Слайд 1Сыни тұрғыдан ойлау
деген не?
Слайд 2Company Logo
Біздің қоғамда сыни ойлауды (critical thinking) дамыту адамзат баласына баға
жетпес мүмкіндіктер алып келеді.
Әсіресе өздеріне жауапкершілік және қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер алып келуден қорықпайтын адамдар үшін, өте бағалы құндылық.
Мысалы, кәсіпкерге сыни ойлау тапталмаған жолмен жүруге мүмкіндік береді, бұл өте тиімді, әрі болашағы бар нәрсе. Тіпті, уақыт өте келе олардың текшесі бәсекелестерге толы болса да, олар жаңа бір нәрсе ойлап табады. Бизнесте кім бірінші болса, сол жеңімпаз емес пе?!
СЫНИ ОЙЛАУ ТУРАЛЫ
Слайд 3Сыни ойлау жайлы сұрақтар
*
Сыни ойлауды қалыптастыру алгоритмі қандай сұрақтарға жауап береді?
Сыни
ойлаудың басқа ойлау түрлерінен ерекшеліктері неде?
Сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі сипаттамалары қандай?
Сыни ойлауға не жатпайды?
Сыни ойлайтын адам қандай болады?
Сыни ойлау икемділіктеріне не жатады?
Сыни ойлауды бағалау көрсеткіштері бола ма?
Сыни ойлауды бағалау критерийлері бола ма?
Сыни ойлаудың даму сатылары қандай?
Слайд 4www.thmemgallery.com
Е.Дүйсенбаев, Қызылорда БАИ, 2013ж
Сыни ойлау – неге сену керектігі мен нені
жасау керектігін шешуге бағытталған саналы түрде рефлексивті ойлау. (Джуди А.Браус, Дэвид Вуд). Сыни ойлау – ойланған кезде қалай ойланатыныңыз туралы ойлану өнері, мақсатты және терең пайымдау өнері, жаңсақ нанаымдарды анықтау мен олардың алдын алу өнері. (Пауль, 1990).
Д.Халперн сыни ойлаудың төмендегі анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – қажетті нәтижені алу ықтималдығын арттыратын танымдық дағдылар мен стратегияларды пайдалану. Ол қисындылығымен, мақсатты бағыттылығымен, елеп-екшелгендігімен ерекшеленеді».
Сыни ойлау туралы
Слайд 5Company Logo
Сыни ойлау деген не? Д.Клустер
Сыни
Ойлау
сипаты
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау
4.Сыни
ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады
2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау
Слайд 6Сыни ойлау деген не?
*
Сыни ойлау сипаты туралы негізгі тұжырымдар:
1.Сыни ойлау
– бұл жағымды және өнімді іс-әрекет, өмірге белсенді араласудың негізі.
2.Сыни ойлау – бұл нәтиже ғана емес, үдерістің өзі де.
3.Сыни ойлаудың көріну сипаттары жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
4.Сыни ойлау жағымды немесе жағымсыз оқиғалардың әсерінен пайда болады.
5.Сыни ойлау эмоциялық түрде де, тиімді ойлау түрінде де көрінеді.
Слайд 7Сыни ойлауға не жатпайды?
*
1.Есте сақтау. Есте сақтау
оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен, сыни ойлауға жатпайды.
2.Күрделі идеяларды түсіну. Берілген тапсырманы қарастыра отырып, оның құпиясы мен қисынын, заңдылығын түсіну сыни емес, логикалық ойлауға жатады. Сыни ойлау алынған идеяларды тексеру, пайымдау, бағалау мен қолдану кезінде пайда болады.
3.Шығармашылық немесе интуитивті ойлау. Инсайт (кенет шешімін табу), тапқырлық таныту, көптеген нұсқаларын іздеп табу шығармашылық ойлауға жатады.
Слайд 8Сыни ойлау алгоритмі
*
Сыни ойлауды қалыптастыру алгоритмі бар, ол төмендегі сұрақтарға жауап
береді:
1.Танымдық қызмет мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау, т.б болуы мүмкін.
2.Не белгілі? Бұл – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі. Бұл кезеңде жетіспейтін ақпараттық табу жүзеге асырылады.
Слайд 9Сыни ойлау алгоритмі
*
3.Не жасау керек? Бұл кезеңде бұрынғы қалыптасқан ойлау икемділіктерін
пайдалана отырып, мақсатқа жету жолы айқындалады. Бұл кезең – сыни ойлаудың қозғаушы күші.
4.Қойылған мақсатқа қол жетті ме? Берілген тапсырмаларды орындау нақтылығы табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады.
Қысқаша: 1.Мақсат не? 2.Не белгілі? 3.Не жасау керек? 4.Мақсатқа қол жетті ме?
Слайд 10Сыни ойлаудың негізгі қырлары
*
Брукфилд сыни ойлаудың әр түрлі қырларын аша отырып,
былай жауап береді:
1.Сәйкестендіру мен ауытқушылықтарды сынап көру сыни ойлаудың негізгі нүктесі. 2.Мәнмәтінді тексеру сыни ойлаудың маңызды бөлігі болып табылады. 3.Сыни ойлауда құрастыру мен зерттеу бір-біріне балама нәрселер. 4.Сыни ойлауда рефлексивті тұрғыдан күдікпен қарау пайда болады.
