Презентация, доклад мастер-класс Кейс технология на уроках Основы права

Содержание

Тарихы Технологияның атауы латынның casus – шытырман оқиға; сондай-ақ ағылшынның case- портфель сөздерінен шыққан. Терминдердің шығу тегі технологияның мағынасын көрсетеді. Оқушылар мұғалімнен құжаттар пакетін (кейс)

Слайд 1Құқық негіздерін оқыту үрдісіндегі кейс технология

Құқық негіздерін оқыту үрдісіндегі  кейс технология

Слайд 2 Тарихы

Технологияның атауы латынның casus – шытырман оқиға; сондай-ақ ағылшынның case- портфель сөздерінен шыққан. Терминдердің шығу тегі технологияның мағынасын көрсетеді. Оқушылар мұғалімнен құжаттар пакетін (кейс) алады және сол берілген құжаттардың көмегімен мәселені ашып, оны шешу жолдарын көрсетеді немесе мәселе анықталған болса, онда жағдаятты шешудің нұсқаларын дайындайды.
Тарихы  Технологияның атауы латынның casus –

Слайд 3
Оқытудың кейс әдісі АҚШ-та Гарвард университетінің бизнес мектебінде

пайда болған. 1920 жылы кейстер жинағы басылып шыққаннан кейін, Гарвард университетінің менеджментті оқыту жүйесі толығымен case study – нақты өмірде болған жағдаяттарға негізделген оқытуға ауыстырылды.
Оқытудың кейс әдісі АҚШ-та Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. 1920 жылы кейстер жинағы

Слайд 4Кейс – бұл біртұтас ақпараттық кешен.
Теория – кейске талдау жасауға

қажетті көмекші ақпарат
Практика (мысалдар) – нақты жағдаяттың сипаттамасы
Тапсырма
Рефлексия

Баспа кейс

Мультимедиалық кейс

Бейне кейс

Кейс – бұл біртұтас ақпараттық кешен. Теория – кейске талдау жасауға қажетті көмекші ақпаратПрактика (мысалдар) – нақты

Слайд 5Кейсті құру
Мына сұрақтарға жауап бер:
Кімге және неге кейс жазылады?
Оқушылар неге үйрену

керек?
Бұдан қандай тәжірибе алады?

Осыдан кейін мына жолды ұстан :

Осы кейспен жұмыс істеу барысындағы күтілетін нәтижені анықтау (бағалау)

Кейсті құруМына сұрақтарға жауап бер:Кімге және неге кейс жазылады?Оқушылар неге үйрену керек?Бұдан қандай тәжірибе алады?Осыдан кейін мына

Слайд 6Оқытудағы іс-әрекеттер реті

Оқытудағы іс-әрекеттер реті

Слайд 8Әдістер мен и стратегиялар (кейс түрлері)
Инцидент әдісі;
Іскер корреспонденцияны талқылау әдісі;
Жағдаятты талдау әдісі;
Рольдік

ойындар әдісі;
«IDEAL» стратегиясы.




Әдістер мен и стратегиялар (кейс түрлері)Инцидент әдісі;Іскер корреспонденцияны талқылау әдісі;Жағдаятты талдау әдісі;Рольдік ойындар әдісі;«IDEAL» стратегиясы.

Слайд 9 Іскер корреспонденцияны талқылау әдісі
Оқушылар мұғалімнен кейс алады.

Онда жағдаяттың сипаттамасы, қалыптасқан мәселені шешуге көмек беретін құжаттар пакеті(қажетті ақпаратты жинақтау үшін аталған мәселеге қатысы жоқ материалдарды да қосуға болады), шешім шығаруға ықпал ететін сұрақтар салынады.

Іскер корреспонденцияны талқылау әдісі    Оқушылар мұғалімнен кейс алады. Онда

Слайд 10Топтарға тапсырмалар
«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты

жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмілетке толмағанын сылтауратып, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермей қойды» (Әкімшіліктің іс-әрекетіне құқықтық баға бер, дәлелдер келтір).

«Жұмысты ұзақ іздеген Әлібек, ақырында, бір фирмамен еңбек шартын жасауға келісті. Әлібек бәріне де көнеді. Алайда фирманың директоры мерзімінен тыс жұмыстар болуы мүмкін екендігін, мерзімінен тыс қалай және қанша істейтінін басшылық шешетінін ескертіп, жалақының да өзгеріссіз қалатынын айтты». (Әкімшілік ұсынған шарт еңбек заңнамасына сәйкес келе ме? Жауабыңды дәлелде.)

