Слайд 1«Теңге – тәуелсіздік белгісі»
Слайд 2 «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің
рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Н.Ә. Назарбаев
Слайд 3 Сабақтың мақсаты: Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу
тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ жоспары:
І. Ақша туралы түсінік
ІІ. Теңгенің шығу тарихы
ІІІ. Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі
Слайд 4 Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем.
Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді.
Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады:
айналыс құралы ретінде – ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады
құн өлшемі ретінде – ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді
қорлану қоры қызметін атқарады – егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.
Слайд 6 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ”Қазақстан
Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы” жарлық шығарды.
Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған. Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. Алғашқы теңгелер жер асты қоймаларынан елдің барлық банктеріне 8 күн ішінде жеткізілген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8.00-де басталып, 20 қараша күні 20.00-де аяқталды. Ұлттық банк алғашқыда 1 теңгені сол кездегі 1000 рубльге бағалаған. Кейін еліміздің саяси және әлеуметтік, мемлекетаралық қатынастары ескеріліп 1 теңге 500 рубль болды. Ал бірінші айналымға енген 1 теңгенің АҚШ долларына шаққандағы құны 4,35 теңге болды.
Слайд 71992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи
тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды.
Слайд 81993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19
мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.
Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.
Слайд 9 2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.
Теңге
2006 жылы өз бейнесін өзгертті. 2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан.
Слайд 12 Республикада ақша айналысындағы шақалар (монетамен) қатар мерейтойлық және ескерткіш
монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
Слайд 13Қырғызстан-/сом/
Қытай — / юань/
Ресей -/рубль/
Қазақстан (теңге)
Түркіменстан (манат)
Слайд 14Дұрыс - бұрыс
а. 5 теңгеде Абылай хан мен Қожа Ахмет -Йассауидің
кесенесі бейнеленген.
ә.1 теңгеде Әбу Насыр әл-Фарабидің суреті бар.
б. 10 теңгенің екінші бетінде Көкшетау суреті бар.
в. 20 тенгеде Абай суреті бейнеленген.
г. Әбілқайыр ханның бейнесі 100 теңгеде.
Дұрыс - бұрыс
1. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.
2. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.
3. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.
4. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған
Слайд 16…Қазақпыз ғой, шын достарға сенгенбіз,
Қасарысқан қас дұшпанды жеңгенбіз.
Тәуелсіздік рәмізіндей рәуішті
Жасай берсін
жарқын жүзбен Теңгеміз!
Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.