Сын – бұл ақылдан гөрі төзімді, қабілеттен гөрі ынтаны, дарындылықтан гөрі әдетті көбірек қажет ететіндіктен ғылымнан гөрі кәсіпке көбірек келеді. Ж.Лабрюйер
Слайд 11Сыни ойлайтын адам қандай болады?
*
Сыни ойлау туралы танымал тұжырымдамалардың бірінің авторы
Р.Эннистің ойынша сыни ойлайтын адам төмендегідей болуы тиіс
1)оның көзқарасы мен шешімдері нақты негізделген болуы қажет
2)өзінің және өзгелердің көзқарастарын нақты түсінетін болуы қажет
3)өзгелердің пікірі мен абыройын құрметтейтін болуы қажет
Слайд 12Сыни ойлау икемділіктеріне не жатады?
*
Р.Эннис пен Р.Пол бойынша негізгі сыни ойлау
икемділіктері:
-ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау;
-қажетті ақпаратты бөліп алып, ары қарай өңдеу;
-пікірлер мен жорамалдарды, айғақтар мен сенімдерді талдау мен бағалау;
-нақты ақпарат алу мен оны тексеру мақсатында сұрақ қоя білу;
-мәселені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарай және оларды салыстыра білу;
-тілдік құралдарды дәл тауып, өз көзқарастарын баяндау айқындығы,
-шешім қабылдау мен өз таңдауын негіздеу икемі.
Слайд 13Сыни ойлауды бағалау көрсеткіштері
*
Сыни ойлауды бағалаудың жалпы көрсеткіштері
Деректерді, тұжырымдарды, мәселелерді, графиктерді
нақты жеткізеді, түсіндіреді.
Қолдаушы не қарсы бағытта маңызды дәлелдерді, негіздерді келтіреді.
Басты балама көзқарастарды терең талдап, бағалайды.
Қатесіз, негізді және қисынды қорытындылар жасайды.
Түйінді нәтижелер мен процедураларды негіздейді, болжамдар мен негіздерді түсіндіреді.
Деректер мен негіздер апаратын бағытқа ойланып бара алады.
Слайд 14Сыни ойлауды бағалау критерийлері
*
1.Әдеби немесе басқа мәтіндер негізінде түрлі таптаурындарды (стереотиптерді)
зерттей білу.
2.Әр түрлі мәтіндер негізінде мазмұнды жинақтай білу, түйін жасап, ортақ пікір, жалпы қорытынды шығара алу.
3.Өз өмірлік тәжірибесі негізінде мәтіндердің тақырыбы мен негізгі идеяларын талдай алу.
4.Нақты сыни өлшемдер жасап, оны өз ойын айту мен таңдауын негіздеуде пайдалана алу.
5.Мәтінді қарастыра отырып, онымен қай жағынан келісуге болатыны жайлы сұрақ қоя білу.
6.Өзге пікірлер туралы пайымдай білу (2000г).
Слайд 15Сыни ойлау деңгейлері қандай?
*
Сыни ойлаудың даму сатылары
1.Рефлексия жасамайтын ойлаушы (ойлану барысында
мәселенің маңызды екеніне сенімді емес)
2.Ойланатын ойлаушы (ойлану барысында маңызды мәселелермен жолығу)
3.Жаңа бастаған ойлаушы (жақсы болуға тырысады, бірақ жүйелі тәжірибесіз)
4.Тәжірибе жасайтын ойлаушы (жүйелі тәжірибе қажеттігін сезінеді)
5.Ілгерілеген ойлаушы (тұрақты тәжірибе арқылы ілгері жылжыған)
6.Жоғары білікті ойлаушы (сыни ойлауды әдетке айналдырған).
Слайд 16*
Сыни ойлау туралы кеңестер
-Жаңа идеяларды шығаруға және ерекшеленуге тырысып бағыңыз.
-Адамдар не
ойлап қалады деген ойлар мазаламасын.
-Кең түрде ойланыңыз, шектеулерге қарамаңыз.
-Егер сіз бірінші жолы қолыңыздан ештеңе келмесе, басқа нұсқаларды қарастырып, жаңа идея табыңыз.
-Әңгімеге әр кез дайын болыңыз және өз болжамдарыңызды тексеріңіз
-Түсініксіз және оғаш нәрселердің себептерін іздеңіз.
-Идеяны бағалау кезінде, оларға объективті тұрғыда қараңыз, мысалы, олар сіздікі емес, бөтен адамдікі деп ойлаңыз.
Слайд 17Сыни ойлау маңызды сұрақ
*
Сыни ойлау мен критериалды бағалаудың ұқсастығы мен жақындығы
неде?
Слайд 18*
Сыни ойлауды дамытудың ұлттық кеңесі сыни ойлаудың басқаша анықтамасын ұсынады: «Сыни
ойлау – бақылау, байқау, рефлексия, пайымдау немесе әңгімелесу арқылы алынған ақпаратты ой елегінен өткізу, қолдану, талдау, жалпылау немесе бағалау бойынша белсенді іс-әрекетке бағытталған зияттылық тұрғысынан ұйымдастырылған үдеріс».
Дж.Курфис: сыни ойлау – білім тапшылығы жағдайында нақты жауабы жоқ сұраққа ұтымды жауап беру. Бұл – қолжетімді ақпараттарды біріктіре отырып, құбылыс пен жағдайды оқып-үйрену мақсатындағы зерттеу. Бір сөзбен айтқанда, «Сыни ойлау – критерийлерге негізделген пікір айту өнері».
Сыни ойлау туралы түйін
Слайд 19Сыни ойлау жайлы сұрақтар
*
Сыни ойлауды қалыптастыру алгоритмі қандай сұрақтарға жауап береді?
Сыни
ойлаудың басқа ойлау түрлерінен ерекшеліктері неде?
Сыни тұрғыдан ойлаудың басты сипаттамалары қандай?
Сыни ойлауға не жатпайды?
Сыни ойлайтын адам қандай болады?
Сыни ойлау икемділіктеріне не жатады?
Сыни ойлауды бағалау көрсеткіштері бола ма?
Сыни ойлауды бағалау көрсеткіштері бола ма?
Сыни ойлаудың даму сатылары қандай?
Слайд 20Ерекше сұрақтар-1
*
Бір сұлу келіншек 1 млн. евро ұтысы бар телеойынға қатысыпты.
Оған мындай сұрақтар келіпті:
1.Жүз жылдық соғыс қанша жылға созылды? а)99; в)100; с)116; д)150.
Келіншек «елу де елу» жасайды.
2. Панаманы қай елде ойлап тапқан? а)Мексика; в)Чили; с)Панама; д)Эквадор.
Келіншек көрермендерден көмек сұрайды.
3.Георг VI корольдің аты кім? а)Альберт; в)Артур; с)Георг; д)Мануэль.
Келіншек досына телефон шалады.
4.Канар аралдары қай хайуанның атынан шыққан? а)кенгуру; в)канарейка; с)тюлень; д)морж.
Келіншек ойыннан шығады.
Слайд 21Ерекше сұрақтар-2
*
Егер сіз өзіңізді сол сұлу келіншектен ақылдырақпын деп есептесеңіз, осы
сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
Ескертпелер:
1.Жүз жылдық соғыс жүз жылға созылмаған.
2.Панама қалпағын Панамада ойлап таппаған.
3.Георг VI корольдің аты Георг емес.
4.Канар аралдары Канарейка атынан шықпаған.
Слайд 22Ерекше сұрақтар-3
*
Сұрақтардың дұрыс жауаптары:
1.Жүз жылдық соғыс 116 жылға созылды, 1337 жылдан
1453 жылға дейін.
2.Панаманы Эквадорда ойлап тапқан.
3.Георг VI корольдің аты – Альберт. Ол оны 1936 жылы өзгерткен.
4.Канар аралдары тюленьнің атынан шыққан, аралдың Insukaria Canaria деген латынша атауы «тюленьдер аралы» дегенді білдіреді.
Слайд 23Сыни ойлау сұрақтары
*
1.Бес әріптен тұратын, Австралияны мекендейтін, жұмыртқа тумайтын, аты көпке
мәлім құс?
2.Непалда жаяу адамды қағып кеткен жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айрылады. Қай жағдайда жүргізушіні өмірлік жазаға кеседі?
3.Жасаған адам оны керек етпейді, алған адам оны өзі пайдаланбайды, ал керек адам оның бар екенін де білмейді?
4.Сатушы мен алушының әңгімесі: -Біреуі қанша? -20 теңге. -Он екіге ше? -Қырық. -Маған 160 керек еді. -Мақұл. 60 теңге бере қойыңыз. Әңгіме не туралы?
Слайд 24Сыни ойлау жұмбақтары
*
5. Оның көбі өліп, жойылып кеткен. Бірақ біз оны
әлі көріп жүрміз Ол не?
6. Профессордың әкесінің баласы мен баласының әкесі төбелесіп жатыр. Егер оған профессордың өзі қатыспаған болса, кім кіммен төбелесіп жатыр?
7. Есік ашық тұр. Бөлмеде терезе сынықтары шашылып жатыр. Жерде суға малынып Антоний мен Клеопатра өліп жатыр. Бұл жерде не болған?
Слайд 25Сыни ойлау тапсырмалары
*
Оқушыларға танымал деректер
7.Ньютонның басына алма құлаған.
6.Микки Маусты салған Уолт
Дисней болатын.
5.Наполеон қортық болған.
4.Магеллан жерді айналып шықты.
3.Австралияны Кук ашқан.
2. Жердің дөңгелек екенін Колумб дәлелдеді.
1. Джордж Вашингтон – АҚШ-тың алғашқы президенті.
Қайсысы өтірік?
Слайд 26www.thmemgallery.com
Company Logo
Рахмет!