Презентация, доклад на тему Бала бойындағы агрессия (Бастауыш сынып)

Қарастырылатын тақырыптар:Агрессия дегеніміз не?Баладағы агрессияПайда болуы мен себептеріЖасерекшеліктеріНе істеуге болады?Қалай анықтай аламыз?

Слайд 1Бала бойындағы агрессия

Бала бойындағы агрессия

Слайд 2Қарастырылатын тақырыптар:

Агрессия дегеніміз не?

Баладағы агрессия

Пайда болуы мен себептері

Жасерекшеліктері

Не істеуге болады?

Қалай анықтай

аламыз?

Қарастырылатын тақырыптар:Агрессия дегеніміз не?Баладағы агрессияПайда болуы мен себептеріЖасерекшеліктеріНе істеуге болады?Қалай анықтай аламыз?

Слайд 31. Агрессия дегеніміз не?
К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет

және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған.
А. Басс  бойынша  агрессия-  бұл  басқа  адамдарға нұқсан  келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет
А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді
Д.  Зильманн  бойынша  агрессия-бұл  басқа  адамға  дене  жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
 
Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі. Психологияда вербальды және физиологиялық агрессияны бөліп қарастырады, бұлардың әр қайсысының тікелей және жанама түрі бар.
Оларға қысқаша мінездеме берейік:
1. Агрессия дегеніміз не? К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей

Слайд 4 1)Вербальды агрессия.
а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл

әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде кездеседі ("Маған Сауле тиісіп кетті", "Айбек төсегін жинамады", т.б.); көпшіліктің көңілін аудара, айқайлау ("Мазамды алмай, ары кет!", "Маған кедергі жасама", т.б.); агрессиялы фантазия түрінде ("Егер тыңдамасаң, полиция келіп, сені түрмеге отырғызады", "Мен сені қуып жетіп, тістеп, ұшаққа отырғызып, биік таудың үстіне апарып тастаймын, сол жерде жалғыз отырасың", т.б.)  ә) Тікелей вербальды агрессия – балағаттау, қорлаудың вербальды формасы. Балалар арасында бұрыннан келе жатқан тікелей вербальды агрессияның дәстүрлі түрі – ашуын келтіретін келекелер ("Торай", "Жора –ашқарақ", "Ұсқынсыз", "Сұмырай", т.б.)  2)Физиологиялық агрессия. а) Жанама физиологиялық агрессия - өзгеге физиологиялық әрекет арқылы материалды залал келтіруге бағышталған. Бұл өзгенің іс-әрекетін затын бұзуы (басқа баланың құрастырып отырған конструкторын бұзу, салып отырған суретін жырту, т.б.); біреудің затын талқандау болмаса бұзу (бала біреудің ойнап отырған ойыншығын алып, еденге лақтырып, сындырып, оның иесінің көз жасы мен үрейін бақылау). ә) Тікелей физиологиялық агрессия — өзгеге тікелей физиологиялық әрекет арқылы шабуылдап, жарақаттауға бағышталған. Бұл қорқыту түрінде (бала құрбыларына жұдырығын көрсетуі); физиологиялық тікелей шабуылы (балалар төбелесі, тістеу, тырнау, шашын жұлу, суық құрал ретінде таяқты, шаршыларды қолдануы).

1)Вербальды агрессия.а) Жанама вербальды агрессия – құрбыларын айыптап, қорқытуға бағышталған. Бұл әртүрлі айыптау сөз, шағым түрінде

Слайд 6 2. Баладағы агрессия

Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі,

ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін.

2. Баладағы агрессия 		 Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық

Слайд 7 3. Пайда болуы мен себептері

 Баланың өзін агрессивті ұстауының көптеген себептері бар.

