Слайд 1Өзін-өзі тану сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Слайд 2Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі
Слайд 3Шығармашылық қабілетті дамытудағы негізгі шарттар
Шығармашылық қабілетті дамытуды ерте бастан қолға алу;
Жүйелі
түрде шығармашылық әреткет жағдайда болу;
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу;
Слайд 4Үнемі назарда ұстау
Баланың бойындағы құштарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға
жалжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұранысын ескеріп шығармашылығын дамыту
Білімді өз бетінше алуға қолайлы жағдай жасау.
Слайд 6Махаббат құдіреті
Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгі, таза, риясыздық атаулының
қайнар көзі.
(Ж.Сталь)
Слайд 7Жобаның мақсаты: оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.
Махаббат –
өмір өзегі
Слайд 8 Бәріннің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің
рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы–мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауыМахаббат.
Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін-
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.
Көктем кеп:”Өмір сүр...”дегенде,
Тербелдің Махаббат-кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынаң бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы-Махаббат!
Слайд 9 Көптеген адамдар бақытты махаббатпен бірге көреді. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын,
мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро – эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға дайын еді.
Слайд 10 Махаббат үшін аңызға татитын адамды таң қалдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезендерде
де, барлық елдерде аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабын да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Жұптасып өмір сүруге ұмтылу о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи, сонысымен де заңды құбылыс.
Слайд 11Махаббат әр адамға тән. Адам мен жануардың айырмашылығы сонда. Сондықтан осы
махаббат драмасында бәріміз де актерлерміз. Яғни махаббат-бізге табиғат берген сый. Өкінішке орай, қазір мұндай махаббат ұмытылған. Адам өз міндеттерін, өз рөлін ұмытып кетеді. Бұл драмада әркім өз рөлін жақсы ойнауы тиіс. Егер ойнай алмаса, өз бедел, құрметін жоғалтады. Олай болса, әркім осы махаббатты көрсете білуі тиіс.
Слайд 12Адами қасиеттер – өзін өзі қинау, махаббат, мейірімділік, жомарттық, өзгенің жанын
түсінушілік, ешкімге қорлық көрсетпеу. Тәкаппарлық, қызғаншақтық, өз қамын ойлаушылық адамды алысқа апармайды.
Өткен оралмайды. Ал болашақ сізге тиесілі емес. Сондықтан бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Бақытты болып, жұртқа жақсылық жасаңыз. Қазіргі шақ туралы ойлаңыз. Өткен мен болашақ туралы ойлау – уақыт жоғалту. Өткен өтті, ауыр сөзге кектенбеңіз. Мұның бәрін ұмытыңыз. Амандасқанда өзгеге тілер саулығыңыз шын жүректен шықсын. Сонда барлық әлем сіздің жаныңызда болады.
Слайд 14Махаббаттың түрлері
Жалпы махаббат өзі бірнеше түрге бөлінеді. Оларды атап кетсек:
Екі жастың
арасындағы махаббат
Ананың балаға деген махаббаты
Туған жерге деген махаббат
Және тағы сол сияқты
Слайд 15Екі жардың бір-біріне деген махаббаты
Бұл қазақтың лиро-эпостық жырынан алынған бейне Қыз
Жібек пен Төлеген арасындағы махаббат
Слайд 22Қорытынды
Махаббат шуағына бөлену – адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен,
жұқатпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол – шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткісіз ғажайып сезім...
Слайд 23Махаббат – аппақ таң, ағарып атады,
Махаббат – нәзік гүл, үзбендер
Махаббат жүректің
түбінде жатады,
Сүрінбей, ерінбей іздеңдер.
Махаббат – тау суы мөп-мөлдір,
Талайлар аңсаумен шөлдейтін
Махаббат – алау от көгілдір,
Мәңгілік жалыны сөңбейтін