Презентация, доклад на тему Семинар сабақ Есірткіге жол жоқ.

Содержание

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік

Слайд 1

“Бекітемін”
ДТЖЖ орынбасары
________ Г.Шертаева
“____”______ 2019 ж

Семинар сабақ
Есірткіге жол жоқ.

Колледж психологы:Д.Касимова


Слайд 2Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды

әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады.  Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және

Слайд 3Бір темекі талында кем дегенде 1 мг никотин, 1,5 мг аммиак,

15 мг шайыр және 20 мг  көміртек тотығы болатындығын еске сала кетелік. Шайырдың, былайынша айтқанда, темекі қара майының құрамында обыр тудыратын канцерогенді қосылыстар – бензпирен және бензантрацен бар. Темекі түтінінде күйенің миллиондаған бөлшектері болады. Күніне20 тал темекі тартатын адам жиырма жыл ішінде өкпесіне түтінмен бірге 6 кг күйе шөктіреді.
Темекінің ең басты химиялық құрамы – никотин. Темекі өсімдігі оны жәндіктерден қорғану үшін бойына сіңіреді және ол табиғи инсектицид болып табылады. Никотин жануарлар ағзасы үшін де күшті у. Көп мөлшерде ол орталық жүйке жүйесінің салданып қалуына ( параличіне ) соқтырады, тыныс алу және жүрек қызметін тоқтатады, аз мөлшерде ең алдымен тәнге, басқа да осы тақылеттес ағзаларға зиянды әсерін тигізеді.
Тартылған бір тал темекі қалыпты жүрек соғысын минутына 8 - 10 ретке дейін көбейтеді, ал жалпы алғанда, никотин адамның жүрегін тәулігіне 11 - 14 мың рет соғуға мәжбүр етеді.

Бір темекі талында кем дегенде 1 мг никотин, 1,5 мг аммиак, 15 мг шайыр және 20 мг  көміртек тотығы

Слайд 4Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір

тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін

Слайд 5Есірткісіз болашақ Есірткі... Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне

жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды.
Есірткісіз болашақ Есірткі... Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы

Слайд 6Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?

Нашақорлықпен

ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат алу үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Демек, алғашқыда ляззат алу үшін күніне 0,1 грамм кететін болса, кейін 0,2 грамм қолдануы керек болады. Сөйтіп, дозаны бірден өсіріп алады да, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.

Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде? Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат

Слайд 7 Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында)

– есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни

Слайд 8Нашақорлық
Есірткі қолданған жеткіншектің өмірге деген көзқарасы өзгереді, оның бұрынғы араласқан

достары өзереді, ендігі жерде ол өзіне ұқсас балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Оның өмірлік жоспарлары болмайды, дүниеге деген көзқарас, өмір жайлы пікірлері тарыла бастайды. Есірткіге тәуелді болған жеткіншек тек бір ғана күнмен өмір сүреді, оның мақсаты сол бір күнін ақша, есірткі табуға кетіру. Жеткіншектің отбасындағы ата-анасымен қатынасы өзгереді, ол үйден жиі қашып, ата-ананың айтқанын тыңдамайды. Үйден ақша ұрлап, есіркі табу жолын ғана іздейді. Мектептегі жағдай да өзгереді, бала сабақтан көп қалады, кейін сабаққа мүлде қатыспайды. Оның уақыты нашақорлар тобында өтеді.
Нашақорлық Есірткі қолданған жеткіншектің өмірге деген көзқарасы өзгереді, оның бұрынғы араласқан достары өзереді, ендігі жерде ол өзіне

Слайд 9Есірткі затты қабылдаған жеткіншектің көз алдына әр түрлі елестер көрінеді. Жүйелі

түрде психотропты заттарды қабылдаған кезде, жеткіншектің соматикалық өзгерістері пайда болады. Жеткіншектің физиологиялық тәуелділігі пайда болады. Оның жұмысқа қабілеттілігі азаяды. Баланың интеллектуалды қабілеттілігі төмендейді, ұйқысыздық, мазасыздық пайда болады. Жеткіншек жастағы баланың зейіні шашыраңқы бола бастайды. Мұндай кезде өзбетімен болуға ұмтылу, отбасылық қамқорлықтан бас тарту жеткіншек тарапынан қарқынды көріне бастайды. Жиі жеткіншек ата-анасына қарсылық білдіру үшін өзінің қызығушылығына сейкес болмаса да, мінез-құлықты көрсете бастайды. Психотропты заттардан жеткіншектің денсаулығы және өзін-өзі сезінуі әлсірейді. Жоғарыда аталған психикалық бұзылыстармен бірге, әр түрлі галюцинациялар пайда болады. Жеткіншектер сандырақтайды, жалған елестер көз алдына көрінеді.
Есірткі затты қабылдаған жеткіншектің көз алдына әр түрлі елестер көрінеді. Жүйелі түрде психотропты заттарды қабылдаған кезде, жеткіншектің

Слайд 10Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары:
Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы;
Интелектінің төмендеуі

(ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің бұзылуы);
Иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы;
Бұйрек және бауырдың бұзылуы;
Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы;
өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы;
невродың пайда болуы;
көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық;
ұйқының бұзылуы;
қан қысымының көтерілуі;
галлюцинациялар, сандырақтар;
организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия.
әлеуметтік шеттетілу;
өз-өзіне қол жұмсау;
Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары: Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы;Интелектінің төмендеуі (ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің

Слайд 11Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе

сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.

Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана

Слайд 12Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин

алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.

Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің

Слайд 13Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин

ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады

Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады.

Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе

Слайд 14Нашақорлық салдары

Нашақорлық салдары

Слайд 17Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел

бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың.


Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның

Слайд 18Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре

тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе - өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді. Бірақ, бұл жай ғана қиял болып қала береді. Осының барлығы 100% болмаса да талпыну керек. Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!


Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын?

Слайд 21Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть