Слайд 1
Емтиханға дайындалу кезінде қалай көмектесу керек.
(қысқаша дәріс)
Слайд 2Психологиялық тренинг
Сәлемдесу мақсаты: Топта жағымды қарым-қатынас болдыру. Қатысушылар өздерін
таныстырып, жанындағы көршісіне тілегін айтып жақсы жылы лебізін білдіреді. Мысалы: Сәлеметсіз бе, Шолпан? Сіз бүгін сондай әдемісіз, мен сіздің әрқашан көңіл-күйіңіз көтеріңкі, әдемі болып жүруіңізге тілектеспін. Менің тілегімді осы қоянмен бірге қабыл алыңыз. Бүгінгі отырыстан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.
Слайд 3Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұзтаздың жауапкершілігін арттыру, ҰБТ –ге
дайындаудағы
ата-ананың, баланың, ұстаздың өзіндік дайындығын қалыптастырудағы үйлесімді жұмысты жолға қою.
Слайд 4Міндеттері:
Оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын арттыру, терең білімді қалыптастыру;
Балалардың ой-өрісін дамытудағы ата-ананың қызметін
қалыптастыру;
Ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті нығайту, әр адамның өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.
Слайд 5- Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы-бала. Бала дербес тұлға.
Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. “Бала нені білсе жастан, ұядан өле-өлгенше соны таныр қиядан” деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр.
Слайд 6
Ата-аналарға тәжірибелік ұсыныстар
“Емтихан” латын сөзінен “сынау” деп аударылады.
Дәл сол сынаудан 11 сынып оқушылары әр түрлі өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар ролі ерекше және де маңызды болады. Өйткені, балаларға ата-ананың психологиялық қолдауы қажет. Бұл өте жауапты жағдайда әркім өмірдегі ең маңызды мәселені ұсынады- қиын жағдайда жігерлілік қабілетін қалыптастыру.
Слайд 7
Ата-аналарға ұсынылатын кеңестер:
Балаларыңызға
сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
•Балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз;
•Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
•Балаңызды ҰБТ-ға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
•Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
•Балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай!!! мадақтап, олардың өз-өзінің сенімін жоғарлатыңыз;
•Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күнтізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
•Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.с.с.
бас миының жұмысын белсендіреді;
•ҰБТ-ның алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
•ҰБТ-дан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда ҰБТ-мен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет!
Слайд 8Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға
үлкен көмек бере алады, бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.
Сондықтан сынып жетекшілердің міндеті, ата-аналарға “балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндетісіз” деп әр ата-ананы мектеп өміріне жақындатқан жөн.
Өз ойымды қорыта келе, құрметті ұстаздар оқушыларға білім, тәрбие беруде ата-аналармен бірлік тауып,үйлесімді жұмыс жүргізілсе, тәлім-тәрбие,оқу-білім нәтижелі болады...
Слайд 9
Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу. (тренинг)
Қатысушылар шеңбер құрып, тұрады.
(доп
беру арқылы жауап береді)
1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4.Балаңыздың сүйікті түсі?
5.Балаңыз спорттың қай түрін ұнатады?
6.Балаңыздың қандай өнерлерін білесіз?