Олар:
Баланы ұрғанда;
Мазақ еткенде;
Жағымсыз ойнағанда;
Ата-ананың алдауы;
Ата-аналар баланы екі түрлі моральмен өсіргенде;
Ата-аналардың өз баласы алдында беделі болмағанда;
Ата-аналар балаларының бәрін бірдей жақсы көрмеген жағдайда;
Ата-аналар тарапынан балаға сенім болмағанда;
Ата-аналар балаларымен әңгімелеспегенде;
Достарына үйінің есегі жабық болғанда;
Бала қамқорлықты сезінбегенде т.б.
3. Пайда болуы мен себептері  Баланың өзін агрессивті ұстауының көптеген себептері бар. Олар:Баланы ұрғанда;Мазақ еткенде;Жағымсыз ойнағанда;Ата-ананың

Слайд 8Кейбір балалардың өзін бақылауда ұстауға мүмкіндіктері жоқ немесе өзін бақылауда

ұстауды білмейді. Нәтижесінде олардың сезімі агрессивті мінез-құлық түрінде көрінеді.
Кішкентай баланың агрессиясы қолмен, аяқпен, баспен соғу, тістеу, заттарды лақтыру, затты немесе ойыншықты жою түрінде көрінеді. Баланың темперамент типі немесе генетикалық жағдайы және қоршаған ортадағы ахуал (отбасындағы ахуал немесе стресс! баладағы агрессивтілікті жоғарылатуы әбден ықтимал.

Бала агрессиясындағы көптеген себептердің бірі – ата-ананың қателігі: балаға көңіл бөлмеуінен немесе аз көңіл бөлуінен, баламен сөйлескісі келмеуінен, балаға уақыт таппаудан т.б.
Кейбір балалардың өзін бақылауда ұстауға мүмкіндіктері жоқ немесе өзін бақылауда  ұстауды білмейді. Нәтижесінде олардың сезімі агрессивті

Слайд 94. Жасерекшеліктері
Үш жасқа дейінгі балаларда агрессивті мінез-құлық көбіне ойыншықтар үшін пайда

болады. Балалар тістеуі, түкіруі, итеруі, басқаларды ұруы, түрлі заттарды лақтыруы, айқай-шу шығаруы мүмкін. Осы жаста олардың басқа балалармен қалай қарым-қатынасқа түсуге болады, қалай сабырлық танытиуға болады екенін үйрене бастайтын уақыты.

Үш жастан бес жасқа дейінгі балаларда әдетте физикалық агрессия төмендейді, олар сөздік агрессияны қолдана бастайды. Бұл жаста оларға басқаның пікірін қабылдау қиынға соғады. Олар үшін не нәрсенің болсын жақсы немесе жаман деген нюанстары болмайды. Балалардың ойлауға, жоспарлауға қабілеті жоқ, оларды не істеу керек екендігінің нақты құрылымымен басқару керек. Бұл жаста олар фантазия мен шынайы өмірдің айырмашылығын ажырата білмейді. Олар басқа балалардың қалауын дұрыс түсінбеуі мүмкін және басқа баланың ойынына қосылар уақытта шекараны көріп, ашуға берілуі әбден ықтимал. Бұл дегеніміз оның іс-әрекеті агрессиялық мінез-құлықпен көрінеді деген сөз.
4. Жасерекшеліктері Үш жасқа дейінгі балаларда агрессивті мінез-құлық көбіне ойыншықтар үшін пайда болады. Балалар тістеуі, түкіруі, итеруі,

Слайд 10 5. Не істеуге болады?
Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз, оның мектептегі барлық жаңа

таныстықтарына қуанышты екендігіңізді айтып білдіріңіз.
Онымен құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.
Оған жаңа ойындар үйретіңіз, оны жаңа достарына көрсете алады.
Балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз — қарапайым шай ішу, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының көңілін қымбат ойыншықтармен немесе киіммен «сатып алу» дұрыс емес. Бұлай сіздің балаңыз өзінен өзі басқаларға қажет болуды үйренбейді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының іштарлығына, құптамауына ұшырауы мүмкін.
 Өзіне сенімді, көпшіл бала кез келген жағдайға тезірек әрі байсалдырақ бейімделеді.
5. Не істеуге болады? Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз, оның мектептегі барлық жаңа таныстықтарына қуанышты екендігіңізді айтып

Слайд 11 6. Қалай анықтай аламыз?
Ойын барсында бала әрекетін бақылау әдісі.

Ойын барысында бала

әрекетін бақылау үшін әрбір топта он баладан тұратын топта екі бірдей типтегі ойын қолданылды, оның мәні әрбір бала қандай да бір кезеңде ойыннан тыс қалдырылды.
Ойын барысында әрбір баланың агрессивтілік реакциясы арнайы схема бойынша бақыланып отырды, ол мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Ойынға ену кезеңі;
2. Ойын кезеңі;
3. Ойыннан шығу кезеңі.
Баланың әрбір кезең бойынша әрекеті мынандай катигориялар бойынша жазылып алынды:
1. Бет-әлпеті және жалпы әрекеті;
2. Сөйлеу;
3. Агрессивтіліктің көрінуі;
4. Жанама агрессия.

