Слайд 2оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері
мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін
ұғындыру;
баланың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
ата-аналармен тығыз байланыс жасау
арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Мақсаты:
Слайд 4Шілдехана (салт). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.
Слайд 5Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа
қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Слайд 6Тұсау кесер (салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып.
Слайд 91-сұрақ.
Он атаны таратып беріңіз.
Слайд 10(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)
Слайд 112-сұрақ.
Үш мақсатты ата.
Үш арсыз.
Үш алыс.
Үш би.
Үш жүз.
Үш даусыз.
Жігіттің үш жақын жұрты.
Үш
арыс.
Үш сауап.
Үш байлық.
Үш тәтті.
Слайд 12Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты – жету, дау мақсаты – біту, сауда
мақсаты – ұту.
Үш арсыз.
Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш алыс.
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
Үш би.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Үш жүз.
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Үш даусыз.
Мінез, кәрілік, ажал.
Жігіттің үш жақын жұрты.
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
Үш арыс.
Сәке Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров.
Үш сауап.
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
Үш байлық.
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
Үш тәтті.
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
Слайд 13 3-сұрақ.
Төрт қымбат не?
Төрт қонақ.
Төрт түліктің пірін атаңыз.
Слайд 14
Төрт қонақ.
Арнайы қонақ, құдай қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ.
Төрт түліктің
пірін атаңыз.
Түйе пірі – Ойсыл қара,
жылқы пірі – Қамбар ата,
сиыр пірі – Зеңгі баба,
қой пірі – Шопан ата,
ешкі пірі – Шекшек ата.
Төрт қымбат не?
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
Слайд 15
4-сұрақ
Бес дұшпан
Бес асыл
Бес байлық
Бес қаруға нелер жатады?
Бес қатер.
Бес жақын кімдер?
Слайд 16
Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес асыл
Талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рақым.
Бес байлық
Әуелі байлық – денсаулық.
Екінші байлық – еркіндік.
Үшінші байлық – тіл байлық.
Төртінші байлық – қайрат-күш, ақ жаулық.
Бесінші байлық – балаңыз.
Бес қаруға нелер жатады?
Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта.
Бес қатер.
От, жау, борыш, ауру, сөз.
Бес жақын кімдер?
Тату болса – ағайын жақын
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын
Инабатты болса – келінің жақын
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жажақын қарындасың
Слайд 17
5-сұрақ
Алты қиынды атаңдар.
Алты алаш деген кімдер
Слайд 18
Алты алаш деген кімдер
Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек,
Түркімен, Жайылхан.
Алты қиынды атаңдар.
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Шынышқылыған сөз қиын
Жазылмаған дерт қиын
Іске аспаған серт қиын
Ақылыңнан адасып
Өзің түскен өрт қиын
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың
Слайд 19
6-сұрақ
Жеті жұт
Жеті күн.
Жеті қазынаны атаңыз.
Жеті атаны таратыңыз.
Жеті жетімге нелер жатады?
Слайд 20
Жеті жұт
Құрғақшылық, мал жұтау, оба (індет), өрт, соғыс, жер сілкіну,
сел (тасқын).
Жеті күн.
Бүгін –дүйсенбі
Ертең – сейсенбі
Бүрсігүні – сәрсенбі
Арғы күні – бейсенбі
Ауыр күні – жұма
Соңғы күні – сенбі
Азына – жексенбі
Жеті қазынаны атаңыз.
Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.
Жеті атаны таратыңыз.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
Жеті жетімге нелер жатады?
Тыңдаусыз қалған сөз – жетім
Киюсіз қалған бөз – жетім
Иесіз қалған жер – жетім
Басшысы жоқ ел – жетім
Аққу-қазсыз көл – жетім
Елінен айырылған ер – жетім
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім