Слайд 1
ЭКСПО:
Кеше. Бүгін. Ертең
ЭКСПО:
Вчера.
Сегодня. Завтра
EXPO:
Yesterday.Today.
Tomorrow
Слайд 2Болашақтың қуаты
Энергия будущего
Energy of the Future
Слайд 3Тұңғыш ЭКСПО
Тұңғыш ЭКСПО-ға қатысқан қазақ
Қазақстандағы тұңғыш ЭКСПО
Слайд 5 1851 жыл, 1 мамыр
Лондон, Гайд-парк
Хрустальды сарай
Слайд 6Тұңғыш ЭКСПО-ға қойылған заттардың кейбірі
Слайд 8
Халықаралық көрме қайдан бастау алды?
Альберт ханзада ойлады:«Әлемнің
әр түкпірінде болып жатқан ғылым мен техника жаңалықтарын бақуатты адамдардың барып көруге, керек болса сатып алуға мүмкіндігі бар, ал басқалар ше?
Әр жерге барып ел аралағанша, 2-3 жылда, әлемнің бір қаласына жиналып, барлық елдердің техникалық, технологиялық жетістіктерін бір мезгілде, бір жерде бірге көрсек қайтеді?»
Осылайша жастайынан ғылымға өте құштар боп өскен Альберт ханзада мен ағылшынның мемлекет қайраткері, кәсіпкер, дизайнер Генри Коулдың инициативасымен тұңғыш рет халықаралық көрме өтіп, 165 жылдан бері жалғасып келеді. Әлемнің әр қаласында 165 жылда 65 рет өткізілді.
Слайд 9Тұңғыш көрме туралы керек дерек
1851 жылы 1 мамырда өтті.
Инициторлар-Альберт ханзада мен
мемлекет қайраткері, дизайнер, кәсіпкер Генри Коул
Альберт ханзада - қазіргі Патшайым ІІ Елизаветаның арғы атасы.(прапрадедушка)
Өткізілген ғимарат атауы – Хрустальды сарай
Тақырыбы: Барлық халықтардың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрмесі
Ұраны: Барлық адамдар адамзаттың дамуы үшін жұмыс жасасын!
Слайд 10Альберт ханзада
Принц Альберт
Prince Albert
Слайд 24
Тұңғыш ЭКСПО-ның тақырыбы:
Барлық халықтардың өнеркәсіптік еңбектерінің ұлы көрмесі
Тұңғыш ЭКСПО-ның ұраны:
Барлық адамдар адамзаттың дамуы үшін жұмыс жасасын!
Слайд 25Париж, 1925 жыл
ЭКСПО :
Тақырыбы: Декоративті өнер және көркемдік өндірістің көрмесі
Тема:
Международная выставка декоративного искусства и художественной промышленности
Слайд 28«Париж-1925» көрмесі туралы керек деректер
Тақырыбы- Декоративті өнер және көркемдік өндірістің көрмесі
(Международная выставка декоративного искусства и художественной промышленности)
Көрмеге 74 жылдан кейін ЭКСПО-ға тұңғыш өнерпаз қазақ Әміре Қашаубаев қатысты.
КСРО-дан баратын барлық адамды И.В.Сталин өзі таңдаған кезде, осы өнерпаз қазақ жігітіне де көңілі толған.
Слайд 30Көрініс
Әміренің
туған жері Семейге оралуы
Слайд 31ЭКСПО ғимараты –Эйфель мұнарасы
Француздың классик жазушысы Ги де Мопассан түскі асты
тек Эйфель мұнарасының 1-қабатындағы дәмханадан ішеді екен. Себебін сұрағандарға: «Осы мұнараның сұрықсыз бейнесі Париждің тек осы жерінен ғана көрінбейді,»-деп жауап береді екен. Әлемнің барлық түпкірінен туристер келіп көретін әйгілі мұнараның бейнесі қиялы ұшқыр классикке аса ұнай қоймаса керек. Әлде?..
Слайд 32 Осы уақытта Францияда тұрып жатқан Мұстафа Шоқай КСРО-дан
барғандармен бірге болып, Әміремен бастан-аяқ бірге жүреді. Парижді аралатады, көрме кезінде көмектеседі. Шын ағалық ниетпен Мұстафа Әміреге костюм сыйлайды. Мейрамханаға шақырып, Ахмет пен Міржақыпқа амандығын айтып, хат жазып беріп жібереді.Бірақ Мұстафаның ізіндегі тыңшылар бұны қалт жібермей, аңдып жүреді.Елге оралғасын Әміренің өмірінен береке кетеді. Саясаттан бейхабар Әміре не боп жатқанын түсініп болмайды.
Слайд 339 жыл бойы тергеуде, аңдуда жүріп, 1934 жылы репрессияның алғашқы құрбандарының
бірі болып, Алматы көшелерінің бірінен желтоқсанның қара суығында мүрдесі табылады. Зерттеуші Николай Ановтың айтуынша Әмірені улап өлтірген.
Парижден күміс жүлдемен оралған әнші , 2 жылдан соң Германиядан да күміс жүлдемен оралды. Париждің баспасөзін шулатқан Әміре , бұл жолы Германияның баспасөзін 2 есе шулатты.
1925 жылы Париждегі ЭКСПО-да Әміре «Балқадиша», «Семей», «Ағаш аяқ», «Жалғыз арша », «Дудар-ай»әндерін орындаған. Қатарынан 11 концерт берген әншіге таң қалмаған адам қалмады.
Слайд 35 Жалпы ЭКСПО туралы
20-ғасырдың ортасына дейін көрме тақырыптары
өндіріс пен технологиялық жетістіктерге арналса, одан былай қарай экология тақырыбы таңдалып келеді. Технологиялық жетістіктердің соңы әлемге апат әкелетінін сезген адамзат баласы қоршаған орта ғана өздері үшін ең маңызды нәрсе екенін түсінді.
165 жылда 65 рет өткізілген.
2 түрі бар: Әмбепап және мамандандырылған
Әмбебеп көрме 5 жыл сайын болады.Онда әр түрлі тақырыптағы экспонаттар қойыла береді.
Мамандандырылған көрмеде тек бір тақырыптағы экспонаттар қойылады.Астанадағы көрме –мамандандырылған көрме. Бір тақырып- «Болашақтың қуаты»
Әмбебап көрме 5жылда бір рет, ал мамандандырылған көрме әмбебап екі көрменің аралығынад 2,5-3 жылда өтеді.
Слайд 40Бельгияның Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, басым дауыспен Астана ЭКСПО өткізу мәртебесіне
ие болды.Дауыс беру 2012 жылы Париждегі ЭКСПО-ның Бас штаб пәтерінде өтті.(ЭКСПО-ның штаб пәтері Францияда)
Қазақстан ЭКСПО-ға 1997 жылдан бері мүше.
2005 жылдан бері тұрақты экспоненет.