6. Қалай анықтай аламыз? Ойын барсында бала әрекетін бақылау әдісі.Ойын барысында бала әрекетін бақылау үшін әрбір

Слайд 121. Болат Р. 5 жаста ата-анасы толық отбасынан шыққан. Балада агрессивтілік мінез

байқалады. Ойын үстінде балалармен қарым-қатынасында балада агрессиялы әрекеттің мынадай критериялары байқалады: Қорғаныс агрессиясы - өздігінен балаларға тиіспейді, қоршаған ортадан өзіне қауіп төнгенде, өзін қорғау үшін агрессиялы әрекетке жүгінеді. Осындай жағдайларда – физиологиялық тікелей агрессияны қолданады: қолына түскен затты (тас,ойыншық, кубик т.б.) лақтырып тікелей төбелеске барады. Анықтауымыз қажет: 1. Агрессиялы әрекеттің факторы 2. Агрессияны анықтау диагностикасы 3. Агрессияның түрі 4. Түзету-дамыту жұмыстары
1. Болат Р. 5 жаста ата-анасы толық отбасынан шыққан.  Балада агрессивтілік мінез байқалады. Ойын үстінде балалармен

Слайд 13Жауабы: Баланы мұндай агрессиялы әрекеті отбасы факторларымен байланысты болуы мүмкін, деген

себеппен «Отбасы суреті» әдістемесінен диагностика алынды. Баламен әңгімелесе отырып диагностиканы талдау нәтижесінде: отбасы мүшелері бір-бірімен өте салқын қарым-қатынаста екені, бала өзін отбасы мүшелерімен бірге қабылдай алмайтындығы байқалады, ата-анасы авторитарлық тактикаға көп жүгінетіндігі, агрессивтілігі байқалып тұр. Осындай тұжырымдардың салдарынан, балада пассивті агрессия қалыптасқанын байқадық. Балаға кері әсерді жеңілдетуге бағышталған арт терапиясын, ойындар мен психожаттығулардан жүйеленіп құрылған түзету-дамыту сабақтарының нәтижесінде, онда агрессивтілік әрекетінің азайғаны, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың жақсарғаны көрінді.
Жауабы:  	Баланы мұндай агрессиялы әрекеті отбасы факторларымен байланысты болуы мүмкін, деген себеппен «Отбасы суреті» әдістемесінен диагностика

Слайд 14Әділ Б. 5 жаста. Ата-анасы толық отбасынан шыққан. Айналасындағы құрбыларына өзінің

дегенін жасатамын деген мақсатта әрдайым жанжалдасып қалады. Ешкімге қосылмай өзі оқшау ойнайды. Тікелей және жанама физиологиялық агрессия көп байқалады. Біреудің ойнап отырған ойыншығын алып қою, салған суретін жырту болмаса олармен тікелей төбелеске шығу, ұрып тастау сияқты әрекеттері басым. Анықтауымыз қажет: 1. Агрессиялы әрекеттің факторы 2. Агрессияны анықтау диагностикасы 3. Агрессияның түрі 4. Түзету-дамыту жұмыстары
Әділ Б. 5 жаста. Ата-анасы толық отбасынан шыққан. Айналасындағы құрбыларына өзінің дегенін жасатамын деген мақсатта әрдайым жанжалдасып

Слайд 15Жауабы: «Кездеспейтін жануар», «Социометрия» әдістерін қолдану арқылы диагностика жасау нәтижесінде: балада агрессивтілік

әрекет басым екені анықталды. Баланың лидерлік қабілеті жоғары, эгоистік тәрбие салдарынан агрессивтілік мінез қалыптасқан. Түзету-дамыту сабақтарында агрессияны затқа ауыстыра отырып кері әсерден жеңілдеу салдарынан, ата-анасымен әрдайым кеңес жүргізу
Жауабы: 	«Кездеспейтін жануар», «Социометрия» әдістерін қолдану арқылы диагностика жасау нәтижесінде: балада агрессивтілік әрекет басым екені анықталды. Баланың

Слайд 16Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть