Слайд 1БҚОӘББ «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
ҚҰҚЫҚТЫҚ
САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН
ТАЛАБЫ
ӘГП
ПЦК оқытушысы Г.Р.Кайыржанова
Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің ұлы.
Бауыржан Момышұлы
Білімді, әділ, парасатты, жігерлі
болашақ маман иесін тәрбиелеу.
Слайд 3
“Құқықтық сауаттылық – заман талабы”
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Слайд 4 Тәрбие сағатының мақсаты – Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәдениетті
қалыптастыру
Слайд 5
Әркім өзінен бастауы керек мақал, сөз.
Сауалнама
Статистика
Шешу жолдары.
Слайд 6“Ойды аяқта”
(мақал-мәтел айту)
Слайд 7
10 бап.
Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне
қол сұғылмауға құқығы.
1.Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.
Слайд 8
9-бап.
Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы.
Әрбір бала туған сәттен
бастап аты-жөні, ұлты және азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. Тегіне, нәсіліне, қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулығына, ата-анасына қатысты өзге де мән –жайларға қарамасатан барлық бала тең құқыққа ие.
Слайд 9
11-бап.
Әрбір бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, өзінің
қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
Слайд 10
16-бап.
Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы
бар.
Балалар 14 жастан бастап ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына, дене бітіміне, өсіп-жетілуіне, психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар.
Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға тыйым салынады.
Жұмыс істеу оқу үрдісін бұзбауға тиіс.
Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез-келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады. Осының ішіне баланың негізгі құқықтары кіреді.
Слайд 11
Оқушының Міндеттері керек:
52-бап.
1. Он сегіз жасқа(кәмелетке) толмаған адам бала деп
танылады.
2. Әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Слайд 12Тапсырма № 1
8 сынып оқушысы Айнұрға үнемі өзінен үлкен Қайрат телефон
соғып тұрады. Бір күні Айнұр келесі бір телефон диалогында әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әңгімесін естіп тұрғанын біліп қояды. Әпкесіне ренжіп еді, ол «Сенің құпияңды әкем мен шешеме айтып қоямын» деп қорқытты. Айнұр үшін оның құпия болғаны керек еді. Бірінші жағдайдағы Айнұрдың әпкесінің іс-әрекеті дұрыс па?
XXXXXX
Слайд 13
Тапсырма № 2
Әкесіз өскен Алма кішкене кезінен күнделік жазып жүретін. Бір
күні Химия сабағында есеп шығарудың орнына күнделік толтырып отырған Алманы байқап қойған мұғалім, күнделігін тартып алып, оны бүкіл сыныпқа оқып береді. Қатты қорланған ол мұғалімге жаман сөз айтып, сыныптан шығып кетеді. Мұғалім Алманың бақылау жұмысына, 2 деген баға қояды. Алманың қылығы дұрыс па? Мұғалімнің іс-әрекетіне, 2 деген бағаны қойғанына қалай қарайсыңдар?
XXXXXX
Слайд 16
З
Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!