Слайд 1Мінезді анықтауға арналған тест
9-11 сынып оқушыларына
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз
келеді ме?
Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде
оқушылар мен жасатады.
Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға,
әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай
мағлұмат алуға болады.
Слайд 2Саусақтарыңызды
бір-бірімен
айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың
бас бармағы
сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса,
параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде
жатса - «1».
Слайд 32. Бір көзіңізді жұмып,
кез келген нысанаға
дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз
ашық қалса, «1» санын жазыңыз,
егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
Слайд 43. Қолыңызды кеудеңізге
айқастырыңыз,
қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың
үстінде жатса, «1» санын жазыңыз,
егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
Слайд 54. Көлденең
шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1»,
егер
оң қолыңыз болса, онда «2».
Слайд 6 Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
Қорытындысын
сандардың
орналасу
тәртібі бойынша
анықтаңыз:
Слайд 7«2222» - (жүз пайыз оңақай) –Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық
ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» -Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.
«2211» -Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.
Слайд 8«2122» -Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті
бойыңыздан суықтық байқалады.
«2121» -Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
Слайд 9«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» -Сіз көңілді, қонақжай
адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
Слайд 10«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына
жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
ІІ бөлім
* Мінезімізді жеміс жидек
арқылы білейік!
* Өзімізді қандай жидеке
ұқсатамыз?
Слайд 12Жағымды тұлға. Ешқашан ешкімге шағымданбайсыз. Адамдарды түзу жолға салып, бағыттайсыз. Өз
әдеттеріңізді өзгертпейсіз. Үлкендерді құрмет тұтасыз. Сізге принціпті алға қою кедергі жасамайды.
Слайд 13Өзіңіздің де, өзгенің де құпиясын сақтай аласыз. Адамдар сізге сенімсіздікпен қарайды.
Тұйықсыз. Сөзіңізде тұратын адамсыз. Ұқыпты адамсыз.
Слайд 14Сіз жұмсақ, мейірімді адамсыз. Сіздің кейбір қылықтарыңыз, әдетте өзімшілдікті көрсетеді. Сіз
жылдам өкпелеп қалатын адамсыз. Орындалмайтынын біле тұра армандауды жақсы көресіз. Өзгелердің пікіріне қосылғыш жалқау адамсыз. Басқалардың сөзіне тез сенесіз.
Слайд 15Мұндай адамдармен дос болған және қарым - қатынас жасаған өте тиімді.
Олар салмақты және достықта адал адамдар. Әзіл - қалжыңды және музыканы ұнатасыз.
Слайд 16Егер сіз алманы жақсы көрсеңіз, онда сіз ескі сән үлгісіндегі адамсыз.
Бастығыңыз сізді құптап, мақтайды. Өйткені, сіз қандай да болмасын тапсырманы жауапкершілікпен орындайсыз. Себепсіз уайымшылсыз.
Слайд 17Сіз нәзік адамсыз. Басқаларды сыйлайсыз. Өзіңізге қауіп төніп тұрғанын сезе тұра,
кез - келген іс - әрекетке дайынсыз. Өзгеге қуаныш сыйлауға әзірсіз. Әзіл айтқанды ұнатасыз. Өзіңізге сенімсіздік танытасыз.
Слайд 18Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табысасыз. Сізге элеганттылық жарасады.
Әдемі киімдерді ұнатасыз және бағалайсыз. Тәуелсіз адамсыз. Қызғаншақсыз.
Слайд 19Жиіркенгіш адамсыз. Сіздің атыңызға айтылған сынды қабылдай алмайсыз. Достарыңыз өте аз.
Слайд 20Мұндай адамдармен қалжыңдаспау қажет. Ішкі сырыңызбен бөліспеңіз. Өте үлкен көлемдегі ақшаны
анарды жақсы көретін адамдарға қарызға беруге болмайды.
Слайд 21Мейірімдісіз. Кешірімдісіз. Сіздің жеке өміріңізге қол сұққан адамдар өте қатты соққы
алады. Достарға доссыз, дос еместерге қассыз. Сіз ешқашан жеңілмейтін адамсыз. Шығармашылық қабілетіңіз жоғары. Жақсы өлең, көңілден шығатын әңгіме жазуға қабілеттісіз.
Слайд 22Сіз эстетик адамсыз. Сіз өзіңізге “ала көзбен” қараған адамдардан алыс жүресіз.
Оқитын кітабыңыз, киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыздың бәрі талғаммен. Махаббатта тұрақтысыз.
Слайд 23“Жаңа-Ертіс орта мектебі”
Мектеп психологы
Сакпанова Эльвира Рамазановна
Назарларыңызға рахмет!