Слайд 1Конференцияның тақырыбы:
21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы
«Бірінші
сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты
Республикалық ата-аналар конференциясы!
Слайд 2
Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау, және
баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.
Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.
Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?
Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.
Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау
Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.
Слайд 3Бала өміріндегі орын алып жатқан өзгерістер кезінде ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы
тиіс:
Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;
Тез ашуланғыш келеді;
Тез шаршайды;
Олардың зейіні құбылмалы болады;
Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты
Балалар әлі ұжымда жұмыс істей алмайды. Мектептегі үйренбеген жағдай барлығына бірдей әсер етпейді: бірінде психологиялық қысым пайда болса, екіншісінде тәбеттің, ұйқының бұзылуы, ауруға қарсы тұру күшінің бәсеңдеуі сияқты физикалық қысым пайда болады. Бұл жағдайға ескермесе баланың жағдайы күрт төмендеп жұмыс істеу қабілеті нашарлап, оқуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.
Слайд 4
Үш «Б» заңы
Бейімделу,
Бедел, Белсенділік
Баланың мектепте білім алуға бейімделуі – ата-аналар міндеті: бірінші сынып оқушысына эмоциялық және рухани қолдау көрсету, үйренбеген жағдайға бой үйретуге көмек беру,
Бедел– ата-аналар міндеті: ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы.
Белсенділік – ата-аналар міндеті: Мұғаліммен тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі, үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз немесе қызыңыз өз ата-анасымен мақтана алады.
Слайд 5Ата-анаға кеңес
Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті – өз балаңызға көбірек
көңіл бөлуіңіз.
Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.
Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын түсінесіз.
Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға бөлек уақыт бөліңіз.
Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады
Егер балаңыз оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса, ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.
Слайд 6
Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген
ықыласын мадақтап, дамытыңыз.
Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз. Оның әрбір жұмысынан мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.
Слайд 7
Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.
Балаңызбен мектептегі тәртіп
пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.
Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.
Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.
Есте сақтаңыз: күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
Компьютердегі ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.
Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.
Слайд 8 Күн тәртібін сақтауға дәрігерлер де кеңес береді, себебі,
ол бала қозғыштығы мен ашуланшақтығының бірден-бір емі. Жұмыс істеу қабілеті күн бойына бірдей емес. Гигиенист дәрігерлер жұмыс істеу қабілеттілігінің арту кезеңі 8-11 аралығы, 16-18 түс қайта, содан соң жұмыс істеу қабілеті күрт төмендейді. Сол үшін үй жұмысын орындауды кешкі уақытқа ысыру жемісті болмайды.
Бала мектепке тек психологиялық тұрғыдан ғана емес физикалық тұрғыдан да үйрене бастайды. Көптеген балалар бірінші сыныпта алғаш рет танертең бір уақытта тұру мәселесіне тап болады. Мектеп уақытымен оқушы 3 -6 сағат белсенді сабақ оқиды. Алты-жеті жаста мұндай ауыртпалық ересек адамның қауырт жұмыс күніне тең. Мектеп басталған уақытта баланың омыртқа, көру, есту нерв жүйесіне түсетін жүктің ауыртпалығы күрт күшейіп кетеді.
Слайд 9Егер сіз бұған дейін күн тәртібін сақтамаған болсаңыз, оны жәйлап енгізуге
тырысыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытылы және созылмалы ұйқыны қажет етеді. Оқушыға күнделікті бір уақытта ұйықтауға үйренуге көмек беріңіз. Баланы мектептен келе үй тапсырмасын орындауға отырғызбаңыз. Балаға демалып алуға уақыт қажет. Бұл оқу процесі үшін де маңызды. Демалыс уақытын ми «жаңа білімді керек таяқшаларға енгізу» пайдаланады. Өзімізге жұмыс күнінен кейін керек шамалы уақыт тыныштық пен демалыс балаға да керек. Балаңыздың денсаулығына қараңыз, себебі мектепте алғаш білім алудың бірінші айларында күн тәртібіндегі қателіктер бұрынғыдан қарағанда күрделі нәтижесін береді.
Слайд 10Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз
Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз.
Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.
Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.
Слайд 11Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды
айтып білдіріңіз.
Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.
Балаңызды достарына көрсете алуы үшін жаңа ойындарға үйретіңіз.
Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.
Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.
Слайд 12Алтыншы кеңес: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз:
Балаңызды
мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз.
Әрине мектептегі жетістіктер маңызды. Бірақ, бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.
Мектептегі баға — балаға берілген пән бойынша дәл қазіргі уақытқа қойылған баға. Баға баланың жеке басын сипаттай алмайды.
Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.
Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.
Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.
Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.
Есте сақтаңыз: балаңызға сеніміңіз, көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.
Слайд 13Жетінші кеңес: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге
тырысыңыз.
Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз.
Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өзі жасағаны абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.
Қамтылмағанды қамтуға тырыспаңыз!! Балаларыңызды музыка, шет тілі, жүзу , мәнерлі сырғанау, сурет өнері сияқты қосымша үйірмелерге беріп «зерек» бала жасауға талпынбаңыз. Мұндай жағдайда бала өз-өзіне иелік ете алмайды, ол үшін басқалар шешім қабылдайды және ол кей кезде баланың өзіндік қызығушылығы, қалауы мен күшіннен тыс болып жатады.
Сабақтардың уақыт бойынша және саны бойынша да тиімді мөлшерін табыңыз. Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып барлық нәрсені, үлкендердің нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім бөгет болмайтын көшеге қашқысы келіп тұрады.
Слайд 14
Қарапайым жауап: оны мәжбүрлеп немесе күштеп емес еліктіруге және қызықтыруға тырысыңыз.
Мектепке
бару баланы ойыннан айырмауы керек: балада ойын ойнауға жеткілікті уақыт қалуы тиіс.
Ұмытпаңыз: тіпті үлкен балалар да ертегі оқып, ұйықтар алдында құшақтап, еркелетіп қайырлы түн айтқаныңызды қалайды. Мұның бәрі бір күн бойындағы ауыртпалықты жоюға көмек береді.
Кез-келген балдырғанның мектеп әлеміне жасаған бірінші қадамын өзі үшін де отбасы үшінде ең қуанышты және сенімді етуге тырысайық!
Слайд 15Екінші «Б» заңы Бедел
Ата-ана беделі
Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы жаңа кезеңді
өткере бастайды. Бұл қарым-қатынастар бала мектепке барғанда қайткен күнде де отбасылық қарым-қатынастың шеңберінен шыққанда қайта қалыптасады. ОЛ сыныптастарымен, ұстаздармен жаңа қарым-қатынастарға ие бола бастайды. Бірақ оған ата-анасымен қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін маңыздырақ болып көрінеді және оның өміріне көптеп ықпалын тигізеді. Балаңызбен қарым-қатынаста өз беделіңізді нықтау үшін сізге төмендегідей ережелерді сақтауды ұсынамыз.
Балаңызбен тепе-тең құқықтағы серіктес деңгейінде сөйлесіңіз және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың, тілдесудің тәртіп үлгісін көрсетіңіз.
Отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынастың бірыңғай тактикасын таңдаңыз. Бала бар жерде көзқарастарыңыздың әрқилығын талқылаудың қажеті жоқ. Барлық келіспеушіліктер сыртта қалуы қажет.
Өз ойыңызды білдіріңіз, бірақ осы және басқа да мәселелерде балаға өз пікіріңізді таңбаңыз.
Ұмытпаңыз: бала өмірге деген өз көзқарасын сіздікінен қалыптастыруы мүмкін.
Балаға өз пікірін білдіру үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оның ауызша айту белсенділігіне еркіндік беріңіз.
Баланың оқудағы жетістігі көбінесе отбасы мен мектептің ынтымақтастығына байланысты, сол себепті, кез келген уақытта өз шаруаларыңызды тастап баламен айналысуға дайын болыңыз.
Слайд 16
Мұғалім беделі
Сіздің мектепке және мұғалімдерге деген оң көзқарасыңыз баланың бейімделу кезеңін
жеңілдетеді.
Мектеп табалдырығын аттаған күнен бастап балаңыздың өмірінде сізден де беделді адам пайда болды. Ол- мұғалім. Кез-келген бірінші сынып оқушысынан мұғалімің қандай деп сұраңыз. Сіз ол сондай керемет, ең жақсы, ең әдемі, ең мейрімді деген жауап еститініңіз сөзсіз. Бірінші сынып оқушысы үшін мұғалім ең басты ересек адамның біріне айналады. Мектептің бірінші айларында мұғалім ата-анадан да асып -түсіп жатады. Бала бойындағы мұндай «ғашықтықты» қызғану емес қолдау парасаттылық болады. Алғашқы мұғалім тек бала үшін ғана емес отбасы үшін де маңызды адам.
Бірінші сынып оқушысының ұстазы жайындағы пікірін сыйлаңыз.
Балаңыздың мұғалімдерімен бірге жұмыс жасаңыз , көмек ұсыныңыз, белсенділік танытыңыз. Белсенді ата-аналары бар сыныпта байқалғандай балалар арасындағы қарым-қатынас тығыз және жақсы, өмір қызықты, көп мерекелер мен саяхаттар болады.
Ұмытпаңыз: ата-ана ретінде жеке өзіңізде мұғалімге деген сұрақтарыңыз немесе кейбір нәрселерді басқаша жасау керек деген пікірлеріңіз болса, мұндай қайшылықтар ересектер арасында қалуы қажет. Әйтпесе бала ата-анасына деген махаббат пен мұғалімнің беделі ортасында қалуға мәжбүр болады.
«Отбасы ортасында» мектеп немесе мұғалім жайлы жағымсыз пікірлер өте зиянды, бұл баланың бейімделу кезеңін айтарлықтай қиындатады, баланың тыныштығын бұзады және ол үшін жақын адамдары арасында келісім мен қамқорлыққа сенімсіздігін туындатады.
Егер де сізге оқыту әдісі түсініксіз не қолайсыз болса, мұғалімнен бұл әдістің өзге тәсілдерден қандай айырмашылығы және қандай артықшылығы бар екенін түсіндіруін сұрауыңыз қажет. Кез-келген мұғалім бұл сұраққа қуана жауап береді, себебі , мұғалімге де сыншы емес, көмекші ата-ана қажет.
Слайд 17Үшінші «Б»заңы: Белсенділік
Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы
Ата-аналар жасайтын төрт негізгі
қателік.
Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасында оның нәтижелілігін айтарлықтай төмендететін қателіктер жіберілуі мүмкін.
1. Отбасы мен мектеп арасындағы әрекеттердің келісілмегендігі
Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз.
Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз.
Мектеп әкімшілігі мен психологтардың, мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз.
«Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.
Слайд 18
2. Қарым-қатынастардың эпизодтық сипаттамасы.
Мектепке келу мәселесі «жағдайдан жағдайға» ұласып не болмаса
төтенше жағдайдың болуына байланысты сиреп кетпеуін қадағалаңыз.
Ата-аналар жиналысын және өзге шараларды елеусіз қалдырмаңыз.
Мектеппен қарым-қатынасыңыздың ауық-ауық және сирек болуының нәтижесі балаңыздың өмірі, оның достары мен қызығатын нәрселері , неге еліктейтіні жайлы өте аз білетініңіз болмақ.
Мұның барлығы түсініспеушіліктің көбеюі, ұстаздың, бала мен ата-ананың бір-бірінен алшақтауы мен ата-ананың ұстаздық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Осының салдарынан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаз көптеген қателіктер жіберуі мүмкін.
Слайд 193. «Ықпал етуші ортаның» бөлінуі
Кей жағдайда ата-аналар баланың тек материалдық
қажеттіліктерін қамтамасыз етуді мойнына алып, негізгі тәрбиені мектеп беруі тиіс деп ойлайды.
Нәтижесінде бала өмірінде отбасылық тәрбиеден бос кеңістік пайда болады.
Бұл кеңістік теріс ықпалдарға толтырылып тәрбиелеуге қиындық тудыруы мүмкін.
4. Өзара әрекеттің негізі ретінде «басқарушы нұсқаулықтар» жүйесі, отбасы тарапынан мектеп ісіне араласудың ақталмауы Мұндай жағдайда ата-ана өз баласын өзінен басқа ешкім жақсы білмейтініне, оны қалай тәрбиелеуді өзі ғана білетініне сенімді, және баласын өзі ғана білетінін желеуретеді. Нәтижесінде бала үлкендермен нашар қарым-қатынаста, кез-келген тәрбиелік әрекеттерге қарсылық білдіріп немесе өзін-өзі басқаруды дамытудан қалыс қалуы, шығармашылық қабілетіндегі ынтаның төмендеуі орын алады.
Слайд 20
Бейімделу кезеңінің сәтті өткенін қалай білуге болады?
Сәтті бейімделудің белгілері:
Бірінші — білім
алу процесіне баланың қанағаттануы. Оған мектеп ұнайды, ол сенімсіздік пен қорқынышты сезінбейді.
Екінші —бала мектеп бағдарламасын артық күш-жігерсіз игереді.
Егер әдеттегідай мектеп және бағдарлама дәстүрлі болып, ал, бала білім алу кезінде қиындықтарға тап болып жатса, оған қиын сәтте қолдау көрсету қажет. Бірінші сынып оқушысына алғашқы кезеңдерде жасуға жол бермей жетістікке жету сенімділігін сіңіру өте маңызды, «Қолымнан еш нәрсе келер емес» деген пікірге бойын үйретпеу керек. Әйтпесе мұндай селсоқтықпен ұзақ күресуге тура келеді.