Слайд 1 Катонқарағайлық ақын – жазушылардың шығармаларындағы
табиғат суреттері .
Слайд 2
Бұлттан асып , мұз құрсанып ,
Көк тіреген бұл Мұзтау
М
ұзтау – қос өркешті . Алыстан қарасаң аттың еріне ұқсайды .Қара орманды , қапсал шатқалдардың ажарында Мұзтау ғана қақ күмісше жарқырап жатады ...
Шекесіне ай сәулесі түсіп , жұлдызды аспан астарында сүттей мұнартқан Мұзтау көзді арбайды .
Қардың үсті туған үйдей , құс төсектей көрініп кетті .Мамық қардың бетінде аһылап – үһілеп алшыдан түсіп сұлап –сұлап жатып қалдық .
Әлібек Асқаров
Мұнар тауды , мұзарт шыңды аңсаймын
Слайд 3
Тамыз туа , тау басына бозқырау түсіп ,күн райы
күрт бұзылып жөнелді .Бірөңкей жылбыраған , сүреңсіз жаңбырлы күндер басталып кетті .
Еңсені езген қорғасын тұман,миы шыға езілген топырақ , тұнжыраған боз аспан … Ызғары сүйектен өткен осындай суық күндердің соңы күзге ұласты …
Әлібек Асқаров
Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді
Слайд 4
Әлібек Асқаров
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ,
Катонқарағай
ауданының құрметті азаматы
Слайд 5Иә , қоңыр күз еді.Ақ жауын себелеп тұр .Жол лайсаң .
Алтай өңірінің ең бір жүдеу тартқан көңілсіз шағы . Соқыр тұман оның биік сілемдерін жым – жылас қып жұтып қойыпты.
Енді бөктерлеп келіп, қанат жайып ,күрегейлеп алған .Тау да бірте – бірте аласарып , адырлы жота- қыратқа айналып шөгіп бара жатқан сияқты .
Қалихан Ысқақов
Қоңыр күз еді ...
Слайд 6Сәуір айы – Наурыздан кейін келер .
Қыстан жазға өтуге бейімделер
,
Адамзатқа күншуақ төгіп жүріп ,
Ата- анасы сияқты мейірленер .
Сәуір айы – табиғат күткен айы ,
Бүршік жарар Алтайдың мүк тоғайы ,
Жердің бетін көкорай жаппай жатыр ,
Жаңа шөп жоқ , ескі шөп – түк
қалайы .
Төлеген Рақымжанұлы
Көктем айы секілді гүлдене бер .
Слайд 7 Аудан жақтан бастықтар келіп жиналыс жасайды деген кесімді күні
Мұқырда тағы да қапалақтап қар жауған .
Қапалақтап қарашада жауған қар жер дүниені аппақ көрпеге орап тастады . Бұл Өр Алтайға қыстың келегенінің белгісі еді. Қыстың да қайталанбас көркем әсері болады екен , қармен бірге Мұқыр да жаңа түскен келіндей жасанып шыға келді .
Әлібек Асқаров
( Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді )
Слайд 8 Алтайдың мұқым орман – тоғай , сай – сала
, бұта – қарағайын аппақ мамыққа бөлеп қар жауды .Бұл шақ қарашаның қара суығы ашуын азайтып , тау ішіне үп еткен желсіз , жуас та жұмсақ тыныштық орнаған момын шағы еді .Алғаш рет қыстың таза қары
түскенде , азынаған ызғырық азаятын да , әдемі бір жылылық орнайтын .Міне , биыл кештеу келген есесін алғысы келгендей күні – түні қапалақтап жауып , тізеден келетіндей омбыға айналды .
Алтай қысының да өз сұлулығы , еш жерге ұқсамас ерекше бір әдемі суреті болушы еді .Әсіресе , жалғыз – ақ күнде салаң ете қалатын қысының жұмбақты да , жым –жырт кейпіне қарасаң , көктемге бергісіз жаныңды жарылқар сыршылдығын аңғарасың .