«Зауытта апатты оқиға болады. Іс жүзінде барлық дерлік ұжым мерзімінен тыс жұмысқа тартылды. Кешкісін колледжде оқитын он жеті жасар Нұржанға ауысымнан кейін жұмыста қалуға талап қойылды. Сонымен бірге кадр бөлімінің маманы өздерінде Нұржанның сабақ кестесі барын айтады.Бүгін сабақ жоқ, сондықтан ол егер мерзімінен тыс жұмыстан бас тартса, оныкі заңсыз болады деп мәлімдеді».
(Он жеті жасар Нұржанға әкімшіліктің талабы орынды ма? Неге? Дәлелде)

Он алты жасар Қасым фирмада істейді, жүк жеткізіп, басқа да «ауыр» дене жұмыстарын атқарады. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Бухгалтер, біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте, екіншіден, Қайрат қалай болғанда да
директордың алыстан келетін туысы, деп жауап береді.
 
(Бухгалтердің дәлелдері қаншалықты қаншалықты заңды? Қайратқа қандай құқықтық көмек берер едің)
Топтарға тапсырмалар«Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек

Слайд 11Бағалауға ұсыныс
Топта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келеді
Кем дегенде 1-2 заң

бұзушылықты анықтайды;
Мәселені шешудің кем дегенде 1-2 жолын көрсетеді
Нақтылық. Екіұшты жауап болмауы керек;
Тапсырманы орындау барысында теориялық білімін пайдаланады;
Әр анықталған заң бұзушылық кем дегенде 1-2 заң бабымен дәлелденеді.

Бағалауға ұсынысТопта ситуациялық сұрақты талдайды, ортақ пікірге келедіКем дегенде 1-2 заң бұзушылықты анықтайды;Мәселені шешудің кем дегенде 1-2

Слайд 12 Инцидент әдісі

Бұл әдістің ерекшелігі, оқушы шешім шығаруға ақпаратты өзі табады. Оқушылар

елдегі, белгілі бір ұйымдағы жағдайға байланысты қысқа хабар алады. Шешім шығаруға ақпарат жеткіліксіз, сондықтан оқушы қажетті ақпараттарды жинауы және талдауы тиісті.
Инцидент әдісі Бұл әдістің ерекшелігі, оқушы шешім шығаруға ақпаратты өзі табады. Оқушылар

Слайд 13Жемқорлықпен күрес
Бейне баянға сұрақтар:
Мәселе неде?
Мемлекет оны қалай шешуде?

(нақты іс-шаралар, заңдар, статистика)
Мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынар едің? (әлемдік тәжірибені ескер,
неге және не үшін?)




https://www.youtube.com/watch?v=Jm4IqsjASZo


Жемқорлықпен күресБейне баянға сұрақтар:Мәселе неде? Мемлекет оны қалай шешуде?   (нақты іс-шаралар, заңдар, статистика)Мәселені шешудің қандай

Слайд 14 Жағдаятты талдау әдісі
Әлемдік тәжірибеде ең кең таралған әдіс, себебі

күрделі жағдаятты терең және бүге-шегесіне дейін зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушыларға жағдаятты жан-жақты сипаттайтын мәтін және шешуді қажет ететін тапсырма беріледі. Мәтінде дұрыс-бұрыстығын талдау үшін қабылданған шешімдер мен іс-әрекеттер болуы мүмкін.
Жағдаятты талдау әдісі   Әлемдік тәжірибеде ең кең таралған әдіс, себебі күрделі жағдаятты терең және

Слайд 15 «Сенің таңдауың»
Сабақтан кейін бірінші курс студенті С (16 жаста)

киім ілетін жерден бөтен біреудің былғары кеудешесін алып кетті.

«Сенің таңдауың»   Сабақтан кейін бірінші курс студенті С (16 жаста) киім ілетін жерден

Слайд 16Топтарғы тапсырма
Бірінші топ: “Құқық бұзушының ата-анасы”.
Сізге баланыздың ұрлық жасағаны және жәбірленушінің

ата-анасы полицияға шағым жазбақшы екені белгілі болды. Сіздер не істейсіздер:
1. Жәбірленушінің ата-анасына шағым жазбауды сұрайсыз;
2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;
3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.
Екінші топ: “Құқық бұзушы оқитын оқу орнының әкімшілігі ”.
Сіздерге жәбірленушінің ата-анасы жолықты және осы оқу орнының студенті С үстінен полицияға арыз жазатының мәлімдеді.Сіздер не істейсіздер:
Ата-аналарға арыз жазбауды сұрайсыз және мәселені оқу орнының қабырғасында шешуді ұйғарасыз;
2. Жәбірленушінің ата-анасының іс-әрекетімен келісесіз;
3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.
Үшінші топ: “Полиция қызметкерлері”.
Жәбірленушінің ата-анасы былғары кеудешені ұрлаған адамды тауып беру туралы арыз береді. Айыптыны таптыңыздар . Сіздер не істейсіздер:
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартасыздар;
Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығарасыздар;
Материалды кәмелетке толмағандар ісі инспекциясына бересіздер.
Төртінші топ: “Сот”.
Сіз кеудешені кәмелетке толмаған 16 жасар жеткіншек ұрлағаны туралы істі қарастырудасыз. Қандай үкім шығарасыздар:
2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз. Бірақ үкімді орындау бір жыл кейін қалдырылады;
2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарасыз
Басқа шешім шығарасыздар
Бесінші топ: “Жәбірленушінің ата-анасы”.
Сіздерге құқық бұзушының ата-анасы ұрланған кеудешені алып келді және полициядан арызды қайтып алуды өтінді. Сіздер не істейсіздер:
Арызды қайтып аласыздар;
Арызды қайтып алмайсыздар;
Басқадай іс-әрекет қыласыз
Алтыншы топ: “Құқық бұзушының курстастары”.
Сіз ойламаған жерден қылмыстың куәсі болдыңыз. Сіздерге топқа тергеуші келіп тергеуге көмек беруіңізді сұрады. Сіз не істейсіз:
1. Үндемей қаласыз;
2. Көргеніңізді айтасыз;
3. Басқадай іс-әрекет қыласыз.

Топтарғы тапсырмаБірінші топ: “Құқық бұзушының ата-анасы”.Сізге баланыздың ұрлық жасағаны және жәбірленушінің ата-анасы полицияға шағым жазбақшы екені белгілі

Слайд 17Жалпы сыныптық талқылау сұрақтары
«Жұмсақ» шешімдер шығаруға не түрткі болды?

«Рақымшылық -

игі қағидат, бірақ оны ойланбай пайдалану кейбір адамдарда жазасыздық сезімін тудыруы мүмкін»
Жалпы сыныптық талқылау сұрақтары«Жұмсақ» шешімдер шығаруға не түрткі болды? «Рақымшылық - игі қағидат, бірақ оны ойланбай пайдалану

Слайд 18IDEAL
I – мәтінде қойылған басты мәселені анықта
D – оны сипатта (қалай

және неге туындады?)
E – мәселені шешу жолдарын анықта
A – іс-әрекет (шешіңіз)
L – қорытынды шығарыңыз (үйреніңіз), жұмысыңызға кері байланыс жасаңыз
IDEALI – мәтінде қойылған басты мәселені анықтаD – оны сипатта (қалай және неге туындады?)E – мәселені шешу

Слайд 19Балалығы ұрланған балғын өмір

Балалар құқықтарын қорғау органдарының мамандары жүргізген тексеру нәтижесі

Қазақстанда ауыр және қауіпті жұмысқа тартылған балалар санының азаймай отырғандығын көрсетті. Расында да, әлі де болса балалардың жазғы демалысы уақытында түрлі ауыр жұмыстарға жегілетіні баршаға аян. Балалардың жұмыс күші арзан болғандықтан, оны пайдаға асыратын кәсіпкерлердің бар екені тағы да рас. 
 
I – мәтінде қойылған басты мәселені анықта
D – оны сипатта (мәнің көрсет)
E – мәселені шешу жолдарын анықта (бағыттарын көрсет)
A – іс-әрекет (шешіңіз)
L – қорытынды шығарыңыз (үйреніңіз), жұмысыңызға кері байланыс жасаңыз.

Балалығы ұрланған балғын өмір Балалар құқықтарын қорғау органдарының мамандары жүргізген тексеру нәтижесі Қазақстанда ауыр және қауіпті жұмысқа

Слайд 20 Кейс технологияны қолданудың артықшылықтары
Оқыту басымдығы дайын білімді алуға емес, білімді өздігінен

игеруге бағытталады.
Оқушылар мәселелерді шешудің өмірлік тәжірибесін алады, оларда теориялар мен концепцияларды нақты өмірмен байланыстыру мүмкіндігі туады.
Оқушыларда басқа адамдарды тыңдау және түсіну, команда да жұмыс істеу дағдылары дамиды.
Белгілі бір мәселеге әр түрлі қарама-қарсы пікірлер білдірілетін, күн сайын ақпараттар ауқымы өсіп келе жатқан бүгінгі замаңда кейс технологияны пайдалану маңызды, себебі бұл әдіс ақпараттармен жұмыс істеуге және балама шешімдерге баға беруге мол мүмкіндіктер береді.
Оқушыларға өмірде логикалық ойлау, жауаптарды дәйектеу, ой қорытындылар жасау, өз пікірін қорғау сияқты дағдылар қажет болады.


Кейс технологияны қолданудың артықшылықтарыОқыту басымдығы дайын білімді алуға емес, білімді өздігінен игеруге бағытталады.Оқушылар мәселелерді шешудің өмірлік

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть