Слайд 3Ғалымдардың айтуынша, егер адам миының оң жарты шары жетекші болып табылса,
онда эмоцияның басым болғаны. Ал, егер мидың сол жақ бөлігі жетекші роль атқарса, онда аналитикалық ақыл қабаты басым. Келесі ұсынылатын тест сіздердің әр біреуіңіздің жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туа біткен нышан болып табылады, сондай-ақ өмір бойы өзгермейді. Тек қатты толқығанда мидің жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін. Дегенмен осы тест арқылы өзімізді әлдеде танып көрейік. Ол үшін сіздерге 4-нұсқау оқылады, сол бойынша әрекет етіп отырамыз.
Слайд 41-нұсқау. Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір (оң немесе сол) басбармақтың ұдайы
үстінде тұратынын аңғарасыз.
Слайд 6Егер, ол сол саусақ болса – сіз тым әсерленгіш адамсыз. Ал,
ол оң саусақ болса, онда сізде аналитикалық ойлау басым
Слайд 72-нұсқау. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз.
Слайд 9Оң көз жетекші роль атқарса, онда сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды болғаны,
сол көздің жетекшілігі мінез-құлқыңыздың жұмсақ және көнгіштігі туралы хабардар етеді.
Слайд 10
3-нұсқау. Егер қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырғанда
Слайд 12сол қол үстінде тұрса, назды қылықтарға бейімсіз, егер оң қол үстінде
тұрса, онда сізге қарапайымдылық, ақкөңілділік тән.
Слайд 134-нұсқау. Егер сізге оң қолмен шапалақ ұрған ыңғайлырақ болса, онда сізге
батылдық тән, ал, сол қолмен шапалақтау ыңғайлырақ болса, онда шешім қабылдар алдында сіздің жиі қобалжитындығыңыды білдіреді.
Слайд 15Әрбір нұсқаудан кейін қайсы қол (ми бөлігі) – оң (О) немесе
сол (С) сіз үшін жетекті болып табылатынын жазыңыз. Сізде сонда төрт әріптен тұратын формула анықталады, одан мінез-құлық ерекшеліктеріңіз айқындалады.
Слайд 17ОООО – сіз мінезіңізге кертартпалық тән, жалпы қабылданған пікірге (стереотипке) мойынсынуға
бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз.
Слайд 19ОООС – сіздің мінезіңізге жасқаншақтық тән.
Слайд 21ООСО – сізге назданғыштық, бірбеткейлік тән, әзілдеуді ұнатасыз. Сізбен қарым-қатынас жасау
үшін де осы қасиеттер керек. Бұлар тез тіл табысқыш адамдар. Мінездің бұл түрі, әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі.
Слайд 23ООСС – мінездің сирек ұшырасатын түрі, жұмсақтық тән. Алайда, тартқыншақтық (сол
қолмен шапалақтау) пен қатаң міез (оң көздің жетекшілік роль атқаруы) арасында қайшылық байқалады.
Слайд 25ОСОО – ой оралымдығы мен мінез жайлылығын біріктіретін мінез-құлық түрі. Бұл
мінез «іскер әйелдерде» жиі ұшырасады. Мұндай адамдар өзгелерге үйірсінеді, сақ болып келеді, қарым-қатынасқа төзімді және салқынқанды.
Слайд 27ОСОС - әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері
дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. Әйелдер арасында жиі кездесетін мінез.
Слайд 29СООО – мұндай үйлесімділік жиі кездеседі. Оған тұрақсыздықпен ұштасып жататын әсерленгіштік
нышандары тән.
Слайд 31СООС – сізге жұмсақтық, аңғалдық тән. «Кішкентай ханшайым» типі өзіңізге ерекше
ұқыпты қарым-қатынасты талап етеді.
Слайд 33ССОО – сізге жылы шырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтарыңыз шашыраңқы, өз
іс-қимылыңызға жиі есеп беріп жүруге бейімсіз.
Слайд 35СССО – сіз сезімтал, қимылыңыз ширақ, батыл адамсыз, алайда шешімді асығыс
қабылдайсыз. Сіз өзіңізді тежеп ұстауыңыз қажет. Мұндай мінезді ер адамдардың сезімге берілуі сирек кездеседі.
Слайд 37СССС – сізге тез бейімделгіштік тән. Кез-келгеен құбылысқа жаңаша қарауға қабілеттісіз.
Сізге әсерленгіштік, өзімшілдік және бірбеткейлік тән. Кейде ол тұйықтыққа әкеліп соғады.
Слайд 39СОСО – мінездің ең күшті түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мүмкін
емес. Сіз өз көзқарасыңызды тек күшпен өзгертесіз. Ширақсыз, алға қойған мақсатқа жетуде қажырлылық көрсетесіз.
Слайд 41СОСС – сіз қойылған мақсатқа жетуде табандысыз. Мұндай мінезді адамдар ырыққа
көнбейді, оларды өз айтқанынан қайтару мүмкін емес. Мұндай адамдар үшін дос болу қиын.
Слайд 43ОССО – сіз икемделгішсіз. Дау-жанжалдан алыс жүресіз, саяхаттарды ұнатасыз. Дос табу
сіз үшін оңай. Алайда, жиі әуестенуге құмарсыз.
Слайд 45ОССС – сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән, бәрін өзіңіз істегіңіз келіп
тұрады. Талдай білуге бейімділігіңіз арқасында күрделі міндеттерді табысты шешесіз. әдетте, жұмсақ көрінгенмен, істі аяғына дейін жеткізу қажет болғанда талап қойғыш, тіпті қатаңда бола аласыз.