Оралхан Бөкеев
Атау- кере
Слайд 9Қыстың алғашқы айының бір күні еді .Таңертең тұрсам , аппақ болып
қар жауып қалыпты.Кеше ғана қара қожалақ жатқан дала ақ көрпесін қымтанып , ұзақ ұйқыға кеткендей жым –жырт . Қар бетіне иттің ізі ғана түскен . Күн көтеріле , алғашқы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп , ақ сорпасы шығып бусана бастады .
Оралхан Бөкеев
Күлпәштің ұршығы
Слайд 10Оралхан Бөкей
1943-1993
жазушы ,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Слайд 11 Күзгі аспан сынаптай толықсып , аумалы – төкпелі боп тұрады
. Әлгінде ғана балық көз бұлт жоқ әуе әп –сәтте –ақ тұлан , тұтып түнере қалған . Құбыладан жел тұрды .Қарағай басы сусылдап , дүние әлем тапырық күйге көшті . Жел тулатқан айнакөлдің толқыны жағалауды былш- былш ұрғылайды , бірін- бірі қуып жарысады .
Қамшыгер
Алтай күзінің енді ғана басталып , сары ала , қызыл ала , жасыл ала бояу жағынып , жасанып тұрған мезгілі еді .
Құлашаның шоты еді
Оралхан Бөкейдің әңгімелерінен
Слайд 12Шырша мен балқарағай аралас бүйрек- бүйрек белдер көкжиектен Алтайдың биігіне тармаса
шұбыраған кірпілердің жон арқасындай болып көрінді .
Қалихан Ысқақов
Тұйық
Слайд 13Думанды жазым жылыстап ,
Күз кепті суық желімен ...
Қиқулап ұшып төбемде
,
Тырналар кетіп барады.
Қайырды Назырбаев
Күз
Слайд 15 Жер – көк түгел аппақ . Сырғақтың аяғы қарға айналған
екен , жастықтың жүніндей собалаңдаған ақ ұлпада салмақ та жоқ , сыбдыр да жоқ , ызғар сынып , дүние бей – жай мүлгіп тұр .Кеше күн күркіреп еді , бүгін – қар . Ертең қандай боларын кім білсін ....” Түске дейін мүйіз , түстен кейін киіз ” дейтұғын жазға салымның құбылмасы.
Қалихан Ысқақов
Ақсу – жер жаннаты
Слайд 16Жазы жайлау , қысы жұмсақ ішкі жақтың мезгілі қыр көктемінен озып
жүретіні бар , құрттаған қар пұшпақтап таусылып , қалың самырсынның көлеңкесіне қашып тығылған екен .
Қалихан Ысқақов
Ақсу – жер жаннаты
Слайд 17Тау.Орман. Шатқал түбінде жыландай ирелеңдеген жіңішке ақжолақ тұман ; тұман астынан
көкжасыл шыршаның , қураған қарағайдың ұшар басы сойдиып –сойдиып тесіп шығып түр . Тұман астынан тұншыға құмыққан су сарыны естіледі .
Қалихан Ысқақов
Бұқтырма сарыны
Слайд 18Жер де тұман , көк те тұман , орманның боз шымылдығын
қанжармен оссаң да жыртылатын түрі жоқ .
Қалихан Ысқақов
Ақсу – жер жаннаты
Слайд 19.
Көкиірім атанған Ақсу мен Бұқтырманың құйғаны ежелден есіріп жататын әдеті еді
. Шатқал ішін бу кернеп , Бұқтырма бұрқ- сарқ қайнап жатқан сияқты .
Қалихан Ысқақов
Ақсу – жер жаннаты
Слайд 20
Мамыр айы туғалы нөсердің ағыл – тегіл айызды қандыра жауғаны осы
– еді .
Жер –Ана аса риза секілді .Күн күркіреді . Бірақ найзағай ойнаған жоқ . Алтай асқарын жаңғыртып кеткендей болды .
Оралхан Бөкей
Ақмарал
Слайд 21Жаздың жайма – шуақ күні болатын . Алтай табиғаты тотыдай түрленіп
– ақ тұрған .Маралдар әр қойнау мен беткей шағылдарда өріп жүр .Бізід көріп қалса болы , едірейіп –едірейіп тұра қалысады да , зыта жөнеледі .Қызық
Оралхан Бөкей
Тау басында үшеу тұр .