Неге осы мен өзгеден басқарақпын,
неге жұртқа шат жерде жасқа баттым?
Басқалардай неге мен елтiмеймiн
самалына, көркiне бақша-бақтың?
Жерiк әйел секiлдi есiм ауып,
неге саған осы мен ашқарақпын?
Басым дал-дал. Бiлмеймiн
немен, қалай тынарын бұл күндерiм,
қалай қуам көңiлдiң бұлтын, желiн;
немен басам, бiлмеймiн, жанымдағы
мизам күнгi найзағай күркiлдерiн.
Жанар – найза, iшiм от, ќол дәрменсiз,
жауға алдырған батырдай жұртын, жерiн.
Келем көзсiз дауылда араласып,
Саған жетiп құлауым мүмкiн менiң.
Ақындық қиын деген дана халқым;
Мұқағали, Төлеген, Мұхтар ақын.
Төзе алмайтын ақын апа халім бар,
Дауаң бар ма бұл жолдан құтқаратын.
Елді жырлап, Отанымды, жер-көкті,
Жүрсем игі бірақ сезім жел өпті.
Институтта ғашық болғам бір қызға,
Сол махаббат тынышымды жерлепті.
Мен оны есім кетіп сүйген едім,
Қош дегенде қаралы күйге ендім.
Сол бір кезді сағынып, аруымды,
Бәлкім сонан жырға жеріп түймелендім.
Сағат тілі түнгі төрт Фариза апа,
Мен отырмын хат жазып арыз айта.
Қара өлең, астары бай хат күтемін,
Оралсын мен аңсаған Тамыз қайта
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть