11 ингредиентті 11 мөлдір емес ыдысқа бөліңіз. Ыдыстарға этикетка басып шығарып, жапсырыңыз. Суы бар контейнердің жанына тұзды қойыңыз.
1.
2.
Егер мүмкін болса, суы бар контейнердің айналасындағы орындықтарды оқушылардың интерактивті сабаққа
қатысуына ыңғайлы
болатындай қойыңыз.
3
4
Жер халқының өсуіне орай Әлемдік мұхитта болған өзгерістер туралы әңгімелеп беретініңізді оқушыларға түсіндіріңіз. Суы бар контейнер – Әлемдік мұхитты, оған қыстырылған қыстырғыш – әңгіме бастауы болатын алғашқы 500 миллион адамды, ал оқушыларға таратылған ыдыстар мұхит экожүйелерінің денсаулығына әсер ететін антропогендік факторларды білдіретінін түсіндіріп беріңіз. Сонымен қатар қазіргі уақытта мұхиттарда тіршілік ететін тірі ағзалардың бес түрінің контейнерге қыстырылған карточкаларына оқушылардың назарын аудартыңыз.
Ескертпе: таратылатын заттардың саны 29 оқушыға есептелген (11 ыдыс + 5 карточка + 13 қыстырғыш). Егер сыныпта 29 оқушыдан аз болса, «артықтарды» өзіңіз қыстырғышпен қыстырыңыз. Егер сыныпта 29-дан артық оқушы болса, сыныпты объектілер бойынша командаларға бөліңіз және объектісі жоқ оқушыларды әкімшілік лауазымдарға тағайындаңыз (мәселен, командалар капитандары).
5.
6.
Бөлінген сөздерге екпін жасай отырып, әңгімені оқыңыз. Оқушылардың жоғарыда айтылған нұсқаулықты орындауға үлгеруі үшін, бөлінген сөздерден кейін кідіріс жасауды ұмытпаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтарға көшіңіз. Оқушыларға Әлемдік мұхит проблемалары мен оларды шешу жолдарын қалай көретіндерін сипаттауға ұсыныңыз. Ұстанымдары дәлелді болуға тиіс екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз.
7.
8.
9.
Үй тапсырмасы
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть