қызмет етеді. Тек облыстардың, Алматы және Астана қалалық әділет департаменттерінің ресми деректері бойынша «Иегова куәгерлері» ізбасарларының саны 6000-нан асады.
«Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті

Слайд 17«Кришнаны тану қоғамы». Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад

– Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда – ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді Кришна – санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады.
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігі мен «Кришнаны тану қоғамы» діни бірлестігінің мүшелері болып табылатын Қазақстан азаматтары арасында жер телімдерін заңсыз алу мен мақсатсыз пайдалану мәселесі бойынша сот ісі жүріп жатыр. Аталған жер телімі бойынша дау-дамайға байланысты ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі алқасы 2007 жылдың 8 мамырында түпкілікті шешім қабылдады.
Алматы облысы әкімдігі тарапынан кришнаиттерге бес баламалы телімді таңдау ұсынылды. Алайда, діни қауымдастық әлі күнге дейін Қарасай ауданындағы заңсыз иеленген аумақты босатпай отыр. Қауымдастық басшылығының басты дәйектері ұсынылған телімдердің Алматы қаласынан қашық немесе коммуникация жоқ дегенге саяды. Бұдан кришнаиттер қауымдастығы проблеманы сындарлы шешуге мүдделі еместігін және тартысқа толы жағдайды әдейі созып отырғаны байқалады. Олар жер мәселесі бойынша созылған жанжалдың нақты себептеріне жүгінбей, жағдайды жергілікті билік органдары тарапынан діни себептер бойынша қудалау және Қарасай ауданынан қауымдастықты мақсатты түрде аластату мағынасында көрсеткісі келеді
«Кришнаны тану қоғамы». Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани

Слайд 18«Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» қызметін 1997 жылдың

ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жолы» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар.
Ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, балалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Аруақтардың айтқанына құлақ аспаған адам бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санаға сіңіреді. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», Ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан құрылған сарапшы комиссияның 2008 жылғы 31 шілдедегі №201 бағалауына сәйкес, «Ата жолы»-ның «емін» халықтық медицинаға жатқызу мүмкін емес. Оның қызметінде адамдарды арбау мен санасына әсер ету (бүгінгі адамды өткенімен, бұрынғы бабаларымен байланыстыруға ұмтылыс, адамдардың эмоциялық жағдайын, жан қиналысын және көңіл ауанын пайдалану) жағдайлары кездеседі. «Ата жолына» қатысты даулы фактінің бірі Қостанайдың іргесіндегі мекен тұрғыны 48 жастағы Р.Б.Әлжанның өзіне қол жұмсауы болды. Туыстарының айтуы бойынша, ол «Ата жолы» сектасы қызметінің нәтижесінде уксус ішуге мәжбүр болған.
«Шырақ жағу», «ақтық жабу», «бата шығару» сеанстарын өткізу уақытында «Ата жолы» қозғалысы тарапынан «ордаға» жақындарын, балаларын, күйеулері мен әйелдерін тартуға белсенді түрде насихат жүргізіледі.
«Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы»

Слайд 19

«Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай

және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана, Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Ляззат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.
Әрі қарай аталған формуланы қайталай отырып, күн сайын көп мәрте күн көзіне 3 минут бойы қарап тұру керек. Сондай-ақ, «емдік шай» (тұз қосылған қарапайым шай) және «Звезда Селенной» (Новосибирск қаласында басылады, бағасы 300 бен 600 теңге аралығында) журналын оқу керек.
Қозғалыс мүшелері Ф.Абдуллаевтың тұлғасын пір тұтып, «Фархат Ата» деп атайды. Осылайша, «фархатшылар» қозғалысы Ф.Абдуллаевты құдай деңгейінде көреді, оның зайыбы Нинаны қасиеттілер қатарына қосады.
2000 жылдан бастап тек қана Солтүстік Қазақстан облысында «Алля Аят» әдістемесі бойынша «емдеумен» байланысты адамдар қайтыс болған екі факті тіркелген. Петропавл қаласының тұрғыны М.В.В. (1-ші типтегі қант диабетімен ауырады, инсулинге тәуелді) ағым мүшелерінің ықпалымен инсулин қабылдаудан бас тартқан, ақыр аяғында үш күннен кейін қайтыс болған.
2006 жылы Астана қаласының прокуратурасы «Алля Аят» әдістемесі бойынша емдеу сеанстарына қатысқан азаматтардың жүйке ауруларына ұшыраған фактілерін анықтаған. Астана қаласындағы Жүйке саулығы проблемалары медициналық орталығының деректері бойынша 2004 жылы 6 қыркүйектен 6 қазанға дейін шизофрения диагнозымен Д.А.Такеева емдеуден өткен. Ол бұрын-соңды психоневрологиялық диспансерде тіркеуде болмаған. Оның ауруының асқынуы «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағымы емшілерінің қимылынан кейін қозған.
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік органдардың ведомствоаралық комиссиясы Алматы облысы Шонжы кентіне барып «Алля Аят» қызметін зерттеу барысында оның қызметін ел азаматтарының өміріне және еркіндігіне қатер төндіреді деп тану туралы ұсыныс жасады.
«Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы

Слайд 20«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом

Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты – Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған).
«Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа, ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.
Қазақстанда «Ахмадие» қауымдастығы пәкістандық пірадарлардың ықпалымен 1994 жылы Алматыда пайда болды. Қауымдастықтың толық атауы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ахмадиелік мұсылман жамағаты».
2008 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 4 Ахмедиелік жамағат діни бірлестігі (Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы және Шымкент қалалары) қызмет етеді.
«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің

Слайд 21
«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст

Лафайет Рональд Хаббард. Саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған.
Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар.
Дінтанушылар аталған ұйым алаяқтықпен айналысатын және оның қызметі адамдардың жүйкесіне кері ықпал ететін коммерциялық ұйым екендігін атап көрсетеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша аталған сектадан шығу үшін 2-2,5 жыл кетеді.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, «Республикалық психатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығында» стационарлық емделуден Тимур Исламұлы Дадабаев өткен. Ол ем қабылдауға 2008 жылдың 14 ақпанында «Саентология шіркеуінде» құлшылық ету барысында ауыр психикалық жағдайдан кейін түскен.
Саентология шіркеуінің басқа конфессиялардан өзекті ерекшелігі, ол тарапынан ұсынылған ресімдер
мен әдіснаманың барлығы ақылы негізде. Алғашқы кезде жаңадан келгендер үшін міндетті «Адам мүмкіндігінің оксфордттық тесті» ғана тегін өтеді (200 сауалдан тұратын сауалнама). Ресімге алған төлемақы шіркеуге көмек ретіндегі мүшелік жарна, қайырмалдық деп аталады.
Бүгінде «Саентология шіркеуі» ізбасарларының саны шамамен 5 000-ға жуықтайды.
«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы – жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Саентология буддизм мен

Слайд 22 «Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек?»
Соңғы

кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
«Дәстүрлі емес діни ағымдар олармен қалай күресу керек?»  Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына

Слайд 23 Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу оңайлықпен шешімін табатын

мәселе емес. Адам осындай жағдайда бұрын тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар жандар өмірмен мезгілсіз қоштасып жатады. Елімізде тұрақтылыкты, дінаралык татулықты нығайту мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту мақсатында бірінші болып Қазақстанда 2007 жылы Ю.Денисенко Қостанай қаласында «Дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету» үкіметтік емес ұйымын ашып, бөгде ағымның ықпалына түскен жандарға тура жолға бағыттау ісінде көптеген іс-шаралар атқарып келеді. Бүгінгі таңда, республикамыздың әр аймағында ашылған дәстүрден тыс діни ағымдардан зардап шеккен жандарды қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар саны 17-ге жетті. Осындай оңалту орталықтардың бірі «Ареал діни істер ақпараттық қорының» президенті А.Рустембекова, Көкшетау қаласындағы «Дәстүрлі емес діни ұйымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету» орталығының президенті Г.Оразбаева, облыстағы жергілікті тұрғындармен, жастармен кездесулер өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді анықтау, олардың ақиқат жолдан адасуына ықпал еткен себеп-салдарын зерттеу, азаматтардың теріс діни бағытқа өту процесін тоқтату барысында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде. Зардап шеккен жандарға арнайы тәжірибелі психолог мамандар кеңес беруде. Олар қазіргі күрделі ахуалды жұртшылыққа көмек көрсету үшін барлық мешіттерде сабырлылық, рухани азық, күмәнге жауап бөлмелерін ашып, заңгерлік көмектер көрсетуді қолға алған. Осының бәрі - теріс мақсатты діни ағымдар ықпалына еріп, ой-санасы тәуелсіз күйге түсудің салдарынан болып жатқан оқиғалар. Сол себептен, азаматтардың діни сауаты кемел болса ғана оларға лайықты тойтарыс беруге болады.

Дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу оңайлықпен шешімін табатын мәселе емес. Адам осындай жағдайда бұрын

Слайд 24 Жаны бейімделгіш жандардың сыртқы күштердің шабуылына ұшырап, оған қарсылық

көрсете алмаған жандарға қатысты осы тектес мысалдарды көптеп келтіруге болады.Теріс мақсатты көздейтін діни ағымдардан құрылған топтар жалпыға ортақ құндылықтарды, тіпті мемлекеттің Ата заңын мойындамауы мүмкін.
Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың кесірінен орын алған бірқатар оқиғалар осының бір дәлелі. Мәселен, Қазақстанда кең қанат жайған «Иегова куәгерлері» әскерде қызмет етуге қарсы. Сондай-ақ олар мемлекеттік әнұранымызды, мемлекеттік туымызды мойындамайды. Сол сияқты, дәстүрлі медицинаны жоққа шығарып, тек дәстүрлі емес діни ұйымдарға ғана табынушылар көптеп кездеседі.

Жаны бейімделгіш жандардың сыртқы күштердің шабуылына ұшырап, оған қарсылық көрсете алмаған жандарға қатысты осы тектес

Слайд 25 Ескішіл көзқараспен өмір сүретін, аңыз-әңгімелердегі жайттарды шындыққа балайтын

дәстүрлі емес діни ағым мүшелері кез келген жаңашылдықты жақтырмайды. Себебі осы топ ықпалына түскен жандар үшін ұйымдардың рәсімдері мен салт-дәстүрлері бірінші орында тұрады. Осы орайда елімізде өріс алып бара жатқан сананы арбаушы дәстүрлі емес діни ағымдардың, біраз елді әуре-сарсаңға салған «Ата жолы», «Елуіншілердің» әлегі туралы айтпай кете алмаймыз. Еліру, психопатологиялық дерттің салдарынан долдану, өздеріне ғана мәлім жұмбақ «ләззатқа» бөлену, қалшылдап-дірілдеу, жүрекпен сөйлеу - «Ата жолы», мен «Елуіншілердің» әрекетіне тән құбылыстардың бірі. Осы жүрекпен сөйлеу, қалшылдап-дірілдеудің сырын «Ата жолы» және «Елуіншілердің» өздері былай түсіндіреді: «Бұл - қасиетті рухтың адам тәніне енуі кезінде болатын құбылыс». Осы сәтте олар өз-өздерін және қоршаған адамдарды мүлде естен шығарады. Кейбіреулерінің көздеріне түрлі елестер елестейді. Олар дәстүрден тыс діни ағым мүшелері миына сіңірген бейнелерді көреді. Атап айтқанда, «Ата жолындағылар», әулие-бабалармен, аталар рухымен байланысқа түсеміз десе, ал «Елуіншілер» Христосты, Мария ананы, жұмақты, тозақты, тағы басқаларын көретіндерін айтады. Бұл феноменге қатысты халық арасында көптеген оқиғалар тіркелген. Мәселен, бірде шіркеу қызметкері «ләззатқа» бөлену кезінде бір сағат бойы басын еденге соққылаумен болған. Бір айта кетерлігі, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған, тіпті басының қаншалықты ауырғанын да сезбеген.

Ескішіл көзқараспен өмір сүретін, аңыз-әңгімелердегі жайттарды шындыққа балайтын дәстүрлі емес діни ағым мүшелері кез

Слайд 26Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш

жандар аңғал, сенгіш келеді.Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.Себебі жүйкесі,ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады.Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашу-ызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.Демек, өзіңді-өзің қорғау үшін солардың дегеніне көнуге тура келмек. Яғни қасқырлардың ортасында өмір сүру үшін қасқырша алысып-жұлысуға мәжбүр боласыз деген сөз.

Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді.  Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді.Оларды алдап-арбау,

Слайд 27 Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да

бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ,тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады. Оның сыры неде? Бейімделгіш ұйымның ең түсініксіз жері мынада:жеке тұлға,бір топқа айналғаннан кейін ортақ жүйеге,бір мақсатқа бойұсынады. Осылайша, әрқайсысы дербес ойлау,әрекет ету қабілеттерінен айырылады. Жаңа күйге енеді.Бұрын өзіндік идеясы мен сезу қабілеті бар тұлғалар топ санатына енгеннен кейін біртұтас ұйымның мүшесіне айналады.Зерттеушілер осы ұйымның іс-әрекеті мен психологиялық жағдайына да сипаттама береді. Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді.Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз.Осы орайда,бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал.


Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ,тұлға

Слайд 28Діни секталар

Діни секталар

Слайд 30Атыраудың қолы сыңғыр вандалдары.

Атыраудың қолы сыңғыр вандалдары.

Слайд 31Мағжан Жұмабаевтың әкесінің зиратын киратқан

Мағжан Жұмабаевтың әкесінің зиратын киратқан

Слайд 33 Ислам ілімі.Ислам дінінде Құдайды үшке не екіге бөлуге

немесе оған серік қосуға болмайды. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға, т.б. табынуға, сыйынуға тыйым салынады.Исламда сенімдер мен ілімдер адам ұғымына түсінікті, ақыл мен қисынға қонымды, анық, қабылдауға жеңіл, ал қағидалары адамның жаратылысына, мүмкіндігіне сай етіп белгілену шарт.Дінде рухтың көшуі (реинкорнация), тумысынан күнәкар болу, нақты бір тап өкілі болып туу деген сияқты өмірді қиын етіп көрсететін адам ұғымына ауыр сенімдерге жол берілмейді.Ислам дінінде адамның табиғатына жат, өміріне қиыншылық туғызатын қағидаларға тыйым салынады.Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһә илла Аллаһ, Мухаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған.Яғни, Алланың барлығына, бірлігіне сену, оған ешкімді тең көрмеу және Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екенін мойындау.Сондықтан бұл қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен бекіткен адам ислам дініне кірген болып есептелінеді.Мұны «кәлима таухид» деп атайды.Ислам адамның тән тазалығымен қатар, ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көп көңіл бөледі. Мұсылманның бес парызы. Ислам діні бес ұстанымға негізделген.Олар: иман, намаз, ораза, зекет және қажылық.



Ислам ілімі.Ислам дінінде Құдайды үшке не екіге бөлуге немесе оған серік қосуға болмайды. Алладан

Слайд 34
Адамзатты ізгілікке бастайтын Алланы Құран Кәрім. Құран – «оқу»,

«жатқа оқу» мағынасындағы араб сөзі. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті, күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атады. Ол – мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші, адамзатты ақиқатқа қауыштырушы қасиетті кітап. Адамзатты ізгілікке бастайтын Алланың рақымы. Сондай-ақ, Мұхаммед расулдың ең үлкен пайғамбарлық кереметі (пайғамбарлық кереметті исламда муғжиза дейді).

Құран Кәрім. Құран – «оқу», «
Адамзатты ізгілікке бастайтын Алланы Құран Кәрім. Құран – «оқу», «жатқа оқу» мағынасындағы араб сөзі. Күллі

Слайд 35 Құранда 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш

аяттан тұратын «Кәусар» сүресі. Ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі. Мұхаммед пайғамбарға түскен әуелгі аят «Оқы!» деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты. Құран сүрелері меккелік, мединелік болып екіге бөлінеді.Меккелік сүрелер - Мұхаммед пайғамбар Мекке қаласында тұрғанда түскен сүрелер. Онда жалпы иман-сенім, жаннат-жаһаннам, әлем мен адамның жаратылуы, бұрынғы өткен пайғамбарлар туралы тақырыптар баяндалады. Ал пайғамбардың Мединеге көшуіне байланысты, онда түскен сүрелер «мединелік сүрелер» деп аталады. Бұл сүрелерде қоғам өмірі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар бойынша әмірлер мен бұйрықтар, тыйымдар, т.б. тақырыптар баяндалады. Құран Алла әмірімен Жәбірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға жиырма үш жыл бойы түскен. «Қадір» сүресінде алғашқы аян «уахи! 610 жылы рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға түскенін баяндайды.
Құрметті оқушылар,бүгін сіздерге қасиетті жұма күнінде айтылған уағыздар ақ жолға апарар әділ әңгіме болды деген сенімдеміз.Қазақта мынадай мақал бар: «Өлі риза болмай,тірі байымайды».Бұл байлық жайында емес. Ата-бабаларымызды қасиетті күндері еске алып,құран бағыштап отыру - әрбір мұсылманның міндеті.Олай болса сол ата-бабаларымыздың рухына бағыштап Құран оқиық.(Фатиха,Ықылас сүрелері оқылады).
Біз осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Құранда 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш аяттан тұратын «Кәусар» сүресі. Ал ең

Слайд 38НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть