Слайд 1Тұманбай жыры – тұнған қазына
Көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы
Тұманбай Молдағалиев
80 жаста
Слайд 2Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы
20 наурызда Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы
Жарсу ауылында дүниеге келген.
Слайд 3Тұманбай Молдағалиев - Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекеттік және жастар сыйлығының, сондай-ақ
бүкіл түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты
Слайд 41956 жылы Қазақ мемлекеттік
университетінің Филология факультетін тәмамдаған.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы
«Студент дәптері» деген атпен жарық көрді.
Слайд 5 Орыс және Батыс классиктерінің, сондай ақ туысқан елдер
ақындарының өлеңдерін ана тілімізге сәтті аударды.
1968 ж «Жаңа дәптер» жинағы үшін Республика комсомолы сыйлығының лауреаты атанған,
1957 ж «Тың жерді игеру үшін»,
1970 ж «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен, Қазақ КСР жоғары Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.
Слайд 6 1992 жылы Бүкіл Түркі дүниесі ақындарымен Физули
атындағы сыйлығына ие болды.
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері.
Слайд 7 1956 – 1959 ж Пионер журналында әдеби қызметкер,
1956 – 1971 ж Жазушы баспасында редактор, аға редактор болған.
1971 – 1973 ж «Балдырған» журналында жауапты хатшы,
1984 – 1986 ж Қазақстан журналшылар одағы басқармасында хатшы болып қызмет жасаған.
Слайд 8 Өмірінің соңына дейін «Балдырған» журналының бас редакторы болып еңбек етті.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді.
Содан бергі уақыт ішінде ақынның
40 – тан астам кітабы оқырман қолына тиді.
Слайд 9Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды.
"Кәмила" (1960).
"Көктем таңы" (1961), "Алатау қызы" (1963), "Ферюза туралы жыр" (1964), "Зулайды күндер" (1965), "Жүрегім менің сапарда" (1966) т. б. жинақтары шықты
Слайд 101967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер" атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы
сыйлығының лауреаты атанды (1968). "Ескерткіш" (1969), "Шақырады жаз мені" (1970), "Жүрек ояу қашанда" (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
Слайд 12Сәбит Мұқанов:
«Кейінгі жылдары қазақ поэзиясының аспанында жарқырай шыққан
жұлдыздардың бірі – Тұманбай Молдағалиев».
Мұхтар Әуезов:
«Тұманбай Молдағалиевтің өлеңдерінің ішінен «Алматы таңы», «Көктем», «Асыл ұстазға», «Немере сыры», «Хат» деген өлеңдері ұнатып оқитын шығармаларым».
Әбіш Кекілбаев:
«Тұманбай тілінің балы басым ақын. Ешкімнің бетіне жел боп келмейтін қыз мінезді, ақ пейіл ақын. Адам түгілі, ағын су мен жайқалған жапырақтың көңіліне қарайтын сезімтал ақын. Жанашырлық жаршысы, бауырмалдық дәріпшісі».
Слайд 13 Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Оның "Құстар қайтып барады“
(музыкасы Н.Тілендиевтікі),
"Бақыт құшағында", "Әнім сен едің“
(музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі),
"Ертіс вальсі" (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем" (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.
Слайд 14 Әйел – сенің ақылшың
Әйел – сенің ақылшың
да серігің
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,
Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.
Жат біреуге бақыт болып туатын,
Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.
Слайд 17 «Құстар қайтып барады» деп өзі жырлағандай абзал жан
қоңыр күзде 2012 жылы 77 -ге қараған шағында мәңгілік мекеніне аттанды.
Бірақ ақын ағамыздың жыры қазақ аспанында қалықтап тұр. Құстар келді ән салып деп жүріп қазақ даласын ән мен жыр мен тербетіп өтті асыл аға.
Слайд 18 Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды
менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Құстар қайтып барады