Слайд 116 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні
22 Жылдың 22 белесі.
Слайд 2
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды»
Н.Назарбаев.
Слайд 31991 жыл
29 тамызда Президент Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
11 қыркүйекте
Қазақстан Ғарыштық зерттеулер агенттігі құрылды.
2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш кеңістігіне сапар шекті.
1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш бүкілхалықтық сайлауы өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болып, бірауыздан сайланды.
Слайд 410 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы болып өзгерді және
осы күні Алматыда мемлекет басшысының тұңғыш ұлықтау салтанаты өтті. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңестік республиканың басшысы ТМД-ның құрылуына негіз болған декларацияға қол қойды. Дәл осы күні М.С.Горбачевтің жарлығымен КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, ол мұндай атақты иеленген тарихтағы соңғы қазақстандық болып шықты.
Слайд 51992 жыл
10 қаңтар күні еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
30 қаңтарда Қазақстан
ЕҚЫҰ (Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы)-ның мүшесі болды. Алматыда Дүниежүзі қазақтарының I Құрылтайы өтті.
3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
22 наурызда халқымызға Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз оралды.
Слайд 67 мамырда Қазақстанның дербес Қарулы күштері құрылды.
8 мамырда еліміз ЮНЕСКО-ның
құрамына енді.
4 маусымда Қазақстан Республикасының Туына, Елтаңбасына және Әнұранының музыкалық редакциясына қатысты үш бірдей заң қабылданды.
Слайд 71993 жыл
28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғын Конституциясы бекітілді.
16 ақпанда оңтүстік
астананың БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі пайда болды.
18 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет Бүкіләлемдік экономикалық форум өтті.
Мамыр айында Елбасының бастамасымен «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды.
5 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады.
15 қарашада ұлттық валюта – теңге мен тиын айналымға енгізілді.
Слайд 81994 жыл
7 наурызда Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет Парламент сайлауы өтіп, елде
көппартиялық жүйенің дамуына жол ашты.
26 сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара сызығы нақтыланды.
1 шілдеде екінші қазақ – Талғат Мұсабаев ғарыш көгіне көтерілді.
10 желтоқсанда «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен айлақ орналасқан Қызылорда облысындағы Ленинск қаласы Ресейге жалға берілді.
Слайд 91995 жыл
1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылып, елде ұлтаралық татулықтың жарщысына
айналды. Ассамблеяның сессиясында Елбасы халыққа тұңғыш рет Жолдау арнады.
29 сәуірде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізілді.
19 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы ашылды.
27 мамырда Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
Слайд 101996 жыл
3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тарихи халықтық дәстүрге
сәйкес өз әкесінің аты-жөнін жаздыруға мүмкіндік алды.
30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға тыйым салу шартына қосылды.
16 желтоқсанда Алматыда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
Слайд 111997 жыл
11 шілдеде «ҚР тіл туралы» заңы қабылданды.
10 желтоқсаннан бастап
Ақмола қаласы ресми түрде Астана болып саналады.
Қазан айында Президенттің «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
Слайд 121998 жыл
1 маусымда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері құрылды.
10
маусымда тұңғыш рет жаңа Елорданың ресми тұсаукесері болып, Астана күні тойланды.
6 шілдеде XXI ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды.
Слайд 131999 жыл
10 қаңтарда Президент сайлауында қазақстандықтардың 79,78 пайыз дауысына ие болған
Н.Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде қайта сайланды.
25 ақпан мен 4 наурыз аралығында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш халық санағы өтіп, елде 14 953 000 адамның тұратыны белгілі болды.
1 наурызда төрт саяси партияның басын қосқан «Отан» республикалық партиясы құрылды.
Слайд 142000 жыл
16 наурызда Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді.
10 қазанда Астанада
Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
15 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Сиднейде өткен XXVII жазғы олимпиадалық ойындарында Қазақстан құрамасы үш алтын, 4 күміс медаль алды. Марқұм Бекзат Саттарханов халықтың айрықша ықыласына бөленді.
Слайд 152001 жыл
27 наурызда Каспий құбыр консорциумын толтыру басталып, «қара алтын» экспортының
көлемі ұлғайды.
22 қыркүйекте Қазақстанға Рим папасы Иоанн Павел II және осы салтанатты көруге әлемнің 30 елінен 300 мыңдай христиан келді.
Осы жылы Қазақстанда 4 әскери округ құрылды.
Эстрадада «Ұлытау» жобасы дүниеге келіп, сол жылы-ақ, Голливудта Музыкалық орындаушылардың бүкіләлемдік чемпионатында бас жүлде алды.
Слайд 162002 жыл
25 сәуірде Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады.
13 мамырда Н.Назарбаев пен
В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы маңызды тарихи құжат – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде шекараны ажырату жөніндегі келісімнің хаттамасына қол қойды.
17 қазанда Қазақстанға БҰҰ бас хатшысы К.Аннон келді.
Слайд 172003 жыл
2003-2005 жылдары – «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
20 маусымда ҚР
«Жер» кодексіне қол қойылды.
23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші сьезі болды.
17 желтоқсанда Президент «ҚР-да өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Слайд 182004 жыл
13 қаңтарда «Мәдени мұра» мелекеттік бағдарламасы қолға алына бастады.
16-19 мамырда
Қазақстан мен Қытай арасында Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу туралы келісімге қол қойылды.
28 мамырда Астанада Тұңғыш Президент мұражайы құрылды.
Осы жылы Президенттің «Ақорда» жаңа резиденциясы ашылды.
Слайд 192005 жыл
Ұлы ақын Абай Құнанбаев 160 жасқа толды. Осыған орай, Ресейде
«Абай жылы» аталып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті болып, Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
Слайд 202006 жыл
Қаңтарда еліміздің жаңа әнұраны қабылданды.
15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта
шықты.
Академик Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді.
Слайд 212007 жыл
«Қазақ тілін қолдау» жылы болып жарияланды. Ел халқының табиғи өсімі
163 166 адамға жетті.
Қазақстан Шанхай Ынтымақтастығына төрағалық етті.
Слайд 222008 жыл
30 қаңтар Астанада елбасының қатысуымен «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумы өтті.
Елордада
«Қазақ елі» монументі бой көтерді.
6 шілде Астана күні болып енгізілді.
Слайд 232009 жыл
Ауыр атлеттер Гоянск ұйымдастырған әлем чемпионатында төрт бірдей алтын медаль
алды.
3 тамызда «Жетіген-Қорғас» халықаралық теміржол құрылысы басталды.
12 желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао «Түрікменстан-Қазақстан-Өзбекстан-Қытай» газ құбырының қазақстандық бөлігін іске қосты.
Слайд 242010 жыл
1 қаңтарда Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кедендік одақ жұмыс
істей бастады.
6 шілдеде елорданың туған күнінде Астанада әлемдегі ең биік шатырлы ғимарат - «Хан шатыры» кешені ашылды.
1 қыркүйекте Астанадағы Назарбаев университетіндеоқу процесі басталды.
1 желтоқсанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отырған Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев ұйымның саммитін ашты.
Слайд 252011 жыл
30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Қазақстанда тұңғыш рет Қысқы
Азия ойындары өтті. Спорт бәсекесінде еліміздің спортшылары 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді иеленіп, құрлықтағы 26 елдің арасынан алғашқы орынды алды. Ақ Азияда қазақ қоғамына айрықша рухани серпіліс сыйлады.
1 желтоқсанда Алматы метрополитені іске қосылды.
9 желтоқсанда Мойнақ су электр стансасы пайдалануға берілді.
Слайд 262012 жыл
Қазақстан Лондон Олимпиадасында 7 алтынға қол жеткізіп, 13-ші орынға тұрақтады.
Дауыс беру арқылы Қазақстан 2017 жылы өткізілетін ЕХРО байқауының жеңімпазы атанды.
Слайд 272013 жыл
Мемлекеттің жаңа басқарушылық корпусы құрылды.
Қазақстанның 11 млн-шы қазағы мен 17млн-шы
тұрғыны өмірге келді.
«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасы қабылданды.
Слайд 28Алынған мәлімет:
Айғақ газеті. 11 желтоқсан сәрсенбі. 2013ж
Жылнаманы түзген Аққу Әбілқасымқызы.