Презентация, доклад на тему Урок самопознания на тему Өз бақытың - өз қолында

Содержание

Өз бақытың өз қолыңдаМКҚК “Технологиялық колледж”26.11.2015ж.

Слайд 1


Слайд 2Өз бақытың өз қолыңда
МКҚК “Технологиялық колледж”
26.11.2015ж.

Өз бақытың өз қолыңдаМКҚК “Технологиялық колледж”26.11.2015ж.

Слайд 3Құндылық: «Тыныштық»

Қасиеттер: қарапайым өмірде биік ой ойлау, қалауыңды шектеу, өз- өзіңе

сенімділік, өз ісіңе берілу, өз - өзіңді құрметтеу, шыншылдық, жақсы ой т.б.
Құндылық: «Тыныштық»Қасиеттер: қарапайым өмірде биік ой ойлау, қалауыңды шектеу, өз- өзіңе сенімділік, өз ісіңе берілу, өз -

Слайд 4Сабақ мақсаты: Қарапайым өмірде жақсы ой ойлау, өз-өзіне сенімді болу, өзін

және өзгелерді құрметтеу арқылы тыныштық құндылығын ашу.
Міндеттері:
1.Биік, жақсы ой ойлау, өз ісіне сенімді болуды дамыту;
2. Өмірге, адамдарға, өзіне құрметпен қарауын, шыншылдықты дамыту;
3. Болашақта бақытты, сәтті адам болу үшін өз ісіне берілу, қалауын шектеу қасиеттерін тәрбиелеу
Сабақ мақсаты: Қарапайым өмірде жақсы ой ойлау, өз-өзіне сенімді болу, өзін және өзгелерді құрметтеу арқылы тыныштық құндылығын

Слайд 5Тыныштық сәті

М. Мақатаев
Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреу оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес мансап қой,
Жұрттан көрі жүрсең ирек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты

Тыныштық сәті

Слайд 6Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет.

 Әл-Фараби
Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық. Әлішер Науаи
Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Жүсіп Баласағұни
Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз. Платон
Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
В.Г. Короленко
Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады. Леонардо да Винчи
Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі кінәлі. Л. Толстой
Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі — бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу... Ілияс Есенберлин
Бақытты заманның бақытты ұрпақтары, еңбекпен есейе беріңдер.
Ыбырай Жақаев
Өз бақытыңа ие болу үшін өз-өзіңе сенімділік, өз ісіңе берілу, өз - өзіңді құрметтеу керек дегенді қалай түсінесің ?

Үй тапсырмасын тексеру. Ой толғау

Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет.       Әл-Фараби Асқан сұлулықтан аз ғана

Слайд 7Дәйек сөз
Бес нәрсеге асық бол...

Талап еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
- Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай Құнанбайұлы
Дәйек сөз      Бес нәрсеге асық бол...    Талап еңбек, терең

Слайд 8?
?
?
?
?
?
Ойланайық, пікірлесейік
Барлық адамдар өз өмірінде терең ой, қанағат деген ұғымдарды түсіне

білу үшін қандай болуы керек?

Адам ғұмыр бойы бақытты бола ала ма, әлде өмір бақытты сәттерден тұра ма?


??????Ойланайық, пікірлесейікБарлық адамдар өз өмірінде терең ой, қанағат деген ұғымдарды түсіне білу үшін қандай болуы керек? Адам

Слайд 9“Бақытты адамның көйлегі”
(шығыс ертегісі)


Әңгiмелеу (сұхбат).
(Аңыз әңгіме)

“Бақытты адамның көйлегі”(шығыс ертегісі) Әңгiмелеу (сұхбат).(Аңыз әңгіме)

Слайд 10 Бұл бір адамды тәубеге келтіретін тамаша ертегі.

Ерте-ерте-ертеде бір хан өмір сүріпті. Ханның,
сұлулығына жан сүйінбеген адам болмаған, қызы болған екен. Бір күні ханның қызы қатты ауырып қалады. Қыздың ауруына ешқандай емші дәру таппайды. Сөйтіп бір күні, елде ең жақсы деген емшіні шақырады. Емші қызды қарап, «сіздің қызыңызға бақытты адамның көйлегін кигізу керек» - деп айтады. Сонда хан өз сарбаздарына бақытты адамның көйлегін тауып әкелуді бұйырады. Іздеп-іздеп, сарбаздар бір байдың үйіне келеді. Байдан «бақыттысың ба?» деп сұраса, бай «бақыттымын» деп жауап береді. Сонда олар байдың көйлегін сұрап, ханның қызына апара жатқанын баяндайды. Сонда бай: «менде байлық та бар, бәрі бар, бірақ балам жоқ, сондықтан менің көйлегім қызға көмек бола қоймас» деп жолаушыларды шығарып салады. Сөйтіп, сарбаздар баласы көп бір отбасына келеді, отағасынан «бақыттысың ба?» деген сұраққа, «балаларым көп болғанмен, кейде оларды асырауға шамам жетпей жатады, егер біраз қаржым болса, бәлкім толыққанды бақытты болар ма едім» дейді.Сарбаздар тағы да іздеуге көшеді. Ізденістері ұзаққа созылады, енді қолды бір сілтеп, сарайға қайтамыз ба деп жүргенде, кішкентай бір шалаштан жарық көреді. жақындай келе іштен: «мен неткен бақытты едім, бүгін нанымды тауып жедім!» деген ризалы дауысты естиді. Ішке кіріп, көйлегін сұрайын десе кедейдің көйлегі жоқ екен..... 

Бұл бір адамды тәубеге келтіретін тамаша ертегі.

Слайд 11Мәтінмен жұмыс

1. Мәтінді өз сөздеріңізбен жалғастырып көріңіздер.
2. Мәтіндегі негізгі ойды бір

сөзбен қалай түйіндер едіңіздер?.

“Бақытты адамның көйлегі”


(шығыс ертегісі)

Мәтінмен жұмыс1. Мәтінді өз сөздеріңізбен жалғастырып көріңіздер.2. Мәтіндегі негізгі ойды бір сөзбен қалай түйіндер едіңіздер?.“Бақытты адамның көйлегі”(шығыс

Слайд 12Жаңа ақпарат

ӨМІРДЕ МҮМКІН ЕМЕС НӘРСЕ ЖОҚ (кеңес)
Берілген кеңестерді бұлжытпай орындауға тырысып,

оны әдетке айналдыратын болсаңыз, болашақта бақытты, сәтті адамға айналатыныңызға сенімді болыңыздар!
Бақытты адамдар: 1. Олар жанындағы адамдардың өзі туралы қандай ойда екенін мүлде ойламайды.
2.Олар өмірдің тек қана жақсы жақтарын көреді.
3.Достарының көп болғанын қалайды.
4.Әр күнін жақсы өткізуге тырысады.
5.Олар қанағатшыл келеді.
6.Сәтсіздіктердің бәрі бақытсыздық емес деп ойлайды…
Жаңа ақпаратӨМІРДЕ МҮМКІН ЕМЕС НӘРСЕ ЖОҚ (кеңес)Берілген кеңестерді бұлжытпай орындауға тырысып, оны әдетке айналдыратын болсаңыз, болашақта бақытты,

Слайд 13Шығармашылық жұмыс
Өз бақытыңа ие болу жолдарының моделін жасап көріңіздерші
(5 түсті

шеңберден таңдап 5 топқа бөліну)
Шығармашылық жұмысӨз бақытыңа ие болу жолдарының моделін жасап көріңіздерші (5 түсті шеңберден таңдап 5 топқа бөліну)

Слайд 14Топпен ән айту
М. Мақатаев «Бакыт деген»
Бақыт жайлы менің мынау білгенім  Бақыт

деген бірде шаттық бірде мұң.  Бақытты сол-тәрік етіп түндерін  Бақыт іздеп азаптанса кім де кім. 
Қайырмасы 2 рет
Бақыт деген сенің бала күндерің  Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.  Бақытын да басқасын да білмеуің  Бақытсыз-ақ ойнап күлгенің.  Бақыт деген әркімдер де бір арман  Сол арманның шыққан жері құмардан.  Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір  Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.
Қайырмасы 2 рет
Бақыт деген сенің бала күндерің  Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.  Бақытын да басқасын да білмеуің  Бақытсыз-ақ ойнап күлгенің. 
Топпен ән айтуМ. Мақатаев «Бакыт деген» Бақыт жайлы менің мынау білгенім  Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. 

Слайд 15Үй тапсырмасы.
113 бет
Қ. Мырза Әли
«Бақыт-...
өзіңнің
босағаңда»
өлең жолдарында


берілген

бақыт
ұғымының
мәнін ашып
жазып келу.
(үлгіге қара)

Үй тапсырмасы. 113 бет Қ. Мырза Әли «Бақыт-...өзіңнің босағаңда» өлең жолдарында берілген бақыт ұғымының мәнін ашып жазып

Слайд 16Тыныштық сәті
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Тыныштық

рухани құндылығының қасиеттерін бойымызға дарып,
Мен бақыттымын, өйткені... деген сөйлемді ойша жалғастырайық, өз бойыңыздың, сіздерді қоршаған адамдардың, қарапайым өмірдің жақсылығын көруге, өмірде биік, жақсы ой ойлауға, өз - өзіңе сенімді болып, өз ісіңе берілу, өзіңді құрметтеу яғни өзгемен сыйластықта болу маңыздылығына терең ой салып, шыншыл болайық. Айналамыздағы адамдарға, табиғатқа, жан – жануарларға, құстарға жақсылық жасайық.
Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.
Көздеріңізді ашуға болады.
Баяу музыка - композитор Gomer Edwin Evans

Тыныштық сәтіКөзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Тыныштық рухани құндылығының қасиеттерін бойымызға дарып, Мен

Слайд 17Қорытындылау
Құдай адамды саз балшықтан жасап біткен соң оның қолында артық саз

балшық қалады. Саған тағы не жасап берейін? -деп Құдай сұрайды. Маған бақыт жасап берші, - дейді адам. Құдай еш нәрсе айтпастан, қолындағы саз балшықты адамға ұстатады.
Қорытындылау Құдай адамды саз балшықтан жасап біткен соң оның қолында артық саз балшық қалады. Саған тағы не

Слайд 18Біз Сіздерге жақсылық тілейміз!

Біз Сіздерге жақсылық тілейміз!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть